Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы орталығындағы Дәуленов атындағы орта мектепте «Зайсан-Антитеррор 2010» шұғыл оқу-жаттығу сабақтары өтті. Шара барысында лаңкестік әрекеттерді бейнелейтін түрлі жаттығулар және оның алдын алу әрекеттері жүзеге асырылды.
Екі қабатты мектеп ғимараты Зайсанның шетінде орналасқан. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, лаңкестер ғимараттың оқшау жерде орналасқанын пайдаланып, оны жаулап алады. Шұғыл хабарлама аудан орталығына жетісімен, ҰҚК бөлімшелерінен, ІІД, шұғыл қадағалау қызметінен, Зайсан ауданының атқарушы билік және мемлекеттік мекемелердің өкілдерінен арнайы штаб жасақталды. Білім ошағының аумағы қоршауға алынып, лаңкестермен келісім жүргізіле бастады. Алғашқы келіссөзде бір шешімге келу мүмкін болғанымен, лаңкестердің сенімсіз әрекетінен жағдай ушыға түсті. Осы кезде шұғыл антитерролық штабтың жетекшісі кепілге алынғандарды босату үшін күш қолдану шарасына кірісу қажеттігін тапсырды. Бұл мақсатта «Бүркіт» және «Арлан» топтары іске кірісті. Жарылыс кезін пайдаланған арнайы жасақ ғимаратқа баса-көктеп кіреді. Бір минуттың ішінде лаңкестер қолға түсіп, қамауға алынғандар босатылады.
Негізгі мақсат – шұғыл шараны бағамдап, дұрыс шешім қабылдау. Осы арқылы қызметкерлердің оқыс оқиғаларға дайындығын саралау болып табылатын «Зайсан-Антитеррор 2010» шұғыл оқу-жаттығу сабағына «бес» деген баға қойылды.
«Зайсан-Антитеррор 2010»
Последние статьи автора