Халық саулығы – ел байлығы

Халық саулығы – ел байлығы

Мемлекеттің басты байлығы – адам. Азаматтардың денсаулығын жақсарту – елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуы­ның кепілдігі. Осы қа­ғи­даларды жүзеге асыру мақсатында Қазақ­стан Республикасы Пре­зи­дентiнiң 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдар­лама­ны жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең 2011 – 2013 жылдарға, екінші кезең 2014 – 2015 жылдарға жоспарланған.
Бағдарламаның мақсаты – елiмiздiң ор­­нықты әлеуметтiк-демографиялық да­муын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан аза­мат­тарының денсаулығын жақ­сарту.
Мiндеттерi –азаматтардың денсау­лығын сақ­тау және санитариялық-эпи­де­мио­ло­гия­лық саламаттылықты қамтамасыз ету мә­се­лелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылды күшейту, бiрыңғай ұлттық денсаулық сақ­тау жүйесiн дамыту және жетiлдiру, ме­ди­ци­налық және фармацевтикалық бiлiмдi жетiлдiру, медицина ғылымын және фар­ма­цевтикалық қызметтi дамыту.
Нысаналы индикаторлар.  Халықтың күтiлiп отыр­ған өмiр сүру ұзақтығының 2013 жыл­ға қарай 69,5-ке дейiн, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейiн ұлғаюы; ана өлiм-жiтiмiнiң 100 мың тiрi туылғандарға шақ­қан­да 2013 жылға қарай 28,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейiн төмен­деуi; нәресте өлiм-жiтiмiнiң 1000 тiрi туыл­ған­дарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейiн төмендеуi; жалпы өлiм-жiтiмнiң 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейiн, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейiн төмендеуi; туберкулезбен сыр­қат­та­ну­шылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейiн, 2015 жыл­ға қарай 94,7-ге дейiн төмендеуi; 15-49 жас аралығындағы тобында АИТВ ин­фекциясының таралу­шылығын 0,2 - 0,6 ше­гiнде ұстау.
Азаматтардың денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік
«Саламатты Қазақстан» бағдар­лама­сы­ның басым міндеттерінің бірі қазақ­стан­дықтардың жеке және қоғамдық ден­сау­лығын жақсарту бойынша елеулі түрде алға жылжу болып табылады. Бағ­дар­ла­ма­да денсаулықты сақтау бойынша сектор­а­ралық өзара іс-қимылға айрықша назар аударылады, өйткені бірінші кезекте мемлекеттік ведомстволарды, бизнес-құры­лым­дарды, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдарды  қосқанда, қоғам­ның барлық секторлары күшінің айқын ке­лі­сім­ділігі қажет етіледі. Өйткені ден­сау­лық сақ­тау мәселелері тек денсаулық сақ­тау жүйесіне ғана қатысты емес. Қо­ғамдық денсаулықты қорғауды іске асыруда бизнес құрылымдарды белсенді тарту жергілікті денсаулық сақтау бағ­дар­ла­маларын қаржыландырудың қосымша бюджеттен тыс көздерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бастапқы денсаулық сақтауға берілетін екпін
«Саламатты Қазақстан» бағдар­ла­ма­сы­ның елеулі ерекшелігі – оның негізгі ба­сым­дықтарының бірі – денсаулық сақтау саласының басым әлеуметтік бағыттылығы. Бұл кезең-кезеңмен медициналық қыз­мет­тің сапасын жақсартуға, денсаулық сақ­тау саласының жоғары технологиялық жүйесін дамытуға әсер етеді. Осыған байланысты әр медициналық ұйымның және бас­қарушылық құрылымдардың жұмы­сы­ның сапасына ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, әлеуметтік проблемаларды шешуде бастапқы медициналық-сани­та­рия­лық көмектің (БМСК) рөлі айтарлықтай артып келеді, өйткені ол денсаулық сақтау жүйесінің іргетасы болап табылады.
Бүгінгі таңда БМСК өз қызметін бірқатар объективті себептермен толық атқара алмай келеді. Тиісінше жедел жәрдемнің, ма­мандандырылған амбулаториялық жә­не стационарлық көмектің қымбат тұра­тын қызметтерін тұтыну артуда. Осыған бай­­ланысты «Саламатты Қазақстан» мемле­кеттік бағдарламасы жүйеге әлеу­меттік қызметкер институтын енгізуді көз­дейді және бұл бөлімше жұмысының тиім­ді­лігін ай­тар­лықтай арттырып, БМСК-ні бас­тапқы ме­­дициналық көмек көрсетудің әлем­дік стан­дарттарына жақындата тү­се­ді.
Скринингілік зерттеулер
Бүгінгі таңда Қазақстанда жүрек-қан тамыр аурулары, онкологиялық аурулар, жарақаттар, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары Қазақстан халқының өлім-жітімі құрылымында алдыңғы орындарды алады. Олардың пайда болу қаупі факторларын жою арқылы аурулардың алдын алу­ға болады.
Осыған байланысты «Саламатты Қазақ­­стан» мемлекеттік бағдарламасы шең­берінде скринингілік зерттеулер жүр­гізу көзделген. Ағылшын тілінен ау­дарғанда «Скрининг – screening» «іріктеу, фильтрация» деген ұғымды білдіреді.
2011 жылы мыналар жалғасын тауып, ен­гізілетін болады:
1. Холестеринді, қан глюкозасын анық­тау арқылы артериялық гипертонияны, жү­ректің ишемиялық ауруын, қант диабетін ерте анықтауға;
2. Жаңа туған балалардың туа біткен жә­не тұқым қуалайтын есту мүшелері ауруларын анықтауға;
3. РАР-тест пайдалану арқылы әйел­дер­дің жатыр мойны обырын ерте анық­тау­ға скринингтік зерттеулер жүргізіледі.
4. Мыналарда:
1) 2011 жылдан бастап балалардың (қан ауруымен ауыратын, гемодиализдегі, қа­терлі ісіктермен ауыратын, ота жа­салған және қан және оның компоненттері құйыл­ған);
2) 2012 жылдан бастап ересектерді (ме­дицина қызметкерлері: ота жасай­тын дәрігерлер мен хирургиялық бейін­дегі, ем-шара кабинетінің мейірбикелері, жедел жәрдем қыз­мет­керлері, қан орта­лық­тарының, па­та­логоана­то­миялық қыз­меттің, сот-медици­налық сарапшылар, сон­дай-ақ қан ауруымен ауыратын нау­қастарды) В және С гепатитіне нысаналы қауіп топ­тарының скринингі;
5. Глаукоманы ерте анықтауға скрининг.
Скринингілік зерттеулерді енгізу ха­лық­тың нысаналы топтары арасында ауру­лар­дың симптомсыз нысандары мен қауіп фак­торларын белсенді ерте анық­тауға мүмкіндік береді.
Скринингтер қайда және қалай өткізіледі?
Қала тұрғындары медициналық тек­се­ру­ден қаланың кез келген емханалары, дәрігерлік амбулаториялары, жекеменшік нысанына қарамастан, ведомс­тво­лық медициналық-санитариялық бө­лім­дер­де және емханаларда өте алады. Ал ауыл тұрғындары медициналық пункттерде, фельд­шер-акушериялық пункттерде, дә­рігерлік амбулаторияларда, аудандық емханаларда, сондай-ақ қалалық және аудан­дық емханалар деңгейінде про­фи­лак­тикалық медицина бөлімшелерінде өте алады.
Сринингтік тексеруді медицина қыз­мет­керлері жүргізеді. Ол үшін қызмет көр­се­тілетін аумақтық учаскелер бөлігінде скри­нингтік тексеріп-қарауға жататын тұр­ғын­дар арасынан тізім жасалады. Бұдан әрі осы азаматтар санатына қажетті тексеру көлемін, уақытын және кестесін көрсете отырып профилактикалық тексеруден өту қажеттілігі туралы хабардар етеді. Дерт анықталған жағдайда науқастар маман­дан­дырылған медициналық ұйымдарға зерт­теуден толық өтуге жіберіледі. Одан бас­қа жұқтыруды тудыратын қауіп-қа­тер­лер тобына жататын және созылмалы ны­сандағы аурулармен тұлғалар үшін ден­саулық сақтау мектебі ұйымдас­ты­ры­ла­ды.
Ана мен бала денсаулығын сақтау - негізгі басымды бағыт
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығы – ана мен бала денсаулығын сақтау.
Қазіргі кезде «Саламатты Қазақстан» шеңберінде босандыру және балалар ұйым­дарының материалдық-техникалық база­сы едәуір жасқарды. Жаңа перзентхана, перинаталды орталықтар және балалар ауруханалары салынды. Медициналық жаб­дықтармен жарақтандырылды, алдың­ғы қатарлы технологиялар енгізілді.
Оған қоса, мемлекет жүкті әйелдерге, бес жас­қа дейінгі балаларға қажетті дәрілік зат­тарды тегін береді. Жағдайды түбегейлі жақсарту мақсатында ана мен бала өлім-жітімін төмендету үшін жедел жәрдем шара­ларын қабылдау бойынша рес­пуб­ли­ка­лық және өңірлік штабтар құрылды.
Соңғы жылдары Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы пайдалануға бе­ріл­ді, олардың базасында халықаралық стан­­дарттарға сәйкес жоғары технологияларды қолданумен әйелдер мен балаларды емдеу жүргізілуде. Қолданылған шаралар нәтижесінде 2004 жылмен салыс­тыр­ған­­да, ана өлім-жітімі 1,6 есеге төмендеді. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақ­стан­­­да нә­ресте өлім-жітімінің көрсеткіші Дү­ниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсын­ған тірі және өлі туғандардың өлшем­де­­рін есепке алумен тіркеледі. Өткен жылы нә­­ресте өлім-жітімінің көрсеткіші 2008 жыл­мен салыстырғанда 20 пайызға тө­мендеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық
Көрсетілген бағыт шеңберінде инфек­ция­лық және инфекциялық емес ауру­лар­дың, оның ішінде кәсіби аурулардың профилактикасы және бақылауды күшейту жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Кеден одағы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) талаптарына сәйкес халықаралық стан­дарттарға өту жоспарлануда. Одан басқа, В және С вирусты гепатиттерімен ауыратын науқастардың, сондай-ақ республика халқының кәсіби сырқат­та­ну­шы­лығы тіркелімі құрылатын болады. Сани­та­риялық-эпидемиологиялық қызметтің маңызды бағыттары болып оның инно­ва­ция­лық бағыттылығын дамыту айқын­дал­ды. Мемлекеттік санитариялық-эпи­де­мио­логиялық қызмет жүйесінің ғылыми орта­лық­тары базасында медициналық им­мун­дық-биологиялық препараттардың қазіргі заманғы өндірісін құру жоспарлануда.
Туберкулез бен АИТВ жұқпасының та­ра­лушылығын төмендету үшін «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында меди­ци­на­лық көмек көрсетуді жетілдіру және осы мә­селелер бойынша пенитенциарлық жүйе контингентінің ақпараттандырылуын арт­тыру, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін медициналық жаб­дық­тармен жарақтандыру жоспарланды. Одан басқа, жергілікті атқарушы органдар тарапынан туберкулезбен ауыратын нау­қас­тарды әлеуметтік қолдауға ресурстар, сондай-ақ қамау орындарынан боса­тыл­ған адамдарды емдеу жөніндегі шараларды күшейту қажет.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, елдегі халықтың инфекциялық сыр­қат­та­ну­шылығы бойынша жағдай тұрақты. Оба, тырысқақ, дифтерия, туляремия, паратиф, столбняк секілді аса қауіпті аурулар тір­келген жоқ. Вакцинация халықтың ин­фек­­ция­лық сырқаттанушылғын төмендету бойынша ең тиімді және экономикалық қолайлы профилактикалық іс-шаралардың бірі екен­дігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Іс  жүзінде  жыл сайын жаңа вакци­на­лар­­ды енгізу есебінен екпелер тізімінің саны кеңейіп, егілген халықтың саны ұлғаюда. Тек соңғы жылдары мемлекеттік бюджет есебінен Қазақстан үшін барынша өзекті бо­лып табылатын инфекциялық ауруға қар­­сы вакцинация жүргізілді және қазіргі уа­қытта иммундық профилактика 19 ин­фек­­цияға қарсы жүргізілуде, бұл жұқ­ты­ру деңгейін айтарлықтай төмендетуге әкел­ді.
Қазіргі уақытта вакцинациялаудың ар­қа­сында қызамықпен сырқаттанушылық 208,9 есе, эпидемиялық паротитпен – 36,8%-ға, көк жөтелмен – 6 жағдайға, «В» ге­патитімен 19,5%-ға төмендетуге қол жет­кізілді. Аса қауіпті аурулардың, ин­фек­циялық аурулардың 21 нозологиясы бойынша және инфекциялық аурулардың қоз­дырғыштарын тасымалдаудың екі нысаны бойынша сырқаттанушылықтың тұрақ­ты төмендеуі байқалуда. Адамдарды гемо­филя инфекциясына қарсы вакцинациялау да екі жасқа дейінгі балалар арасында ме­нин­­го­коктық инфекциямен сыр­қат­та­ну­шылық пен өлім-жітімнің тұрақты тө­мен­деуі соның дәлелі болып табылады және оның тиім­ді­лігін көрсетті.
Одан басқа республикада инфекциялық сыр­қаттанушылықты одан әрі төмендету үшін балаларды пневмококктық инфек­ция­ға қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау енгізілді, ол 2015 жылы толық енгізі­ле­тін болады. Сондай-ақ елге полио­ме­лит­тің әкелінуіне жол бермеу мақсатында өткен жылы аса қауіпті инфекцияға қарсы қосымша иммундаудың үш кезеңі өткізілді, бұл халық арасында жұқтыру қаупін ай­тар­лықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Одан басқа, балабақшаларда, мектептерде, емдеу-алдын алу ұйымдарында с­а­ни­тариялық ережелерді жақсарту бойынша ай­тар­лықтай жұмыс жүргізілді. 13 мың ша­­қы­рым­нан астам су құбырлары желісі қай­та са­лынып, жөнделді. Халқының саны 5 мыңнан асатын 3,5 мың елді мекеннің сумен жабдықталуы жақсарды, ал суды тасымалдап ішетін ауыл халқының саны бірнеше есе қысқарды. Қазіргі таңда республикада 15-тен астам кәсіпорында су құбырлары желісі үшін полиэтилен құ­быр­лар­ды шығару жолға қойылған. Оларды ауыс­тыру халықты сапалы ауыз сумен қам­та­масыз етеді.
Отандық биотехнологияларды одан әрі дамыту мен вакциналар және оларға ұқсас препараттарды өндіру және балаларды пневмококктық инфекциядан кезең-ке­зең­імен вакцинациялауды жалғастыру жө­нін­дегі іс-шаралар жоспарда бар.

БҰДЖ - еркін таңдау, жоғары сапа
2010 жылдан бастап елімізде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДЖ) енгізілді. Жаңа жүйе науқас адамға ме­ди­ци­налық ұйымды еркін таңдау құқығын береді. Стационарлық көмекке арналған дәл осы шығыстарға соңғы уақытта нау­қас­тардың көбі емделіп шықты.
Бірыңғай ұлттық жүйе төсектерге тәуел­ділікті ысырды. Басты тұлға – төсек жұ­мы­сының көрсеткіштері емес, науқас болды.
Дәрігерді және медициналық мекемені таңдау құқығын өткен жылдың қоры­тын­дысы бойынша стационарларда емделген 500 мыңнан астам адам пайдаланды және оның елеулі бөлігін ауыл тұрғындары құ­ра­ды. Стационарларда ақы төлеу төсектік қорды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. 2 874 төсек саны қыс­қар­тыл­ды, 3 790-ы қайта бейінделді.
БҰДЖ енгізгеннен кейін науқастар медицина саласындағы қазіргі заманғы же­тіс­тіктерді және жоғары техно­ло­гия­лардың нақты нәтижелерін сезді. Қазіргі таңда об­лыс орталықтарында нейрохирургия, кар­диохирургия, отоларингология, травматология, онкология және экстракорпоральді ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетілуде. Жаңа халықаралық технологиялар  басты ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) және республикалық клиникалар­да сынақтан өтті, қазір ойдағыдай өңір­лер­де қолданылуда.
Сапасыз медициналық көмекке тез назар аудару мақсатында барлық меди­ци­на­лық ұйымдарда «қызу желі» қызметтері құ­рылған, бұл телефондар бойынша кез келген адам өзіне қажетті ақпаратты алу үшін хабарласа алады және шағымын білдіре алады.
Жолы қиын және алыс орналасқан өңір­лерде тұратын еліміздің тұрғындары үшін сапалы медициналық қызметтерді алу бертінге дейін оңай болған жоқ. Бүгінгі таңда осындай тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында жырақта орналасқан елді мекендердегі науқастар үшін жоғары маман­дан­дырылған дәрігерлердің қашықтықтан кеңес беруіне мүмкіндік жасайды. Қазірдің өзінде шамамен 150 орталық жылына осын­дай 10 мың консультация береді. 2010 жылдан бастап қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақ­тан­дырылған және дәрігерлер бригадасы бар жылжымалы медициналық кешендерді сатып алу басталды.
2010 жылы екі мамандандырылған емдеу-диагностикалық «Денсаулық» пойыз­дары жаңа әлеуметтік жобасы бастау алды. Осы жоба шеңберінде еліміздің ең алыс орналасқан елді мекендеріндегі 10 мың­дай адам тексеріліп, қаралды және ем қа­был­да­ды.
Мемлекет осы бағыттың дамуына айтар­лықтай ресурстар салуда. Ағымдағы жылы тағы бір пойыз іске қосылады. 50 қазіргі заманғы медициналық жаб­дық­тар­мен жарақтандырылған және дәрігерлер бригадасымен жиынтықталған жылжымалы медициналық кешендер сатып алынатын болады.    
Халыққа, соның ішінде ауылды жерлерде тұратындарға медициналық көмек­тің қолжетімділігін арттыру үшін жоғарыда көрсетілген шаралардан басқа, 350 ме­ди­ци­налық нысан құрылысы бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.
Төтенше жағдайлар кезінде жедел ме­ди­циналық көмек көрсетудің тиімді жүйе­сін ұйымдастыру үшін республикалық мәні бар тас жолдарда трассалық меди­ци­на­лық құтқарушы пункттер құру жос­пар­лан­ған.
Қолжетімді дәрі-дәрмек
Медициналық қызметтер саласының әркімге де қатысы бар. Себебі өз ден­сау­лы­ғын және жақындары мен туған­да­рың­ның денсаулығынан қымбат не болушы еді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) жоба­сы­ның шеңберінде жақын уақытта аза­мат­тардың жекелеген санаттарына аурулардың белгілі бір түрлері бойынша тегін немесе жеңіл­дікпен дәрі-дәрмектер ұсынылатын болады және бұл адамдарға елеулі көмек болады. Негізінде, отандық өндірістегі препараттар болатынын атап өту қажет. Бұл дәрі-дәрмектермен елдің жартысынан астам халқы қамтамасыз етілуі тиіс. Жеңіл­дік­пен берілетін дәрі-дәрмектер қызметін пайдалану үшін азаматтар учаскелік дәрі­гер­лерге хабарласуы керек. Егер дәрігер қойған диагноз медициналық көмектің ке­піл­дік берілген көлемі шеңберіндегі ауру­лар­дың тізбесіне енген болса, науқастарға жеңілдікпен берілетін баға бойынша дәрі-дәрмектерді алу рецепті берілетін болады: 50% жеңілдікпен немесе тегін. Сонымен бірге «Саламатты Қазақстан» бағдар­ла­ма­сы шеңберінде амбулаториялық дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз ету әдісінде өзге­ріс­тер болады. Жаңа енгізулер науқастарға дә­ріхананы және қажетті дәрілік препараттарды таңдау мүмкіндігін береді.
Сондай-ақ реформалар тегін және жеңіл­дікпен берілетін рецептер бойынша дәрілік заттарды беретін дәріханалар санын көбейтуді де қозғайды. Қазіргі уақытта оларды тікелей іске асырудың тәсіл­дерін әзірлеумен айналысатын жұмыс­шы топ құрылған. Бұл үшін тегін және жеңілдікпен беретін дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесіне тиісті талдау жүргізілуде. Пилот­тық жобалар Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды.
Ауыл тұрғындарының сұранысын қа­на­ғат­тандыру мәселесі өзекті болып отыр. Халықты уақтылы дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін Денаулық сақтау министрлігі «СК Фармация» ЖШС бірлесіп, 2011 жылдан бастап жартыжылдық қа­жет­тілікті сақтай отырып, барлық өңірлерде логистикалық инфрақұрылымды ұйым­дас­тыруды бастады.
Қорыта айтқанда, бағдарламаның ха­лық денсаулығын жақсарту мақ­са­тын­да жасалып отырғанынна шүбә жоқ. Елбасы тапсырмасымен Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі та­ра­­пынан атқарылып жатқан іс-шаралар бағдарламаның баянды болуын то­­лықтай қамтамасыз етеді деп сенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста