Жастарымыз жабайы жаргондарға неге құмар?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

– Соткаң жынды ғой.
– Қойшы-ей, қалай ұрып тұр ма?
– Базар жоқ.
– Ей, ана ағылшын мұғалімін өшірдіңдер ме?
– Ана болванды айтасың ба, ол баяғыда өшті ғой.
– Маладес!
– Емтиханға бабло бердің бе?
– А, как же, пытырлатып санап бергенде, просто кайфовать етіп қалды.
– Біреулерге тоқылдап қояйын ба?
– Кидаламысың?!

Бұл автобустағы екі студент жігіттің диалогы. Сағыз шайнап, өздерінше «современный модаға» сай киінген жігіттер қауқылдасып сөйлесіп, маңайындағылардың мазасын алғандарын сезер емес. Сөздері естіген сырт құлаққа түрпідей тиіп жатқандары тіпті ойларына да кіріп шықпайды. Жалпы, бүгінгі жастардың өздеріне «түсінікті» тілде сөйлейтініне ет үйреніп те қалғандай. Тіпті кішкентай балаларға дейін «құлақтан теппеші», «лапшаны ілмеші», «өшіп қалшы, сөніп қалшы», «қумашы» дегенді сартылдатып айта салады. Ол аз болса, орыстың үш әріптен, қазақтың бес әріптен тұратын «әдемі» сөзін қосып, тұздықтап жіберетінін талай естіп жүрміз. Зер салып қарасаңыз, мектеп ауласы мен маңайында да әлгіндей «әдемі» сөздер күн сайын естіліп жатады.
Жаргон – белгілі бір топта, ортада айтылатын сөздер. Бұл сөздердің фонетикалық, синтаксистік маңызы жоқ. Ең алғаш бұлар түрмеде пайда болған деген әңгіме бар. Тұтқындағы адамдар күзетшілер түсінбес үшін жұмбақтап сөйлесу арқылы сөздерді теріс айналдырып, өңін өзгертіп әңгімелескен.
Жаргон да мода сықылды жыл сайын өзгеріп отырады. Мәселен, бұрындары толық адамды – «бөшке», арықты – «глиста», жалқауды – «сачок», мықты, күшті жігіттерді – «блатной», «фраер», өсек-аяңға жақын жүретіндерді – «шестерка», «стукач», ауылдан келгендерді – «колхозник», «деревня», «ауылбай», «мырқымбай» деген екен. Бұлардың біразы қазір де айтылады. Оларды жаңасымен толықтырып, «творчестволық» шеберлігіміз жылдан-жылға шыңдалып жатыр. Бүгінгілер неғұрлым қысқа да нұсқа сөйлейді. «Қалың қалай?» деп созып тұрмай: «каксың?» дей салады. Оған жауап бергенде «жағдайым жақсы» деп жатпай-ақ, «лафа» дейсің, бітті. Әлдебіреу дауыс көтерсе «дік-дік етпе», одан әрі ұнамай бара жатса «қашып кет» десеңіз, әлгіңіз табан астында өзі жоғалады. Одан қалса қыздар: «жігітіммен ренжісіп қалып едім» деп сызылып тұрмай: «жігітімді лақтырып кеттім» десе бірден түсінікті. «Маған бірлік саласың ба?» деп сыпайыланбай-ақ: «единица атшы» десеңіз санаулы секундтардан кейін телефоныңыз сыңғыр ете түседі. Құрбыңмен кездескен кезде: «құлпырып кетіпсің» деп ағыңнан жарылмай-ақ: «ұрып тұрсың» десең бұл да сөзіңнің нысанаға дөп тиюіне жеткілікті. Сонымен «жынды» сөйлеу туралы жастардың өздері не дейді?
Жанат Әбділда, жоғары оқу орнының студенті:
– Жаргонды студенттер жиі қолданады. Нұржан-Туканың, Тұрсынбектің сөздері хит. Досыңа звондап: «маған 200 единица атшы» дейсің. Кейде мұғалімдеріміздің өзі де: «не потеря болып тұрсың?», «қуып кеттің ғой» деп айтып қалады. Жасыратыны жоқ, өзім де кей кездері жаргонға жүгінемін. Дегенмен, көркем әдебиетті көп оқитын адам түбі жаргоннан алыс жүреді деп есептеймін.
Саясат Әлібеков, болашақ әдебиетші:
– Өзім жаргон сөздерді қолданбаймын. Ол – әр адамның отбасындағы алған тәрбиесіне орай қалыптасатын әдет-дағдының бірі. Жанұяда мәдениетті сөйлесе білетін отбасының балалары дөрекі сөздерге әуес болмайды. Ал қалай болса солай сөйлейтін, сөз мағынасын түсінбейтін жанұяда өскен бала мұндай сөздерді тез қабылдайды. Негізі барынша әдеби сөйлейтін филология факультетінің студенттері. Кейде бізге «қызық сөйлейсіңдер», «ұрысқанда да әдеби тілмен ұрысасыңдар» деп жатады. Екіншіден, жаргонды телеарналар, әзіл-сықақ театрының әртістері тарататын секілді. Солардан естіп алып, мағынасына үңілместен қабылдап, айтып жүрміз. Бұл онсыз да есіктен кіріп, төрге ене алмай тұрған тілімізді қорлау.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста