Заң кім үшін жазылады?

Заң кім үшін жазылады?

Жауап та көп. Сұрақ та аз емес. Дегенмен, қазіргі қазақы көзқарасқа салсақ, бізде жазылатын заңдардың барлығы тек өз азаматтарымызға ғана жауапкершілік жүктейтін секілді. Ал сол заңға мойынсұнатын шетелде бәрі басқаша. Ең қызығы дәл сол шетелдіктер Қазақстанға келсе болды, тіпті бір «иммунитеті» бардай жазадан да оп-оңай құтылып кетеді. Біле-білсек, бүгінде сол Еуропа сияқты өркениеті тасыған, құқығы озған шет мемлекеттер заң үстемдігін орнату арқылы түймедей нәрсені түйедей қылып, кез келген мәселеден ақша жасауды  әбден үйренген. Ал Қазақстанға келсек, қанша заң шықса да оны тек бір-бірімізден ғана қорғану амалы ретінде ойлап, әлі күнге дейін өзгелерге жем болып отырмыз. Оны екі-ақ мысалмен дәлелдеуге болады. Бірі алты ай Лондон сотында тепкерішті әбден-ақ көрген таэквондошы Теңізбаев болса, екіншісі елімізге келіп есіне келгенін істеп, ендігі күні түк болмағандай сол Азаматты тәлкекке салған Англиясына қайтап бара жатқан Барох Питер атты біреу. «Алаш айнасы» салыстырып, салмақтап көруді ұсынады.
Өткен жылы таэквандошы бауырымыз Азамат Теңізбаевтың халықаралық жарыстан қайтар жолда ұшақ ішінде бейтаныс қызға «жыныстық мақсатта тиіспек болды, қол жүгіртті» деген жаламен Ұлыбританияда қамауға алынғанын жақсы білеміз. Сонда ұшақтағы бейтаныс қыз мүлдем басқа мемлекеттің азаматы бола тұра, ұшақ қызметкерлеріне бір ауыз сөз айтып, арыз жасағаннан кейін Лондонның тәртіп сақшылары Азаматтың қолына бірден кісен тағып, визасы болмаса да, темір тордың арғы жағына бір-ақ тықты. Сөйтсе, жарыс біткен бойда бірден жолға шыққан Азамат қатты шаршап, ұшақ ішінде ұйықтап кеткенде басы қасындағы қыздың иығына түсіп, қолы денесіне тиіп кеткен. Сол үшін Англия соты Азаматты 6 алты ай бойы ұстаған. Алдымен 10 мың доллар ақшасын кепілдік ретінде суырып алып, кешкі жетіден таңертеңгі сегізге дейін далаға шығуына тыйым салды. Жергілікті полиция бекетіне күнде келіп тұруға да міндеттеді. Онымен қоймай,  қолына арнайы білезік тағып, барлық халықтың алдында «қылмыскер азиаттың» масқарасын шығармақ болды. Абырой болғанда, алқа билер соты жазықсыз азаматымызды ақтады. Дегенмен, сол алты айдың ішінде Қазақстан азаматына 60 мың долларға шығындалуға тура келді. Бұл бер жағы ғана. Оның сыртында қаншама күйзеліс кетті, туыстарынан бастап, дос-бауыр, жанашырлары қаншама әбігерге салынды. Елшіліктегілер де сергелдеңге түсті. Соты да алты айға созылды. Қып-қызыл шығын. Азамат Лондонда болған сайын қызыл шығын сол елдің қазынасына қаражат құюды құптады. Өйткені, оның жатқан-тұрғаны ақша. Сөйтіп, біз болсақ Азаматымыздың аман-есен оралғанына мәз болдық. «Алпыс мың доллар садаға, ақталғанын айтсаңшы» деп шуластық. Тағы сол баяғы қазақы мінез. Жарайды, садаға болсын-ақ. Дегенмен, тағы бір оқиғаны еске түсірелікші.  
Өткен айдың басында Орал қаласының сақшылары шетелдік Барох Питер деген азаматын ұстады. Бұл сол Азаматтың шашын ағартқан, бергісін айтқанда алпыс мың долларды алты айда сорып алған Англияның азаматы.  Сол Барох Питер педофилия – кәмелеттік жасқа толмаған балаларға азғындық жасағаны үшін айыпталды. Оның флешкаларында тыр жалаңаш кішкентай қыздардың 600 фотосуреті табылды. Бұның барлығын ол Оралдағы қонақ үйіндегі өз бөлмесінде түсірген. Алдымен ғаламтор арқылы қыздармен танысқан. Содан кейін өз бөлмесіне шақырып, «фотосессия» ұйымдастырып отырған. Тергеу кезінде белгілі болғандай, педофил жартылай шешінгені үшін 10 мың теңге төлесе, толығымен киім шешкеніне 15 мың теңге берген-міс. Осыған байланысты шетелдік азаматқа қатысты «кәмелеттік жасқа толмағандардың порнографиялық суреті бар материалдарды шығарды» деген айып тағылды. Алайда сақшылардың таққан барлық айғақтарын заңсыз деп таныған болуымыз керек, шетел азаматына оның паспортын қайтарып беріппіз. Енді, алдағы уақытта ол жазадан құтылып, өз еліне қайта алатын сияқты. Айтпақшы, сол түсірген фотолармен бірге кетеді. Ештеңе болмағандай. Қазақстанның сотына да ризашылығын бідірген болуы әбден мүмкін.
Мінеки, осы екі мысалды салыстырып-ақ, заң үстемдігі арқасында кімнің қалай күн кешіп жүргенін, кімнің қалай пайда тауып жатқанын ап-анық байқауға болады. Ұлыбритания сияқты елдер өз заңының тек тәртіп орнатып қана қоймай, қыруар қаражатқа да қол жеткізіп жатқанын жақсы біледі. Ал Азамат Теңізбаевтың қалтасынан қалдырып кеткен ақшасына өзі үшін біраз жағдай жасауға болатыны да белгілі. Ондай оқиғалар мыңдап саналады.
Тоқ етерін айтқанда, заңға келгенде біздің күніміз неге қараң? Шетелдік неге аяғын алшаң басады? Неге біз шетелдіктерге еркіндік беріп, оларға өзімізден жоғары қараймыз? Ең ақыры заңның үстемдігі неге бірдей жүрмейді? Ал дәл осы мысалдағыдай үстемдікті орнатқанша, бәрінен айырылып қалмасақ болғаны. Ақша ғана емес, абыройдан да.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста