Жасөспірімдер қылмысының өсуіне кім кінәлі?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жасөспірімдердің ата-ана бақылауынан тыс қалуы, отбасы жағдайының келеңсіз жақтары, отбасы тәрбиесінің бұзылуы, сондай-ақ жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, білім беру ошақтарындағы жауапты қызметкерлердің тиісті деңгейде профилактикалық жұмыстарды жүргізе алмауы салдарынан жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстардың саны өсу үстінде. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратура қызметкерлері осылай деп алаңдаушылық білдіріп отыр.

Қазіргі нарық заманында жақсы оқу орындарында білім алу үлкен қаржыны талап етеді. Ата-ана ауыр еңбекпен тиындап қаржы жинап, баласы оқып, білім алсын, қатарынан қалмасын деп оқуға түсіреді. Алайда кәмелетке толмаған жас бала бостандыққа қолы жеткендей сезініп, ауылымен, ата-анасымен арадағы байланысты үзіп алады. Нәтижесінде ата-ана баласының қайда жүргенін, немен айналысып жатқанын қадағалау мүмкіндігінен айырылады. Міне, осы арадан баланың қылмыстық топтарға қосылуы немесе есірткі, спиртті ішімдіктерге әуестену кезеңі басталады. Нәтижесінде жасөспірім баланың қылмыс жасап, темір торға отыруына әкеп соғады. Бұған кім кінәлі? Қоғам ба, ата-ана ма?

Ғабит МИРАЗОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, аға әділет кеңесшісі:
– 2010 жылдың 5 айында 4691 (2009 жылдың 5 айында – 3905) қылмыстық оқиға тіркелген болса, соның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 138 қылмыстық оқиға тіркелді. Бұл – жалпы қылмыстың 2,9 пайызы. Жасалған қылмыстардың ішінде аса ауыр қылмыстар саны – 6. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 пайызға өскен. Ал кәмелетке толмағандардың қатысуымен қасақана кісі өлтіру 200 пайызға, қарақшылыққа қатысты 11 қылмыстық оқиға тіркеліп, ол 83,3 пайызға өскен. Тонауға қатысты 31 қылмыстық оқиға тіркеліп, 26,2 пайызға төмендесе, бұзақылыққа қатысты 13 қылмыс тіркеліп, 18,2 пайызға өскен. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың өсуінің бірден-бір себебі – ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандармен істер жөніндегі бөлім қызметкерлері және білім беру ошақтарындағы жауапты қызметкерлермен тиісті деңгейде профилактикалық жұмыстардың жүргізілмеуі, сондай-ақ прокурорлық қадағалау пәрменділігінің төмендігінен орын алуда.

 Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 21.06.2005 жылғы №372-бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру туралы» Ережесінің 2-тармағына сәйкес, мектептегі полиция инспекторы білім беру ұйымдарына облыстардағы ІІД бастықтарының бұйрықтарымен бекітілетіндігі, сондай-ақ олардың заңгер немесе педагогикалық жоғары білімі, ішкі істер органдарында кем дегенде үш жыл еңбек өтілі болуы тиіс екендігі көрсетілген. Алайда Ереженің бұл талабы облыстық ішкі істер департаментімен бұрмаланып, облыс көлеміндегі мектептерде полиция инспекторларының дұрыс тағайындалмайтын фактілері жетерлік. Мәселен, облыстық ішкі істер департаментінің 07.09.2009 жылғы №645-бұйрығымен облыс көлеміндегі 1012 білім беру мекемелерінің ішінде 227 мектепке 137 полиция мектеп инспекторлары бекітілсе, оның ішінде 126 мектеп инспекторының үш жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ. Мектеп инспекторларының ішіндегі 78-інің жоғары білімі жоқ болғандығына қарамастан, мектептегі полиция инспекторы қызметіне бекітілген.

Осындай заңсыздықтардың белең алуы салдарынан білім беру мекемелеріндегі қылмыс деңгейінің өсу қарқыны тез әрі жиілеп кеткен.

Осы тектес тәртіпсіздіктердің алдын алуға немесе қарсы тұруға тәжірибесі аз жас мамандарды мектеп полиция инспекторы қызметіне бекіту, біріншіден, бұйрық талаптарын өрескел бұзу болып табылса, екіншіден, тиімді нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігінен айыруда және осының өзі – қылмыс.

P.S. Кәмелет жасына толмаған жасөспірім баланың тағдырына жауап беру – ата-ананың қоғам алдындағы, өз ар-намысы алдындағы міндеті екендігі брифингке қатысушылар алдында жан-жақты талдана айтылды. «Сондықтан жасөспірімдердің жасаған қылмысына олардың ата-анасы да бірдей жауапты болса және бұл туралы ҚР ӘҚБтК-не тиісті өзгерістер енгізілсе, кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстың аражігі ажырар еді» деп санайды прокуратура қызметкерлері.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста