Жасық жігіттер қайдан шықты?

Қазақ төріне қызын отырғызады. Бар жақсысын қызының аузына тосады. «Жат жұрттық, қыз қонақ» деп ең алдымен қолында барымен қызын риза қылғанды жөн көреді. Сол үрдіспен соңғы кездері қазақ қызын оқытуға аса көңіл бөлетін болды. Қолындағы соңғы сиырын сатып болса да қызын оқытып, мамандық алып беруге тырысады. Сондағысы «барған жерінде қор болмасын» деген ой. Ал ер баласын «қолымызда ғой әйтеуір нан тауып жер» дейді. Осы бір әлеуметтік жағдай, теңсіздік соңғы кездері ұлтымыздың тұрмыс тіршілігіне, психологиясына, жанұясына айтарлықтай әсерін тигізіп тұр.
Статистика көрсеткендей Жоғары Оқу Орындардағы қыз балалардың үлесі де (65 пайыз) басым екен. Санамалап көрсек колледждерде қыздардың үлесі тіпті жоғары екен. Мейлі ғой оқысын, білімді болсын. Қыздарымыз білімімен таң қалдырып, елдің дамуына үлес қосып жатса несі жаман?! Алайда осы бір нәрсе үлкен мәселеге себепші болып тұрғандай.
Жазда ауылға бардым. Мектеп пен ауылдық емханада, ауруханада жұмыс істейтіндердің 95 пайызы әйел адамдар екен. Ал солардың барлығының дерлік жолдастары жоғары білімі жоқ, екі қолға бір күрек, яғни жұмыс жоқтықтан ішімдікке әуес бола бастаған отағасылар екен. Әйел адам сырты нәзік көрінгенмен, жан дүниесі қайратты, уақытқа тез бейімделеді дегенімізбен, ер адамдардың табиғатына сай қамқорлық көрсете алып отырмыз ба? Маманданбаған адамның қызмет таба қоюы да қиындау, ал айналысатын ісі жоқ ер адам ішімдікке әуес болмағанда қайтеді?! Тағы бір байқағаным, анамның тілімен айтқанда ауылда «бес теңге болса да үйіне ақша кіргізген адамның би екенін» байқадым. Яғни «әйел би» екен көп үйде. Тіпті ауылда екі-үш үйдің келіні ажырасып қалаға кетіп қалыпты. Ішпейтін, шекпейтін қорасындағы мал басын көбейтсем, сол арқылы әке-шешемді бақсам деп жүрген жігіттерге жарларының қояр кінәсі «оқымаған, дипломы жоқ» екен. Ал өздері медбикенің болсын дипломын алған көрінеді.
Қаладағы жағдай да оңып тұрған жоқ. Жақында жасы 30-дан асқан, әлі тұрмыс құрмаған, астында көлігі бар, үй салып алмаса да қаржысын жинап жүрген құрбымды ортаға алдық. Сондағы айтатынымыз «машина күйеу болмайды, ақша бала болмайды, кеш те болса тұрмысқа шық». Жасы сол қыздан 1-2 жас үлкен, ішімдікті татып алмайтын, пәтер жалдап тұратын, етікшілік кәсібімен нанын тауып жүрген, иманды, бір адамдай сымбаты да бар жігітті ортақ таныстарымыз арқылы таныстырдық та. Құрбымыз бір көргеннен ұнатты. «Қасында ұялмай жүруге болатындай түрі де бар екен. Намаз оқитыны тіпті ұнап тұр. Болды» деді қуаныштан көзі жайнап. Біз де әйтеуір бір шаңырақтың көтерілетініне, құрбымыздың жалғыз қалмайтынына қуанып қалдық. Алғашында «онсыз да көп уақыт жоғалттық, ол да 35-ке келіпті. Көп уақыт созбай күзге салым отау құрсақ екен» деп жүрген құрбымның біраз уақыттан соң түрі салыңқы көрінді. «Той жасамасам қалай деді, мейлі дабырлатып қайтеміз жас емеспіз, жасамасақ жасамай-ақ қояйық дедім. Екеуміз жиған қаржымызға жер алып үй салып алайық одан, шашылып той жасағанша баспаналы болайық. Өзіміз аз жүрмедік қой, енді болашақ балапандарымызға жағдай жасауға тырысайық. Көлігімнің кілтіне дейін ұсындым, маған керегі әйел бақытын сезіну, жанұя құру, ана болу бала сүю» дедім. Ақырында «мен дайын емес екенмін, жанұя құруға. Мені күтпей тұрмыс құра бер» деді. «Барлық шарттарына көндім, тек шаршағанда арқа сүйер азаматым болса болғаны деп, жинаған қаржыма дейін қолына ұстатуға тырыстым. Бірақ қорқақтай береді, жігіттеріміз жанұя болудан, отбасын құрып, бала шағасын асыраудан қорқады. Мейлі қойшы, баланы жетімдер үйінен ақ асырап алуға қол жеткізермін. Бұл мен кездескен талай оқиға, болды жігіттерден күдерімді үздім» деген құрбым жақында жинаған қаржысына 70 пайызын қолма қол құйып, ипотека арқылы үй алды.
Бүгінде 30-дан асып, 50-ге иек артқан, ешқашан отау көтермеген еліміздегі сүрбойдақтардың саны 150 мыңнан асып кеткен көрінеді. Тіпті жастардың 30-40 пайызы отау құруға құлықты да емес екен. Олар үшін отбасын құру емес жан бағу бірінші кезекке шыққан. Жігіттеріміз отбасын құрып отағасы болудан қорқатын деңгейге қалай жеттік?!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста