Ымды білмеген дымды білмейді

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Облыс әкімі Серік Біләловтің 2008 жылғы шілденің 8-індегі «Петропавл қаласының атауы ауыспайды» деген мәлімдемесінен кейін қаланың атын қазақшалау мәселесі төңірегіндегі әңгіме сәл саябырлағандай болған. Бірақ жақында Елбасының Жарлығымен Ақмоланың Щучье ауданының аты Бурабай болып өзгергені белгілі. Осы оқиғадан кейін қызылжарлықтардың өшіп бара жатқан үміттері қайта тұтанды. Оның үстіне, Елбасы осы өлкеге келген әр сапарында әңгімесін «қызылжарлықтар» деп бастайтыны да талайды аңдатса керек.

Ымды да, дымды да білмей-ақ қойды
Қаланың атын ауыстыру жайлы соңғы жылдары жұрттың бәрі айтып жүр. Газеттер де жазып жатыр, телеарналар да көрсетуде. Бірақ нәтиже шығар емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі өткен жылы мамырда Петропавл мен Павлодардың атауларын ауыстыратын уақыт жеткенін айтқан. «Қазақта «Жеріңнің аты –  еліңнің хаты» деген сөз бар. Халық жерге ат қою арқылы елінің тарихын да жазып отырған. Тәуелсіз мемлекеттің бір белгісі оның ұлттық нышандары десек, сол ұлттық нышандар елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың да аттарынан көрініп тұруға тиіс. Еліміздің зиялы қауымы біраздан бері Петропавл мен Павлодар секілді қалалардың атауларын да өзгертсек деген ұсыныстар айтып жүр. Ленинград, Сталинград, Ульяновск секілді қалалар, басқа да жер аттары өзгеріп жатқанда, бұл да орынды ұсыныс шығар», – демеп пе еді Президент. Бұдан артық қандай қолдау керек енді? Іліп әкету керек еді ғой. Жоқ! Олай болмады. «Ымды білмеген, дымды да білмейді».
Ал көлеңкесінен қорқатын әкімқаралар шайнап бергенді жұта алмай қор болып отыр.

Балтабаева балталар ма екен, әлде жол табар ма екен?
«Мораторий» деп, одан кейін «санақ өтсін» деп жұмысын уақытша тоқтатқан Қалалық ономастикалық комиссия жақында тағы бір рет бас қосты. Комиссияның соңғы отырысы осыдан бақандай екі жыл бұрын өтіпті. Төрайымы да жаңарды. Енді оған қала әкімінің орынбасары Ғалия Балтабаева басшылық етеді. Алайда екі жылдан кейін өткен отырыста да қаланың атын ауыстыру мәселесі қаралған жоқ. Бірнеше көшенің атауын өзгерту туралы тұрғындардан түскен өтініштерді саралады. Ал қаланың атына қатысты комиссияға өтініш түспепті-мыс. Сонда осынша уақыт бойы қызылжарлықтар қайда қарап отырған?

Ал кеше Астана төрінде Қызылжар мәселесі талқыланып жатқан кезде осы мәселемен тікелей айналысатын Қызылжардағы қалалық ономастикалық комиссия төрайымы Ғалия Балтабаеваның демалысқа кетіп қалғанын білдік. Сірә, қала атын қалай өзгертудің жолын іздеп кеткен болар...

Мыңдардың міндеті орындалмай жатыр
Халық сенім артқан депутаттардан қайыр болмады. Сенат пен Мәжілісте отырған ағалардың үні естілмейді. Өзгені былай қойғанда, осы елдің тумалары Тасбай Симамбаев, Еркін Рамазанов, Жарасбай Сүлейменов сияқты халық қалаулылары да бейқам. Олардың қара қылды қақ жарған демей-ақ қоялық, бірақ елі мен Елбасын қолдап, бірдеңе дегенін де естімедік. Ал жергілікті мәслихаттағылардың мәнісі белгілі.

Қалай болғанда да осы мәселе көтерілгелі бері тиісті қоғамдық пікір қалыптастыратын уақыт жеткен жоқ па? Осыны түсінді ме, Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенті Қайрат Нұрпейісов өзінше әрекет етуге кірісті. Ол Қызылжардың атын ауыстыруды қолдайтындарды интернет бетінде жинап жатыр. Жұрт ең көп кіретін  сайттардың бірі  mail.ru сайтында  «10 000 адам жинап, Петропавлды Қызылжар деп өзгертейiк!!!» атты қауымдастық (https://my.mail.ru/community/davaite_vmeste/) құрыпты. Өткен қазан айында қауымдастық құрылғаннан беріде осыған дауыс берген 1321 адамның ғана басы қосылған екен.
Бірақ Қайрат бастаған ісінен нәтиже шығатынына сенімді.

Ербол ШӘЙМЕРДЕН, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы:
– Петропавлдың атын өзгертсек, жұрт өре тұра келетіндей көреміз. «Мұны бірден жүзеге асыруға болмайды, оны өзгелер түсінбей қалады» деп шошынамыз. Ал, шын мәнінде, бұл мәселеге қатысты басқа ұлттар тарапынан ешқандай да түсінбеушілік жоқ. Өзіміз осы мәселеге жіті көңіл бөлмей отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста