Ыстықкөлдегі демалыс алматылық бойжеткен үшін өкінішпен аяқталды

Ыстықкөлдегі демалыс алматылық бойжеткен үшін өкінішпен аяқталды

Алматылық бойжеткен Ыстықкөл демалыс аймағына барған жігіті екеуінің басынан өткен қорқынышты оқиға туралы NUR.KZ  редакциясына айтты.

Алина мен жігіті қалталары көтеретін демалыс орнын іздеп, таңдаулары қырғыз көліне түскен.

Ертесі күні оларға Алматыдан келген жас жұп кездесіп, екеуден-екеу болып жүрудің аса қауіпті екенін ескерткен.

Осыдан кейін жастар араласып, дос болып кетеді. Кейіннен Алина мен жігіті өз бөлмелеріне оралады.

"Дәл осы кез өмірімдегі ең қорқынышты сәт болды. Мен неге екенін таңғы сағат бесте оянып алдым, әдетте қатты ұйықтайтын едім. Көзімді ашқанда жанымда ұйықтап жатқан жігітіммен, қап-қара киініп алып, бірдеңе қарап жатқан адамды көрдім.

Бес секундтай мен біздің нөмірде не болып жатқанын, жас жігіттің қайдан келгенін түсіне алмадым. Оның беті қап-қара, қорқынышты болды. Көздері кішкентай, денесі арық және бойы аласа. Мен қатты қорқып, мұнда не істеп жүрсің деп айқайлай бастадым.

Менің даусым өзгеріп кетті. Ол болса түк болмағандай жігітімнің үстелдің үстінде жатқан әмиянын алды", - дейді Алина.

Қыз әмиянды тартып алмақ болғанымен, қолынан ештеңе келмеген. Жігіті болса қатты ұйықтап жатқан, Алина оны оятқанда қарақшы есікті кілтпен ашып, қашып кеткен.

Жастар қызметшілерге барғанда, олар милиция шақыруға асықпаған.

Милиция шақыра алмаған екеуі бөлмелеріне қайта оралғанда, ішінде құжаты бар әмияндары еденде жатқанын көреді. Бір өкініштісі, ішіндегі ақшаны алып қойған.

Кейіннен олар танысқан алматылық жұпты да солай тонап кеткендері белгілі болған. Олар есіктерінің кілттеулі болғанын айтқан.

"Жарты сағаттан кейін төртеуіміз тірі тұрғанда елге қайтуға асықтық. Біз олардың қайта оралатынына сенімді болдық. Оның үстіне пансионатта бірде-бір күзетші де, бейнебақылау камерасы да жоқ. Ал жаңағы "ақылды" ұрыларда бөлмелердің кілті бар.

Тамақ ішіп болған соң, біз екі рет такси шақырдық. Біріншісі құжатсыз екен, әрі түрлі нөмірден хабарласты. Екіншісінің құжатын суретке түсіріп, қауіпсіздік үшін таныстарымызға жібердік. Жүргізушіден кеден есігіне дейін әкелуді өтіндік.

Қордайда болғанда ғана, бірақ тынышталдым. Әлі күнге дейін көзімді жұмсам, бөлмеде менен басқа біреу бар сияқты көрінеді. Мен ұрлықшының сабырлығы мен арсыздығына таңғалдым.

Мен мұны адамдарға ескерту жасау үшін жазып жатырмын. Енді ешқашан Ыстықкөлге бармаспын", - дейді Алина. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста