Анна Құдиярова Абай бірнеше қызды бүлдірген деп елді елең еткізген болатын, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек Абай Құнанбаев туралы жағымсыз пікір айтқан психолог Анна Құдиярованы жындыға теңеді. Ол белгілі психологтың Абай турасында айтқан пікірін орынсыз деп санайды.
Белгілі психолог Анна Құдиярованың осы пікірінен кейін қоғамда қызу пікір-талас туды. Оның арасында танымал азаматтар мен елге белгілі ақын-жазушылар бар. Мәселен ақын Ақберен Елгезек психологтың өзін де, сөзін де жынды адамға теңеді.
Ауызым өзімдікі деп сөйлей беретіндерден зәттей болдық қой, түге! Бәрін қойып, енді ұлы Абайды оңбаған, зорлықшыл, ұятсыз қылып көрсету қалған екен! Психолог, психолог деген сайын псих болып бара ма мына апам?!, — деп жазды Ақберен Елгезек.
Белгілі психологтың Абай туралы айтқан мәлімдемесін Экспресс К бұған дейін жазған болатын. Ол өз сөзінде Ұлы Абайды қызқұмарлығымен көп қызды бүлдірген деп айтқан еді.