Жарғақ құлақ, жүні тықыр, арық: Қазақы ит тұқымдарының ортақ стандарты бекітілмек

Жарғақ құлақ, жүні тықыр, арық: Қазақы ит тұқымдарының ортақ стандарты бекітілмек

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында қазақы ит тұқымдарының стандартын бекітуге қатысты бұйрық мәтіні жарияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бұйрықта қазақы иттердің тазы және төбет түрлерінің толық сипаттамасы берілген.

Атап айтқанда, «жарғақ құлақ», «тықыр тазы» сияқты тазының тегіс жүнді түрлеріне (ілгегі мен шашағы жоқ) рұқсат етілетіндігі айтылады.

Сонымен қатар стандарттың басқа параметрлерін сақтаған жағдайда ақау немесе кемшілік болып саналмайды.

«Бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі - 103», - деп сипатталады стандартта тазы тұқымы жайында.

Сонымен қатар төбет иттің де сипаттамасы берілген.

«Шоқтығының биіктігі құйымшағындағы биіктікке тең. Басының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктің кемінде 40 пайызын құрайды. Дене тұрқының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктен шамамен 10 пайызға асып түседі, бұл ретте төбеттер қаншықтарға қарағанда біршама жинақы. Төбеттердің оңтайлы бойы 72 – 76 сантиметр, қаншықтардікі 68 – 72 сантиметр», - делінген стандартта.

Бұйрық 2023 жылғы 1 шілде күні қолданысқа енгізілмек.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста