Жангелдин жайлы кітап жарық көрді

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында кеңес өкіметінің Далалық өлкедегі тұңғыш өкілетті өкілі Әліби Жангелдин жайлы жазылған «Төтенше комиссар» кітабының тұсаукесері болды.

Жинақты Президент мұрағаты Әліби Жангелдиннің туғанына 125 жыл толуына арнап шығарды. Оған белгілі тұлға­ның кеңес өкіметін құруда атқарған жұ­мыс­тары жайлы Ресей мен Қазақстан мұра­ғаттарында сақталған жүзден астам құжаты енген. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, әскери комиссар жайлы туынды осыдан он сегіз жыл бұрын шығуы тиіс еді. Қажетті материалдар 1989-1991 жылдар аралығында дайындалып қойған көрінеді. Алайда түрлі жағдайларға бай­ла­нысты кітап шықпай қалған. Алаш ардақтысының баласы Шыңғыс Әлі­би­ұлы жинаққа кірген 1916-1923 жыл­дар­дағы құнды мәліметтер бұған дейін еш жерде жарық көрмегенін айтады. Сон­дықтан бұл еңбек Жангелдиннің өмірі мен қайраткерлік қызметіне жаңаша көз­қарасты қалыптастырмақшы.
Шыңғыс Әлібиұлы, Ә.Жангелдин­нің ұлы:
– Әкемнің атқарған қызмет­те­ріне байланысты құжаттар жи­нағы алғаш рет 1966 жылы басылып шыққан. Одан кейін шығып отырғаны – осы. Көптеген құжаттар мен мәліметтерді, әкем қайтыс болған соң, Қауіпсіздік ұйымы­ның қызметкерлері келіп, үйден алып кетіпті. Анам біраз орындарға хат жазып қайтармақ болып еді, онысынан ештеңе шықпады. Мұнда жан-жақтан жиналған деректер мен әкемнің үйде сақталған бірен-саран естелік қолжазбалары жинақталған.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста