Жаңылысқан жарнамалар жазалануы керек

Жаңылысқан жарнамалар жазалануы керек

2015 жыл басталғалы бері Алматы қаласында ономастика туралы заңның талаптарына сай келмейтін, орфографиялық қателіктер жіберген 50 шақты жарнама билбордтары жазаланыпты. Әсіресе жарнаманың қазақ тіліндегі нұсқасында қателіктер жиі кетіп жатады. Ономастика бойынша жаңа заңга жүгінсек жарнамадағы орфографиялық қателік үшін жарнама иесіне 10 АЕК-тен 50 АЕК көлемінде айыппұл салынуы керек. Бір айлық есептік көрсеткіштің қазіргі таңда 1982 теңге екенін ескерсек, мемлекеттік тілде ғана қателіктер жіберіп жаңылысатын жарнама берушілердің әрекетіне бұл жаза тым жеңіл жаза секілді. Өйткені жарнама берушіге ең көп 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды дегеннің өзінде айыппұл көлемі 99100 теңгені құрайды екен. Ал қазақ тілін қорлағандар үшін 100 000 теңге болмашы ақша емес пе?!
Айта кетер жайт жақында өткізілген рейд нәтижесінде 500 ден артық нысанның жарнама беру кезінде қателіктер жібергені анықталды. Бір ғана рейд барысында осынша қателіктің кездесуі қынжылтпай қоймайды. Қателіктер көбінесе ірі сауда орындарына тән екен. Негізі ономастикаға қатысты заңда жарнаманың екі тілде қазақ және орыс тілдерінде берілуі керектігі, жарнама тақтайшасының сол жақ жоғары тұсына қазақ тілінде, ал оң жақ төменгі бөлігіне орыс тілінде жарнама мәтіні орнатылуы керектігі анық жазылған. Осылайша жауапты органдар қоғамымызда қазақ тілінің мәртебесінің биік екенін көрсеткісі келгенімен жарнама берушілер бұл талаптарды ескере бермейді.

©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Әйтсе де жарнама берушілер орфографиялық қателіктерге қоса осы заңнама талаптарын орындау кезінде де жиі жиі қателіктерге ұрынады екен. Көбінесе жарнаманың жоғары бөлігіне орыс тіліндегі нұсқасы орналасады немесе қазақ тілінде мәлімет беруді мүлдем ұмытып кетеді. Осы орайда мамандар «бұрынғыдай емес қала жұртшылығы көшедегі қателіктерге деген наразылығын жиі білдіреді. Жарнамадағы қателікті көре сала әлеуметтік желіге салып, жұртшылықтың сынына, талқысына салады. Немесе жауапты органдардың сайтына салады. Бұл өз кезегінде көшедегі қателікке толы жарнамалардың азаюына ықпал етіп тұр» дейді. Әсіресе дүкен сөрелеріндегі тауарлардың сыртындағы мәліметтерді орыс тіліндегі нұсқасы еш қателіксіз жазылады да, мемлекеттік тіл нұсқасы қателіктерге толы болады. Бұл қазақ тілінің мәртебесіне де кері әсер етері сөзсіз. «Сондықтан жарнама берушілерге салынатын 100 мың теңге айыппұл аз» дейді қазақ тілінің жанашырлары. Расында да қазақ тілінде жазылған көшедегі ию-қию қателіктерге толы, мағынасы түсініксіз жарнамаларға соңғы кездері көпшіліктің де көзі үйренісе бастаған еді. Кәсіпкерлерді тексеруге қатысты мораторийдің жариялануы қате жарнамалардың жазасыз қалуына, тіпті көбеюіне де себеп болған еді. Құзырлы орындар жаңа заңның күшіне енуіне орай жарымжан жарнамалардың саны азаятынына сендіріп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста