Жасыл түйіршіктегі жас ғұмыр...

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады». Мәтелге айналып кеткен осынау қазақы нақылдың астарына қарап, оны (насыбайды) болмашы дүниеге балағанымызбен, шын мәнінде одан келер қауіптің қаншалықты екендігіне мән бермейтініміз рас. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» дегендей, онсыз да темекінің түтініне, арақтың уытына, есірткінің түр-түріне тірідей тұтқындалған жас ғұмырдың енді жасыл түйіршіктен іргесін аулақ салмаса, санасына мәңгүрттіктің дәні егілетіні мәлім болып отыр.
Базардың кез келген бұрышында теме­кінің түр-түрін саудалап тұратындардың үс­телінен табылатын саусақ ұзындығындай қалташаны сатып ала салысымен, артын­ша онысын тілінің астына сүңгітіп, жай­мен аяңдап бара жататындарды сіз де кө­ріп жүрген боларсыз. Тілінің астына салған түйіршіктер сәлден кейін сілекей арқылы ми қабатына әсер етіп, өздері айтатындай, «кайфқа» енгізсе, олар үшін әнеки, бұ дү­ние­нің «ұжмағы» сол. Айтпақшы, қала ба­зар­ларында әртүрлі құты-бөтелкелерге са­лынып, 100-теңгеден 300 теңгеге дейін сау­даланатын бұл шіркінге құны арзан бол­ғандықтан шығар, сұраныс та жоғары. Ал бұл әулекіқұмарлыққа тәуелді болған­дар артынша темекі мен арақты да теріс көр­мей, «есею жылдарында» біртіндеп есірткіге де үйірсектей бастайды. Әрине, ол жайында әңгіме басқа.
Сөз басындағы насыбайдың жайына қайта оралайық.
Денсаулыққа зор кесел,
Үйрете көрме ауызды,
Насыбай менен шылымға,

– деген екен қазақтың әйгілі жырауы Шораяқтың Ома­ры. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың ба­сында ой-сана түзу, денсаулық дұрыс кез­де айтылған өсиет бұл. Әрі ол дәуірдегі насыбайдың қандай болғандығын Вики­пе­дия анықтамасы айтып бере алады:
«Насыбай – темекі ұнтағына күл, қа­лам­пыр қосып жасалатын ащы, күшті иісті зат. Насыбайды құмарлық үшін атады. Саптыаяққа (үккіш) темекі жапырағын әб­ден ұнтақтап, арша немесе сексеуіл, қа­йың, тобылғы, қылша күлін қосып, оған су сеуіп әзірлейді. Оның бұйра насыбай де­ген түрі де болады. Бұйра насыбайды ұн­тақ­тап, су сепкен соң тесік қалбырдан өткі­зеді. Оны көбінесе астыңғы ерінге, кейде тілдің астына салады. Оны атпай, тек иіс­кеу үшін пайдаланатындар да бар. Дәстүр­лі қазақ қоғамында насыбай әшекейленіп жа­салынған мүйіз шақшаға, құтыға салын­ған. Насыбайдың денсаулыққа зияны көп».
Мұрны жыбырлап, насыбайдан келер хош иіске мастанатындардың құмарта жасайтын ісі – осы.
Насыбай өз әлінше ол да тәтті,
Алдыңда қарап тұрса ақша маңдай...

– деген екен Ақан сері. Әрине, насихаттап тұр­ғанымыз жоқ, бірақ кері мағынадағы әсері қаншалықты екендігі көрініп тұр.
Содан бергі бір ғасырдан астам уақыт­ты артқа тастаған насыбайдың қазіргі түрі қандай? ШҚО салауатты өмір салтын қа­лып­тастыру проблемаларының орталығы мамандары ешқандай өндіріс орны шы­ғармайтын, екінің бірі үйінде әзірлей сала­тын бұл пәленің құрамында төбе шашыңды тік тұрғызатын сұмдықтар көп-ақ екен. Сөндірілген әктің, әртүрлі өсімдіктің күлі, түйе тезегінің, тіпті тауықтың саңғыры­ғы­ның және майдың қосындысына дейін еніп кеткен. Ал осындай лас дүниеден да­йындалатын насыбайға әуестенген адам­ның денсаулығы қандай болатыны айтпа­са да түсінікті. Бірақ ұрпақ амандығы үшін төрт қауіптің барын ескертпеске болмай­ды: тіл, ерін, көмей обырының 80 пайызы на­сыбайдан болады екен. Насыбай ататын адамның иммунитеті вирусты гепатиттің ал­дында әлсіз екені өз алдына, әртүрлі ішек ауруларын тез жұқтырады. Тістің эма­лы бұзылып, асқазанға жара түсіреді екен. Адамның никотинге, есірткіге тәуелділігі артып, есте сақтау қабілеті нашарлайды.
Көріп отырсыз, насыбай атып әдеттен­ген адамның біртіндеп темекіге терезе, есірткіге есік ашып, есін де жоғалта бас­тай­тынын. Ең жүрек ауыртарлығы сол – кезінде ата-әжелеріміз қолына ұнтақ са­лып, иісіне елтігенде үрке қарайтын ұрпақ оң-солын танымай жатып-ақ қазір насы­бай атуды үйреніп алды. Алғашында не нәрсені де қызық көретін періште көңілдің жетегімен дәмін татып жүргендерден «тү­сі­нігі бар» адамның кейпіне еніп, ептеп сыр тартсаң, буын-буындарының босап, әл­де­бір ғажайып шаққа енгендей болаты­нын айтатындары бар.
Гүлжауһар ХАЛЕЛҚЫЗЫ, Жарқын орта мектебінің директоры:
– Мектеп оқушыларын жат қылық­тар­дан аулақ болуға шақыруды ұстаз­дар­дың барлығы да күнделікті айтып жүргенімен, көп нәрсеге баланың қо­ғам­дық ортасы әсер ететіндігі шындық. Темекінің 18 жастан асқандарға ғана бо­сатылатыны сияқты міндеттемені на­сыбайға енгізе алмай отырғанымыз өкі­ніш­ті-ақ. Өйткені бұл бұрыш айналған жерден арзанға табылатын, лицензия­сыз ашық сатыла беретін нәрсе болды. Ал оны балаларға сатуға болмайтынды­ғын, оның соңы ұрпақты кеселге итерме­лейтінін түсініп жатқан алыпсатар жоқ. Жалпы, осыны құзырлы орындар шы­найы түрде қолға алып, кәмелет жасына толмағандарға сатылмауын қатаң қада­ғаласа, ұрпақты кеселден сақтаудың бір жолы сол болар еді.

Сорақысы сол – елімізде жас ұрпақтың жадын нашарлатып, болашағын бұлдыра­туға ашық түрде жол беріліп отыр. Өйткені насыбайға лицензия алу міндеттелмейді, оның сапасына жауап бере алатын серти­фикат та талап етілмейді. Тағы бір таңғал­ды­рарлығы сол – тауарлық сипаты бол­маса да, сауда айналымында жүре береді. Қауіптілігі темекі мен арақтан күшті бола тұра, құнының одан арзандығы да шошыт­пасқа қоймайды.
Шұға ТӨКЕНҚЫЗЫ, Семей қалалық наркодиспансерінің нарколог дәрігері:
– Рас, бұрын, бала кезімізде үлкен­дердің насыбай ататынын оқта-текте бол­са да көріп жүретінбіз. Бірақ ол кез­дегі насыбай құрамы мүлде басқа бо­лып­ты. Ал қазір оның кең етек жайып бара жатқаны алаңдатпай қоймайды. Себебі оған балалар үйірсектене баста­ды. Әрі оны әркім әзірлей беретіндіктен, оның құрамында химиялық әсері бар (мәселен, әк) қоспалар енетіні де мәлім болып отыр. Ал ондай қоспалардың кері әсері көп-ақ екені белгілі болып отыр. Мәселен, насыбай атқанда темекі, арақ­қа құмар адамдар секілді үнемі ақша іздеп тұрғыш болып келеді екен. Ал он­ың арты түрлі қылмыстарға әкеп соқты­рады.

Қысқасы, күнделікті көз алдымызда, ба­ла қолына базарға бармай-ақ іліге бе­ретін күнәлі қылмысты саналы түрде жүр­гізіп жатырмыз. Базарда әртүрлі құтыларға салынып, түр-түрімен иық тіресіп тұратын насыбайды саудалайтындардың айтуын­ша, бұл тауар Семейге оңтүстіктен жеткізі­летін көрінеді. Тағы бір сорақысы сол, сыртына «Абай-нос» деп жазылған ұзын­ша қалташаларға салынған қара бұйра насыбай атауына да көз үйреніп барады. Ал оның неліктен «Абай-нос» деп аталаты­нын ешкім білмейді, ал ұғынған жанға бұл ұлылықты қорлау болып табылатынына да ой жүгіртіп жатқан жан кемде-кем.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста