Жалақыңыз қанша болады, ағайын

Жалақыңыз қанша болады, ағайын

Келесі жылдан бастап Қазақстанда мұғалім, дәрігер секілді тағы басқа да бірқатар азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек. Соған сәйкес, жалақы маманның білімі мен дайындық деңгейіне қарай төленеді. Ал қазіргі кезде еңбеканың орташа деңгейі 100 мың теңгеден асады деседі.  Әрине, қазақстандық әрбірі  осындай деңгейде жалақы алмайтыны белгілі. Дегенмен, ондай есеп-қисаптан басқасын қайдам, өз баласын тастап, алимент төлеуге мәжбүр болған әкелер «зардап шегетін» сияқты. «Алаш айнасы» осы мәселеге ой жүгіртіп көрген еді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың сөзіне сенсек, азаматтық қызметкерлердің (оған кіретін мамандардың арнайы тізімі бекітілген – авт.) еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі келесі жылы шілденің 1-інен бастап енгізіледі. Бұл жаңа жүйенің енгізудің бірінші кезеңі болмақ. Оған сәйкес, азаматтық қызметкерлердің жалақысы олардың білім мен дайындық деңгейіне, сондай-ақ атқарып жатқан жұмыстың қиындығы мен жауапкершілік дәрежесіне байланысты болатын тәрізді. Осылайша, азаматтық қызметкерлер төрт топқа бөлінеді. Олар - басқарушы, негізгі, әкімшілік-шаруашылық және техникалық персонал. Әрбір топтың өзіне тиесілі жалақысы болады. «Мұндай жүйе негізгі еңбекақының (қызметтік оклад) маңыздылығын арттырып, оның көлемін нақты нәтижелермен айқындауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ ол адамның кәсіби жағынан өсіп, еңбек жолының ашылуына өз септігін тигізеді», - дейді Тамара ханым Дүйсенова. Екінші кезеңде жұмыстың нақты нәтижесі мен сапасы жалақының көбеюіне себеп болса, әрбір аймақтағы баға саясатына қарай азаматтық қызметкерлерге қосымша ақыны төлеу бастамасы үшінші кезеңде іске асатыны айтылады.
Ал қазақстандықтардың бүгінгі орташа жалақысын министрлік 108 мың теңге көлемінде бекітті. Әлбетте, мұндай орташа жалақыны әрбір азамат тауып отырған жоқ. Бір қарағанда осындай есеп-қисаптан халыққа келіп-кетер ештеңе де жоқ сияқты. Алайда осы көрсеткіштің негізінде алименттің көлемі есептеледі. Бүгінде оның 25 пайызы, яғни  27 160 теңгесі баланы асырау үшін төленуі тиіс.  Сондықтан да, бұдан былай жұмыссыз болған жағдайдың өзінде өз баласын тастап кеткен әкелер осы сомманы ай сайын төлеп отыруы міндет.  Екі баласы болса, 36 213 теңге, ал үшеу және одан да көп болған жағдайда ондай жауапсыз әкелер айына 54 320 теңгеге шығындалатын болады.
Өткен жылы алименттің айлық мөлшері жұмыссыз әкелер үшін төменгі жалақы мөлшерімен есептелген еді. Ол кезде төменгі еңбекақы республика бойынша 18 мың теңгеден асқан. Осының арқасында жұмыссыз әкелер баласына үшін айына төрт жарым мың теңге төлеп келген. Енді, ондай «жеңілдік» болмайды. Ендеше, отбасын тастай кеткісі келетін еркектер енді қадам жасамас бұрын біраз ойланатын да шығар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста