Жеке көліктерді тексеруден өткізудің қажеті бар ма?

Жеке көліктерді тексеруден өткізудің қажеті бар ма?

Соңғы жылдарда темір тұлпар төңірегінде талай даулы мәселелер болды. Бірде ел аумағына ескі көлікті кіргізбейміз десек, енді бірде оң рөлді көлікті маңайлатпаймыз деп даурықтық. Ал енді біреулер жүргізуші куәлігіне талон тіркеймін деп таяқ жеді. Ал дәл бүгінгі күні Кедендік одаққа кіріп, шетелдік көлік бағасы бір қымбаттаса, енді Еуро-3 стандартын енгіземіз деп, базардағы көлік бағасы тағы бір сатыға секірді. Оған қоса бір кезде ІІМ – нің құзыретінде болған көлікті техникалық байқаудан өткізу Көлік және коммуникация министрлігінің еншісіне өтіп, ескі көлік екі рет техникалық тексеруден өткізіліп, байқау бағасы үш есеге артпақ.
Ұсынылған заң жобасында көрсетілген жаңа тәртіпке сәйкес, Үкімет техникалық байқауды жүргізудің тәртібі мен мерзімін бекітсе, Ішкі істер министрлігі автокөлік құралдарын желі бойынша бақылайды. Ал Көлік және коммуникация министрлігі міндетті техникалық байқауды жүргізу бойынша стансылар ұйымдастыру мен бақылауды қамтамасыз етпек. Заңды 2011 жылдан бастап енгізу жоспарланып отыр. Алайда заңның күшіне енуін келер жылдың 1 шілдесінен бастау жайлы да сөз болуда. Өйткені Көлік және коммуникация ми­нистр­лігіне қалалар мен аудандарда тиісті техникалық байқау орталықтарын ұйым­дастыруға, сонымен қатар оларға тех­никалық байқау желілерін қажетті мөл­шерде ашуға, мамандарды оқытуға бір­шама уақыт қажет болмақ.
Иә, мұндай жаңалықты таяуда көлік және коммуникация вице-министрі мәлім етті. Тағы қосып айтар жайт – өкілетті министрлік өкілінің айтуына қарағанда, жаңа көліктер екі жылда бір рет техникалық байқауға қатысар болса, ал шыққан мерзімі 12 жылдан асқан көлік бір жылда екі рет тексеруден өтетін көрінеді. Және тех­никалық тексеру бағасы үш есеге артпақ. Көлік және коммуникация министр­лігінің пайым­дауынша, бұл бәсекелестік орта қалыптастыру үшін жасалып отырған қадам екен. Бірақ бәсекелестікті арттыру үшін бағаны өсірудің қажеті қанша және бәсекелестік ортаны қалай қалыптастырмақ екенін біле алмадық. Ал халықтың басым көпшілігінде көліктердің ескі екенін ескерсек, мұны халық игілігі үшін жасалып жатыр деп айту қиын. Бұл жұмыртқадан жүн қырқып үйренгендердің әрекетіне ұқсайды. Олай демеске шара жоқ. Әйтпесе техникалық байқаудан өткізу тәртібі мен тәсілі өзгере қоймаса да, бағаны өсіруге не себеп? Жоқ, әлде Көлік және коммуникация министрлігі мамандары құжатты алтын сиямен толтыра ма екен? Жоқ, болмаса тексеру өткізгенде темір тұлпарыңызды жуып-тазалап бере ме?
Министрлік мамандарының мұндай ұсынысы халық қалаулыларына да ұнай қоймапты. Олардың айтуына қарағанда, ұсынылған заңның шикі тұсы көп кө­рінеді.
Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Кез келген заң халық игілігіне жұмыс істеуі керек. Ал Көлік және коммуникация министрлігі ұсынып отырған мына заңның көңілден шықпайтын тұстары көп. Қалай бәсекелестік орта қалыптастырмақ екені де белгісіз. Олар ертең-ақ өздерінің бақылау орталығын құрып, көліктерді өздерінің жөндеу орталықтарына жіберіп, нағыз жеке-дара монополист болып алуы ық­тимал. Мен кейбір елдердің жеке жеңіл көліктерді техникалық байқаудан өткізбеу тәжірибесімен де келісемін. Бәріміздің де көлігіміз бар. Бір жерінен ақау сезсек, тез арада жөндеу орталығына барамыз ғой. Бұл да – ойланатын мәселе. Белгілі бір уақыттан кейін біз де соған баруымыз керек шығар.

Кейбір мамандар «жеке жеңіл кө­ліктерді техникалық тексеруден өткізудің мүлдем қажеті жоқ» дейді. Олардың уәжі де жоқ емес. «Әрбір көлік иесі темір тұлпарын өзінің қауіпсіздігі үшін жөндеу орталық­тарында тексеруден өткізіп оты­рады» – дейді олар. Мұндай тәжірибе кей­бір ел­дерде бар көрінеді. Ол елдерде тек жүк көліктері мен қоғамдық көліктер техникалық тексеруден өткізіледі, ал жеке жеңіл көліктер мұндай байқаудан өтпейді екен.
Вадим, Көлік жөндеу орталығының маманы:
– Азаматтардың жеке жеңіл көлігін тех­никалық тексеруден өткізу неге қажет екенін білмеймін. Өйткені ақау пайда болса, жүр­гізуші өзі үшін жөндетеді. Кейде техникалық байқау кезінде «тексеруден өте алмадым, мына бөлшекті ауыстырмасаң болмайды деп сіздерге жіберді» деп, көліктерін жөндетуге алып келеді. Тексеріп қарасаң, сәл ғана босаңсыған. Онымен әлі 20-30 мың шақырым жүруге болады. Бұл – көлік иесіне тек қосымша шығын. Ал 2-3 мың теңгесін берсе, тексеруден өткізеді. Өйткені ондай ақаудың қауіпсіз екенін сол жердегі мамандар да біледі. Сол арқылы табыс табуды көздейді. Сондықтан жеке жеңіл көліктерді техникалық тексеруден өткізу – халықтың уақыты мен ақшасын босқа сарыптау.

Расында да, көліктің техникалық та­лап­қа сай екенін бір жапырақ қағаз ғана ай­қын­дайды. Жол полициясы қызмет­керлері жолда келе жатқан көліктің астына түсіп тексермейді, қолыңыздағы «тексеру­ден өткен» деген талон болса болғаны. Ал тіпті тексеруден өткен көлік арада бір апта өткен соң талапқа сай болмай қалуы мүмкін. Өйткені біздің жолдардағы шұң­қырларға екі-үш рет түсіп шықсаңыз жетіп жатыр. Мұндай жағдайда көлік иесі «келесі жылы техникалық байқаудан өткенде көлігімді жөндеймін» деп күтіп жүрмесі бе­сенеден белгілі. Ол өзі үшін көлігін жөндетіп алады. Өйткені қазір көлікті жөн­деу орталықтары да, көліктердің қосалқы бөл­шектері де жетерлік. Сонда қарап тұрсаңыз, көлікті техникалық байқаудан өткізу формалды сияқты. Онда «жеке жеңіл көліктерді техникалық тексеруден өткізудің қажеті қанша?» деген сауалдың туындауы заңды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста