Халықтың құқықтық сауаты өте төмен

Халықтың құқықтық сауаты өте төмен

Алдағы журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Заң және біз» бағдарламасының редакциясы маусымның 23-і күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының конференц-залында көрермендермен сұхбаттасып, «Құқықтық таным акциясын» өткізді. Осылайша бір күн бойы тегін заңгерлердің кеңесін ұсынып, көрерменге құқықтық мәселелерді шешудің жолдарын көрсетті. Аталған іс-шараға «Алаш айнасы» тілшілері де қатысып қайтқан еді.
Өткен жылдың қыркүйек айында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Заң және біз» бағдарламасы ашылып, оның журналистері тікелей эфир арқылы көпшіліктің көкейінде жүрген құқықтық сауалдарға жауап беріп, түйткілді мәселелелерді шешуге септігін тигізуді мақсат тұтқан еді. Міне осы 9 ай ішінде хабар қаншама көрерменнің құқықтық-әлеуметтік мәселелерін шешуге септігін тигізді. Осы орайда көрермен алдында есеп беру үшін «Заң және біз» бағдарламасының журналистері «Құқықтық таным акциясын» өткізіп, көпшілік көкейіндегі мәселелерді ортаға салды.


Аталған жобаның продюсері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Сәуле Жиреншинаның айтуынша, осы уақытқа дейін 40-тан астам бағдарлама эфирге шығып, 300-ге жуық көрермен тікелей эфирге қоңырау шалған. Одан өзге хат жолдаған көрермен саны 200-ден асса, редакцияға хабарласқан жандар қаншама.
Сәуле Жиреншина, «Заң және біз» бағдарламасының продюсері:
– Бағдарламада негізінен бірінші кезекте әлеуметтік мәселелер жиі қозғалды. Көп балалы аналар, мүгедек жандардың құқығы жайлы, неке және отбасына қатысты сұрақтар, еңбек құқығы, тіпті қала берді несеи алу мен қайтару құқытары да қаралды. өте жиі кездесті. Өйткені бұлардың бәрі біздң күнделікті өмірімізбен тығыз байланысты. Күнделікті тұрмыста не істерін білмей, басы дауға қалып жүрген көрерменнің хатынан, біздің редакцияға жазып жатқан отандастарымыздың шағымынан түсінгеніміз – бізде әлде де құқықтық мәселелердің кемшін тұстары көп. Неғұрлым бұл тақырыпқа тереңдеген сайын, соғырлым мұндай әлеуметтік жобаға халықтың сусап отырғанын көрдік. Бірде-бір телеарна, жалпы бірде-бір баспасөз құралы өз көрерменінсіз, өз оқырманынсыз ештеңе емес. Біздің басты қызметіміз көрерменге арналған. Негізі мақсатымыз көрерменнің құқықтық сауатын арттыру, өзінің құқығын білмегендіктен түрлі жағдайдарға ұрынған адамдардың басындағы мәселені көтеру арқылы халықтың көзін ашу. Ата-әжелерін, ата-аналарын алдап, олардың баспаналарын кепілге қойып, алаяқтықпен несие алып жатқандары кездесіп жатыр. Бұл біздің болмысымызға жат. Бағдарлама көрерменге қажет болса, жалғасады деп ойлаймын.
Шолпан Бостанқызы, заңгер:
– Заң және біз бағдарламасы арқылы маған 38 хат келді. Әзірге соның 16-сының мәселелері шешілді. Жалпы заңгер ретінде айтарым, біздің елімізде ең көп кездесетініні – жер мәселесі. Барлық құқық бұзушылықтың 70 пайызы осы жер дауы. Мысалы, Алатау ауданындағы көптеген жер телімдерін кезінде адамдар басып алды. Кейіннен осы жерлерді заңдастыруда да қиыншылықтар туды. Өз уақытнда жердің тиісті құжатын заңдастырмаған да адамдар бар. Кейбір жергілікті органдар Жер кодексінің 43-бабын дұрыс білмей жатады. Дегенмен қазіргі таңда көптеген жер дауы оңтайлы шешіліп жатыр. Өзімнің заң саласында 30 жыл болды. Осы уақыт ішінде байқағаным, халықтың құқықтық сауаты төмен. Көптеген адамдар заңды білмегендіктен заңсыздыққа ұрынады. Сондықтан әр азамат өз құқығын білгені жөн. Егер азамат ресми тілді дұрыс түсінбесе, мемлекеттік қызметкерлерден өзіне қажетті ақпаратты мемелкеттік тілде түсіндіруін талап ете алады.

«Заң және біз» тележобасына кәсіби маман иелері, прокуратура, адвокат, сот, әділет қызметі саласының білікті мамандары қатысып, құқықтық тақырыпты жан-жақты талқылайды. Әр дүйсенбі күні кешкі сағ. 19:00-де көрерменнің өзін мазалаған сауалды студия қонақтарына тікелей телефон арқылы қойып, немесе, электрондық поштасына хат жазып, жауап алу мүмкіндігі бар.
«Құқықтық таным акциясына «Заң және біз» бағдарламасының продюсері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Сәуле Жиреншина, «Заң және біз» бағдарламасының жүргізушісі, «ЗАҢ» Медиа-корпорациясы» ЖШС президенті Досымбек Өтеғалиев, «Заң және біз» бағдарламасының тұрақты заңгері, «Ел бірлігі» одағының президенті Шолпан Бостанқызы, «Заң және біз» бағдарламасының тұрақты заңгері, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Айбарша Сапиева, «Заң және біз» бағдарламасының тұрақты заңгері, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Салтанат Нұрғожаева, Алматы қаласы өңірлік алқасының жеке сот орындаушысы Иманбеков Нұрлан, Алматы облысы бойынша еңбек инспекторы, бас маман Ақжолов Есхат Рысбекұлы және өзінің құқықтық мәселелерін шеше алмай жүрген көрермендер қатысты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста