Халықтық педагогика қазақ мектептеріне қашан енгізіледі?

Халықтық педагогика қазақ мектептеріне қашан енгізіледі?

Шыны керек, қазіргі жасөс­пірім­дер арасында арақ ішу, темекі тарту, СПИД, наша­қор­лық, қыздарымыз он екіден бір гүлі ашылмай жатып бала көтеру деген секілді жағым­сыз қылықтар көбейіп кетті. Мұның сыры неде? Біз мұны арнайы зерттеп, түйінін тар­қатып көрдік пе? Айналып келгенде, осының барлығы біздің халықтық педа­го­ги­кадан ажырап, мектептегі бағдарламаларымызды еуро­палық жүйеге сәйкес­тен­діріп жатқандығымыздан емес пе?
Қазір еліміздегі орта оқу орындарында аме­рикалық әдіс, еуропалық әдіс деген секілді бағдарламалар жаппай енгізіліп кетті. Оның үстіне, ЖОО-лардың барлығы Болон жүйесіне көшіп жатыр. Осының бізге пайдасы бар ма, жалпы, еуропалық үлгіні мектеп бағдарламасына енгізгеніміз қан­ша­лықты дұрыс?
Зейнеп АХМЕТОВА, Батыр Баукеңнің ке­лі­ні, жазушы:
– Мен түрлі әдістемелерді аннан-мұн­нан көшіріп алып, мектеп бағ­дар­ла­масына енгізе бергенге қарсымын. Ха­лық­тық педагогиканы біз қазақ мек­теп­теріне міндетті түрде енгізуіміз керек. Қазір бізде кеңес кезінен қа­ра­ғанда қазақ мектебі де, балабақшасы да көп. Алайда оның барлығы ұлттық жүйе­мен негізделмеген. Демек, Қазақ­стан­да ұлт­тық мектеп жоқ. Біз әлі күнге дейін ше­тел­дің әдіс-тәсілдерін қол­да­нып келеміз. Қазақтың өлең-жыры, мақал-мәтелі тұнып тұрған тәрбие емес пе? Неге оны бір жүйеге келтіріп, мектеп бағдар­ла­ма­сына енгізбеске? Шынымды айтсам, ға­лым­дардың жазғандарын мен түсін­бей­мін. Мектеп бағдар­ла­ма­сын ғылыми тіл­мен шиыршықтаудың ке­регі жоқ. Кәдімгі, көпшілік түсі­не­тін­дей, қара­пайым тілмен жеткізуіміз керек.
Қалай десек те, халықтық педагогиканы мектептерге пән ретінде енгізуге тиіспіз. Себебі халық педагогикасы — қазақ хал­қы­ның сан ғасырдан бергі ата-бабадан ұр­паққа өлмес мирас, өмірлік мұра болып жатқан тәлім-тәрбие жөніндегі тәжірибесі. Яғни ата буын өкілдерінің тәрбие тұр­ғы­сын­дағы жинақталған бай тәжірибелеріне сүйене отырып, өскелең ұрпақты адал ең­бек­ке, ұлтжандылыққа, өнер-білімге бау­лу, салауатты өмірге бейімдеу, адам­гер­­ші­лік қасиеттерге тәрбиелеу. Мұны ұс­таз­дық тәжірибеде тиімді пайдалана ал­сақ, игі мақ­саттарға қол жеткізе ал­ға­ны­мыз.
Аягүл МИРАЗОВА, Алматы қаласы мектеп ди­ректорлары кеңесінің төрайымы, Қазақ­станның Еңбек Ері:
– Қазір білім саласына керекті-ке­рексіз түрлі тәсілдерді қолданып, осы­ның салдарынан негізгі пәннің сағат­тары кеміп, оқушылардың білім сапа­сын төмендетіп алдық. Еліміздің білім бе­ру жүйесінде халықтық тәлім-тәр­бие­мен ұштасқан тәжірибе жоқ. Халық­тық педагогиканы жеке пән ретінде емес, тарих, әдебиет, математика, фи­зи­ка болсын – барлық пәндерде ха­лық­тық тәрбиенің үні естіліп тұруы қажет. Демек, бір-бірімен байланысып, біте қайнасқан жағдайда ғана білім сапасы артатын болады.
Зейнеп апа айтқандай, қазір елімізде қазақша мектептер көбейгенімен, оның еш­қайсысы да ұлттық жүйемен негіз­дел­ме­ген. Сондықтан бұл жерде, ең бастысы, ұлттық дүниелерге басымдық беруіміз қажет. Тіпті білім ошақтарында ұлттық дәс­түр­ді насихаттайтын, ұлттық тіл, дін, діл деген секілді асыл қасиеттерімізді жас­тар­дың бойына сіңіретін арнайы пән енгізсек те артықтық етпейді. Әрбір аурудың өзінің емі болатыны секілді, осындай батыстық індетке ұлттық өнегемізбен, қазақи бол­мысымызбен қарсы тұруымыз керек.
Енді халықтық педагогиканы мектептер­ге қалай енгізу керек дегенге келетін бол­сақ, ол үшін бұған Үкімет тарапынан қолдау керек. Сондай-ақ мұны мектептерге пән ретінде енгізгеннен кейін оның әрбір са­ға­тына қаржы бөлінсе екен. Одан кейін арнайы ұлттық бағдарлама жасап, оған ғалымдарды емес, бұрын мектептерде ұзақ жыл жұмыс істеген, тәжірибесі мол педагогтерді тартсақ жөн болар еді. Негізгі ұлттық бағдарламаның әдістемелерін со­лар жасағаны дұрыс. Онымен қоса, елі­міз­де мықты-мықты небір этнографтар бар, көзі ашық, көкірегі ояу ақсақал қарт­та­ры­мыз бен ақ жаулықты әжелеріміз бар, осы­лар­дан үйренеріміз көп. Бұл жерде басқа жақтан көшірме алудың керегі жоқ. Барлық өнеге қазақтың өзінде тұр. Сондықтан қазақы дәстүрді ғылыммен байланыстыру керек. Оның үстіне, қазір жастарымыздың барлығы интернетті жақсы меңгерген. Интернетке қазақтың ұлттық құнды­лық­тарын таратып, қазақы дәстүрді дәріп­тей­тіндей жақсы дүниелерді кіргізсек, ол да үлкен септігін тигізер еді. Сонымен қатар ЖОО-ларда халықтық педагогика ма­ман­да­рын дайындайтын арнайы кафедралар, зертханалар ашылса, құба-құп болар еді.
Әрине, халықтық педагогика дәстүрінде білім беруді қазақ мектептерінің оқу бағ­дар­ламасына енгізе салу – бір күнде шеші­ле салатын шаруа емес. Бұған кезең-ке­зең­мен көше отырып, мәселенің түйінін ше­шу­дің бірнеше жолын қарастыру керек. Бұл жерде үш тілділікке ешкім қарсылық білдірмейді. Әрине, ағылшын тілін білу – үлкен сұраныс. Онсыз біз әлемдік тех­но­ло­гиямен, әлемдік инновациямен жұмыс істей алмаймыз. Десек те, бұл ретте қазақы дәстүрді де, ұлттық педагогиканы да ұмыт­па­ғанымыз жөн болар. Сіз не дейсіз, ойлы оқырман?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста