Жас драматургтерді дайындау ісі басталды

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театр өнері бөлімінің ұйымдастыруымен «Өркениет» халықтық университетінің жанынан құрылған «Жас драматургтер мен сыншылар клубының» отырысы болып өтті.
М.Әуезов мұражай-үйінде өткен ша­ра­ға белгілі драматургтер, әдебиетшілер, ға­лым­дар, театр сыншылары, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы мен ҚазҰУ-дің студенттері қатысты. Бұл басқосу соңғы уа­қытта жиі айтылып, келелі мәселеге ай­нал­ған жас драматургтерді дайындау ісін қолға алудың алғашқы бастамасы болып саналады.
Отырыста Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кино, телевизия және өнертану факультетінің 4-курс сту­ден­ті Тұрсынбек Кешубайұлының «Сем­сер­дегі серт» атты пьесасы талданды. Тыр­нақ­алды шығармада жас талапкер Жәнібек батырдың адамдық-адамгершілік, ерлік қасиеттерін Құсейін, Наршолақ және қал­мақ қызы тәрізді түрлі мінездегі кейіпкерлер әрекетінде ашуға тырысқан. Алайда Т.Ке­шу­­байұлының бұл пьесасында кейіпкер­лер қаһармандығымен, тарихи сипатымен нақты характерге ие бола алмаған. Тартыс әлсіз, көркемдік жағынан әлі де көп із­де­ніс­ті қажет етеді. Осы бағыттағы студенттің драматургиядағы алғашқы қадамына пікір білдірген Т.Жүргенов атындағы өнер ака­демиясының профессоры, жазушы-дра­матург Сұлтанәлі Балғабай, филология ғы­лымының докторы Әлімжан Хамраев, филология ғылымының кандидаты Келіс Рахымжанов, Ермек Ханкей, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының   док­т­оран­ты Нартай Ескендіров, Анар Тылахметова жә­не тағы басқалардың шығарманың та­қы­рып өзектілігіне, негізгі мақсатына, жетістігі мен кемшілігіне тоқталған мамандардың ой-пікірлері өзекті болды.
Мәжілісті жүргізген төраға, өнертану кандидаты Аманкелді Мұқан айтылған ой-пікірлерді қорытындылай келе, мұндай шығармашылық бастаулардың қоғамдық маңызы өте зор екендігіне тоқталды. Өйт­кені мәдени-әдеби тұрғыдан қарағанда ұлттық драмалық дүниелердің аздығы рас және мұндай құрылымы қиын жанрға жастардың келе қоюы қиын. Сондай қиын жанр­ға жастарды тартудың бірден-бір жолы осындай басқосулар деп ойлаймыз. Жаңа пьесаларға деген кәсіби маман­дар­дың көзқарасы, талдаулары өте қажет және бұл драматургияға қадам басқан кез келген жас талапкер үшін маңызды.
Жалпы, «Өркениет» университетінің, оның дербес клубтарының мақсаты – әдебиетшілердің, әдеби сыншылардың, ақындар мен жас прозаиктердің, дра­ма­тург­тер мен театртанушы-сыншылардың кәсіби біліктілігін арттыру, жас талаптарды әдебиеттің сан қырлы саласына баулу, бағыт беру. Алдағы уақытта әр клуб өзінің атқаратын жұмыстарына, жоспарлары мен бағытына қарай осындай отырыстарды тұрақты өтікізіп тұрады. Аталған универ­си­тет­те әдебиет пен өнерге қатысты білім алып жатқан көптеген жоғары оқу орнының студенттерін тарту, бірігіп жұмыс істеу жос­пар­ланған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста