ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМНІҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫНА КІМ ЖАУАПТЫ?

03.09.2019 ж. Ұлжан шағын ауданында, Күреңқұлақ, 361 мекен жайы бойынша сағат 17:45 шамасында 12 жасар Келгенбаев Заңғар деген баланың ойнап жүріп қолын сындырып алғаны, сынықтың ауыр науқасқа жататыны, білегінің, саусақтарының ісіп кеткені туралы ақпаратты 103 жедел жәрдем көлігіне хабарлап, олардың тез жетуін өтіндік. Диспетчер қыз жедел жәрдемнің кеткені туралы хабарлама берді. 20 минуттан соң тағы да хабарласып, жедел жәрдемнің неге кешігіп жатқаны туралы сұрадық. Бірақ, телефон көтерген диспетчер қыз біздің мекен жайға жедел жәрдемнің кетпегенін, жедел жәрдемнің басқа бағыттардан босамай жатқанын айтты. Сонда өтірік ақпарат беру не үшін қажет болды оларға. Біз қолдарының саусақтарына зақым келген баланың шырқырап жылап жатқанын айтып, жедел жәрдемді тезірек жіберулерін қайта өтіндік. Бірақ, диспетчер жедел жәрдем бос емес деп телефонды тастай салды. Біз 103 нөміріне қайта хабарластық, линия бос емес болып, бізге міндетті түрде қызмет көрсетілетіні туралы автоответчик жауап беріп жатты. Оның өзі де 3-4 минутқа созылды.
Сағат 20:15 минутта жедел жәрдем келді. Ұлжан шағын ауданына жақын маңдағы №23 емханасының фельдшері екен. Қасымжанова Гаухар. Келе сала Қасымжанова баланың қолдарын суретке тартып алғашқы көмек көрсетудің орнына 103 жедел жәрдем шақырту орталығымен дауласуға көшті. Қасымжанованың айтуынша, ауыр жарақаттағы адамдарды емханаға жеткізу оның міндетіне жатпайды екен. Ол тек жеңіл, жай ғана науқастарға қызмет көрсетеді екен. 4 категориялы науқастарды қарауға №23 емхана қызметкерлері міндетті емес екен. 30 минуттан аса бізге өзінің принциппен жүретінін дәлелдеп, 103 нөміріндегі диспетчерлермен, кезекші дәрігерлермен дауласқан Қасымжанова Гаухарды оның тікелей бастығы №23 емхананың Бас дәрігері Сәуле Хатовна да телефонмен сөйлескен кезде қорғады. Сәуле Хатовна Қасымжановаға сенің міндетің емес, баланы қалдыр да жүре бер. Протокол толтырса, өзім жауап беремін деді. №23 емхананың дәрігері Ғабит Булатович деген кісі де Қасымжанованың іс-әрекетін дұрыстаған болу керек. Ал бастығы Сәуле Хатовнадан бұйрық алған Қасымжанова шырылдап жатқан баланың қиналғанына қарамай, тағы да жедел жәрдем шақыртыңдар деп баланы емханаға жеткізуден бас тартып, онысын өзі растап, қолхат та жазып беріп, ештемеден қорықпайтынын, тек қана өзінің тікелей бастығына бағынатынын, оның кез келген ситуациядан қорғап алатынын айтып кетіп қалды.
103 жедел жәрдем шақырту орталығының кезекші дәрігері Адуанова деген кісі (8 727 2797331) Қасымжановамен дауласып, біздің баланың жағдайының қиындап жатқанын айтқанымызға қарамай, өздерінің принциптерін дәлелдеп, қайта № 23 емханасына хабарласып, соларға олардың міндеттерін түсіндірумен тағы да уақыт созды. Бала болса, қиналу үстінде.
№103 жедел жәрдем диспетчерлерінен тек қана Мырзабекова Гүлшат Шәкенқызы ғана өзін толық таныстырып, барлық ақпаратты бүкпесіз айтты. №62 линия қызметкерлері не өздерін таныстырмады, не дұрыс жауап бермеді (03.09.2019 ж. Сағат 21:45). Сонда жедел жәрдем шақырту орталығында отырғандар көшеден алып келген адамдар ма, адамның өміріне бейқам қараса, айтылған ақпараттарды жылдам жеткізуге тырыспаса, несіне қызмет жасап отыр олар?
22:25 кеткен кезде қайта шақыртылған жедел жәрдем келді. Фельдшер Аким Аманов, бригада нөмірі 3-23. Олар кел сала баланың құжаттарын алып, тез қағаз толтырып, артық сөзсіз Алматы қаласынадағы емханаға алып кетті.
«Закрытый перелом костей» деген ауыр жағдайдағы балаға (саусақтары дегенмен, баланың қолдары сыздап ауырып, ісік білегінен шынтағына қарай жайылып бара жатты.) осылай жауапсыз қараған 103 нөміріндегі шақырту орталығының диспетчерлеріне, кезекші дәрігері Адуановаға және тек қана өздерінің принциптерімен ғана жүретін, адам өміріне жауапкершіліктері жоқ №23 емхананың Бас дәрігер Сәуле Хатовнаға, Ғабит Булатовичке, сол емханада қызмет істейтін, ешкімнен қорықпайтын фельдшер Қасымжанова Гахарға адам өміріне бейқам қарағандары үшін және науқастың жағдайының нашарлағаны үшін жауапқа тартылуына құзыретті органдар қандай шаралар қолданады? Әлде тек қағаздағы принциптері мен заңдарына сүйенген 103 диспетчерлері, №23 дәрігерлері мен фельдшеріне расымен де ештеме болмайды ма? Адам өміріне араша түсу және адам өміріне қауіпті жағдайда алғашқы көмекке келетін біздің жедел жәрдемнің мына әрекеті қандай заңмен қаралуы керек? Әлде бізде оларды жауапқа тартатын мемлекеттік орган, заң жоқ па? Мүмкін ондай жерлерде тек қана жоғарыда отырған көкелері бар адамдар қызмет атқарады ма?
2 сағат бойы жедел жәрдемді шақыртып, саусақтарына зақым келіп, жабық түрде сынған баланың тағдыры қыл үстінде тұрды. Гиппократқа ант беріп, Қазақстан Республикасының жауапты мамандығы дәрігерлікті таңдаған Алматы қаласының Жедел Жәрдем көрсету орталығында осындай өздерінің міндеттерін дұрыс атқармайтын, адамның денсаулығына қарамай тек қана жеке бастарының қамын ойлайтын қызметкерлер жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігіне, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасына осындай жауапсыз қызметкерлерге (103 жедел жәрдем шақыру орталығының диспетчерлері, 103 кезекші дәрігер Адуанова, №23 емхана Бас дәрігері Сәуле Хатовна, Ғабит Булатович, №23 емхана фельдшері Қасымжанова Гаухарға жаза қолданып, оларды қоғамдық қызмет көрсету жұмыстарынан шеттетулерін өтінеміз. Бұл қызметкерлердің қанша жедел жәрдемге мұқтаж жандарды жылатқанын анықтауларын да өтінеміз. Өйткені, мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауы үшін, науқастардың қауіпсіздігі үшін адам өміріне жауапты адамдардың Қазақстан Республикасының заңы бойынша жазаға тартылғандары дұрыс.

Келгенбаев Нұрболат
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста