Халал өнім, хәлің қалай?

Халал өнім, хәлің қалай?

Бүгінде елімізде «Халал» белгісі бар өнімдер мен қызмет түрлері халықтың жоғары сұранысына ие болып отыр. Осыны аңғарған пысықайлар халал белгісін орынды орынсыз тықпалауға тырысып бағуда. Халал жұмыртқа, халал сауна, халал техникалық қызмет көрсету орны, халал стоматология, халал опа далап, халал асаба секілді атауының өзі күлкі шақыратын қызмет түрлері мен өнімдердің қаптауы осының айғағы. Сарапшылардың айтуынша халал белгісінің танымалдылығы артқан сайын жалған халал өнімдерін жасаушылар да күрт көбейген.
Мәселен жақында жүргізілген тексеріс нәтижесінде еліміздегі халал өнімдердің басым бөлігінің жалған екені белгілі болды. Еліміздегі халал индустриясы бірде бір мемлекеттік орган арқылы бақыланбайды да екен. Осыны тиімді пайдаланған пысықайлар халықты жалған халал өнімдермен қамтамасыз етіп келген. Сондықтан еліміздегі «Ата дәстүр мұрагері» қоғамдық қорының өкілдері халыққа «халал» бренді бар өнімдерден сақ болу керектігін ескертіп отыр. Жақында аталмыш қоғамдық қор өкілдері мен құқық қорғаушылар жүргізген тексеріс нәтижесінде дүкен сөрелерінен алынған халал белгісі мен «мұсылмандық» деген жазуы бар 150 өнімнің тек 14-і ғана өзінің халал белгісін ақтап шыққан.
«Ата дәстүр мұрагері» қоғамдық қорының төрағасы Арманғазы Мұратов «әдетте халық халал белгісі бар шұжықтарды сатып алуға тырысады. Мен дүкен сөрелерінен халал белгісі бар шұжық іздеп жүрген халықты жиі көрем. Олар шұжықтың сыртындағы халал белгісіне сенеді. Ал біз сатып алып тексерген халал белгісі бар төрт шұжықтың екеуінің құрамында шошқа еті қосылғанын анықтадық. Демек талай адам алданып жүр. Өндірушілер халықты алдап, тұтынушылардың құқықтарын бұзып отырғаны белгілі болса да біз оларды жазалай алмаймыз. Өйткені елімізде ресми түрде халал белгісі бар өнімдер белгілі бір мемлекеттік орган арқылы қадағаланып отырған жоқ. Халал өнімдерді бақылайтын арнайы құзырлы орган болмайынша, жалған халал өнімдерге тұсау салу да мүмкін емес» дейді.
Сондай-ақ халал белгісі бар 70-тен астам тамақтану орындары сол талапқа сай болмай шыққан. Осылайша елімізде халал белгісінің атына заты сай, сапалы өнім мен дұрыс қызмет ету талабына емес, кәсібін дөңгелетушілердің мүддесіне жұмыс істеп келгені белгілі болып отыр.
Жалпы, «Халал» мұсылман хал­қы­на тән, өнімнің тазалығын білдіретін белгі. Яғни тағамда доңыз етінің болмауымен қатар, зиянды қоспаларсыз, физикалық тұрғыда таза дайындалған тағамдарды жеуге рұқсат деген сөз. Жалпы өлген, қаны шықпаған малдың еті харам саналады. Сондықтан тағамды халал белгісіне қарап таза деп танитынымыз рас. Алайда елімізде халал өнімдерге қатысты нақты заңның, қадағалаудың жоқтығы көкейдегі күдікті көбейтіп тұр.
Бүгінде әлемде халал өнімін 2 мил­лиардқа жуық адам тұтынады екен. Осы орай­да халал индустриясы да әлем бойынша жыл са­йын даму үстінде. Ал Иран, Түркия, Индонезия, Малайзия, Фран­ция, Ұлыбритания сияқты елдерде бұл өнімдер жоғары қарқынмен өсуде. Мәселен Американың үш штатында халалға қатысты заң бар екен. Демек ол елдерде халал индустриясы қадағалануда деп айтуға болады. Сол сияқты бізде де заң қабылданып, арнайы халал өнімде­рін бақылайтын, қадағалайтын орган құру қажеттілігі сезіледі. Ол мемлекеттік ор­ган болып, халалдың жүйесін, соның ішінде сертификатталғанын да, сертификат алмай әншейін халал деп жазғандарын да тексеруі тиіс. Әйтпесе еліміздегі халал брендінен абырой қашып бара жатқандай.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста