"Ұнамаса, басқа біреуге береміз”: Қаңтарда 4 жастағы қызынан айырылған Айдос Меделхан отбасымен бірге жаңа үйіне тіркеле алмай жүр

"Ұнамаса, басқа біреуге береміз”: Қаңтарда 4 жастағы қызынан айырылған Айдос Меделхан отбасымен бірге жаңа үйіне тіркеле алмай жүр

7 қаңтарда басына оқ тиіп, көз жұмған 4 жастағы Айкөркемнің отбасына әкімдік жақында үш бөлмелі үй табыстаған. Алайда бүлдіршіннің әкесі Айдос Меделхан жаңа пәтердің “жыры” көп болып тұрғанын айтады. Қазіргі басты мәселе – жаңа үйге отбасының тіркеле алмай отырғаны. Отбасының жаңа үйге көшкеніне бір айдан аса уақыт өткен. Ал екі айдан бері аталған мәселе шешімін таппай келеді. Заңгерлер Меделхановтар отбасының пәтер үшін жасасқан келісімшарты кез келген уақытта жойыла алады деп ескерткен. Stan.kz тілшісі мәселенің анық-қанығын білді.

Алматы қаласының әкімдігі жергілікті құрылыс компаниясымен бірге ақпан айының ортасында Айдос Меделханның отбасына үш бөлмелі пәтер беру туралы шешім қабылданған. Отбасы бір айдан аса уақыттан бері Түркісіб ауданында орналасқан комфорт-клас деңгейлі тұрғын үй кешенінде тұрып жатыр.

“Моральді тұрғыда шаршап кеттім”

Отбасы басшысының сөзінше, жаңа пәтер біраз әуре-сарсанға түсірген. Ендігі мәселе жанұя бүгінде пәтерге тұрғылықты жері бойынша тіркеле алмай жатқандығында.

“Алдын ала келісімшарт жасадық, нотариуске шақырды. Рәсімдеуге келіссөздерге қатыстық, бірақ біздің атымызда үйдің бар екені туралы ақпарат болмады. Содан соң уайымдап сұрастыра бастадық. Сөйтсек, әкімдіктегілер, құрылыс компаниясы “кешіріңіздер, осылай болып қалды” дейді. Бұл мәселені шешіп жатырмыз деп уәде берді”, – дейді.

Белгілі болғандай, пәтер кепілде тұрған.

“Ал нотариус мүлікке құқық ауыртпалығын қалайша байқамаған деп сұрастыра бастадым. “Аға, қам жемеңіз, мәселені шешіп жатырмыз” деді. Олар неге көрмеді сонда? Нотаруске де барып бұл қалай болды деп білмек болдым. “Ештеңе етпейді, электронды түрде бәрі шығып түр ғой, техникалық құжат қолыңызда ғой” дейді. Мұны қалай оны нотарус байқамағанына таңым бар. 

Шындығына келгенде бұл келіссөз – заңсыз. Бұдан ары да кез келген әрекетіміз заңсыз болады. Олар үшін бәрі қалыпты болып тұр”, – дейді көп балалы әке.


Түркістан облысында үш жасар бала үйінен 2 шақырым жерге кетіп қалған: Анасы оны байқамаған 

Украинада қаза тапқан ресейлік сарбаз соғысқа бетіне "ота" жасатуға қажетті қаржы жинау үшін барған 

Айдос Меделхан мәселесін айтып, заңгерлерден кеңес те сұраған. Мамандар тез арада құжаттар реттелмесе, келіссөздің күші жойылуы оп-оңай деп отыр екен.

“Егер біреу-міреу арыз, шағым түсіретін болса, сіздердің келіссөздеріңіз жойылып кетеді деді. Техникалық құжат, басқа да құжаттар пәтерге құқық ауыртпалығы тұрғанда жасалған”, – дейді ол.

Қаңтар оқиғасынан соң бәріне күдікпен қарай бастаған Меделхан арада бір шикілік бар деп топшылайды.

“Нотариустың екі басы жоқ. Біреу бірдеңе жасырып отырған сияқты. Пәтер әйелімнің атында. Бірақ біз оған тіркеле алмай жатырмыз. Егер пәтер менің атымда болса, оған кімді тіркегім келсе де, өзім білемін, дұрыс емес пе? Бірақ біздің жағдайда пәтердің иесінің қолынан келмей тұр”, – дейді Меделхан уайымға салынып.

Отбасы өз қаражатына жертөледен орын сатып алған. Соған тіркелеміз деп жүр.

“Өз ақшамызға жертөледен орын сатып алдық, енді әкімдік берген үйімізге емес, тек өз қаражатымызға алған бөлмеге тіркеле аламыз. Осымен тіркеле алмай жатқанымызға екі айдан асты. Қайда бармасам да сылтаулары дайын тұрады. Әкімдікке де кіре алмайсың. Алматы әкіміне бес күннен бері кіре алмай жүрмін, Түркісіб ауданы әкіміне де жолыға алмадым. Қашан келмесем де, орнында болмайды, өзі шақырады дейді”, – дейді ол.

“Пәтерде ыстық су жоқ”

Ал пәтердің жалпы жағдайына отбасының көңілі толғанға ұқсайды. Алайда пәтерде қазір ыстық су жоқ екен.

“Үш бөлмелі үй, жөндеу жұмыстарын жасадық өз ақшамызға. Пәтердің сиқы жаман емес. Ыстық су әзірге жоқ, шілдеде болады деген. Бұл бойынша да әкімдікке шағымдандым. Олар шілде, тамызда, тіпті қыста беріледі деп отыр. Пәтерді кімнен қалай алғанын білмеймін. Жаңа тұрғын үй. Алайда бұл пәтердің мәселесін түсінбей жатқанымызға төрт ай болды. Әйтеуір бірінен соң бір мәселе шығып тұрады”, – дейді ол.

Барлық нәрсеге күмәнмен қарайтын болдық деген Меделхановтар отбасының пәтер ұсынған құрылыс компаниясына да назы бар.

“Егер пәтер ұнамаса, босат деп Құрылыс одағынан хабарласты. Ұнамаса, басқа біреуге береміз дейді. Блогер, еріктілерден пәтер сұра дегендей қылады. Әкімдікке де бұған қатысты шағымдандым, бұл не деген масқара, былай қарап тұрсаңыз.. Олар жауабын айтамыз деген, бірақ хабар жоқ”, – дейді көп балалы әке.

Алматы әкімдігі Stan.kz тілшісіне өз кезегінде пәтерге тіркелу мәселесі реттеліп жатқанын хабарлады. 

Айта кетейік, осыған дейін редакциямызға берген сұхбатында Меделхан отбасы 150 мың теңгеге жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын айтқан еді. 

“Алматыда тұрып жатқаныма 28 жыл болды. Үлкен балам екеуміз осы оқиғаға дейін такси жүргізушісі болып нәпақа таптық. Жолдасым балабақшада жұмыс істейді, айлығы 80 мың теңге. Жалдамалы пәтерде тұрамыз, оған айына 150 мың теңге төлейміз”, – деген еді отағасы сол кезде.

Еске салсақ, Қаңтардағы дүрбелеңде Алматыда 12 жасар Сұлтан мен 4 жасар Айкөркем қаза тапты. Айкөркемнің әкесі Айдос қызының қазасына өлең арнады, ол сол күндері мылтық ұстаған әскерилерге арналған.

3 маусым күні Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп, қаза тапқан Айкөркем Мелдеханның муралы пайда болып, көп ұзамай қайта өшірілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста