Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлер Көк-Төбе телемұнарасынан өз талаптарын алға тартпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомствода ҰҚК Шекара қызметінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен және әскери құрамалармен бірлесіп Алматы қаласының әкімдігі мен стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғауға қатысқанын атап өтті.
"Митинг барысында қылмыскерлер "Көк-Төбе" телехабар тарату мұнарасын басып алуға әрекеттеніп, одан бандиттер демонстрация ұйымдастырып, өз талаптарын алға тартпақ болған, алайда шекарашылар шабуылдың бетін қайтарды", - делінген хабарламада.