«Жан жылуы» талай жанның еңсесін тіктеді

Мансұр ХАМИТ (фото)

«Қазақстан» ұлттық арнасында апта сайын эфирге шығатын «Жан жылуы» бағдарламасының  көрермен жүрегіне жол тартқанына да бес жыл өтіпті. Осы жылдар ішінде тағдыр тауқыметінен  жарымжан болғандарға демеу болып, белсенді өмір үшін үміт отын қайта маздатқан жобаға жұртшылықтың айтар алғысы да шексіз. Өткен аптада «Жан жылуы» өзінің бес жылдық мерейтойын ерекше атап өтті. Астанада эстрада жұлдыздарының қпатысуымен арнайы коцерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оның басырындатағы бір игі істің шеті қайырылған болатын.  
«Қазақстан» арнасының төл бағдарламасы өзінің мерейтойы алдында атқарған істеріне шолу жасағанды жн санапты. Бұлай істеуге де бағдарламаның толық құқы баршылық. Өйткені, аты айтып тұрғандай «Жан жылуы» бүгінге дейін жүзге жуық адамның жанына медет болып, жылу сыйлап үлгерген. Басқасын былай қойыңыз, туғанынан тастандыға айналған 20 баланың жаңа отбасын табуына себепші болуының өзі бағдарламаның ең басты жеңісі. Бұған дау жоқ.  Ал дертіне дауа таппай шарқ ұшып аурухана төсегіне танылғандардың біразы да осы бағдарламадан жанына жылу алу бұйырыпты. Соның арқасында науқасы дендеген 13 бала шет ел асып, еміне шипа тапты. Баспанасыз баз кешіп жүргендердің ішінен санаулысы болса да бағдарламаның арқасында үйлі болғанын ерекше атап өтпеске болмас. Сегіз отбасына осы «Жан жылуы» арқылы пәтерге ие болып отыр.

Ал бес жылдық еңбегі үшін есеп берген бағдарлама өзінің мерейтойын Ұлыстың ұлы мейрамы әз Наурызбен ұштастырғанды жөн санаған. Астанадағы «Қазақстан» концерт залы да солайша дүбірге бөленді.  «Жан жылуы» бағдарламасының 5 жылдық жұмысының жетістігіне куә болып жүрген жұртшылық алғысын ақтару үшін осында ағылған-тын. Олар ғана емес, арнайы концерттік шараға қай бір кездері жарымжан болып, салы суға кеткен, көмекке зәру болған жандар да қонақ ретінде келіпті.  
Тоқтала кететін тағы бір жайт, күнделікті қауырт тіршілікпен жүріп, арамызда мейірімді жандардың көп екенін байқай бермеуіміз де бек мүмкін. Міне, концерттік шара барысында бізді қуантқаны осы жайт болды. Талай адамның көңіліне медеу болып, өмірден баз кешкелі тұрғанда көмек қолын соза білген ондай азаматтарға алғыс айтуға тиіспіз. Жәрдемге мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсеткен мәрт азаматтар да жүрді концертте.

Жалпы, бүгінгі заманның тынысымен салыстырсақ, бір адамның басындағы қайғысын өзге біреу көтеретін заман емес. Солай бола тұра  басқаға жаны ашып, бөтеннің бақытсыздығына қарап отыра алмайтындар жоқ емес, олар жоғалмайды да. Олар жоғалса ақырзаманның жеткені емес пе? Кеш барысында осындай игі іске ден қойғандарға да ықылас білдірілді. Солардың ішінде бір емес, бақандай үш баланы бауырына  басқан отбасылар құрметті қонақ болып төрге жайғасты. Көрген адамның жүрегін езетін жайт:  «Сынғыш сүйек» дертіне шалдыққан бес жастағы Аружан сахнаға шығып өлең оқып, қалың көрерменді елең еткізді. Қос бүйрегі жансызданып қалған Ерлан Тілеубаев осыдан үш жыл бұрын ана дүниеге баруға дайындалғанмын,  ұзақ уақыт қалмағанын сезгендей едім дейді. Алайда «Жан жылуы» оған өмір сыйлады. Концертке жан жарымен келген оны көріп «бізде мүмкіндік жоқ» деп жүрген аяқ-қолы балғадай жігіттер бір ойланған шығар, сірә. Оның өмірге деген жігері мен алға ұмтылысы баршаны тамсандырды, ойландырды. 

Бес жылдыққа арналған концертке жаны игі, қолы жомарт азаматтар да қатысты. Жұртшылықты қуантқаны осы болды. Концерт барысында біраз жыл бұрын бұрын марганец қышқылын ішіп өңешін күйіп, дәм сезу қабілетінен айырылған, тамағын түтікше арқылы ішуге мәжбүр болған Әсет Жиенбекке арналған жәшіктерге көпшілік қаражат салып жатты.
Жарымжан жандардың көңілін көтеріп, арнайы түрде ән салған Бақыт Шадаева, Досымжан Таңатаров, Майра Ілиясова, Жаңабай Өтегенов, Гүлнұр Оразымбетова сынды әншілер сауапты іс жасады деп ойлаймыз.  Сөйтіп, бір күннің кешінде көрерменді тамсандырып, алғысын алып жүрген «Жан жылуы» халықтық бағдарлама екенін тағы да мойындатты. Көңілін кірбің шалғандардың қабағын жазып, еңсесін тіктеткені үшін бағдарлама әлі де талайлардың алғысына кенелері анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста