Ұлттық киімді кигіңіз келе ме?

Ұлттық киімді кигіңіз келе ме?

Ұлттық киімді халқымыз 21 наурыз күні сандығынан алып, 23 наурыз күні қайтадан сандығының түбіне жасырады. Шын мәнінде оюы төгілген камзол, бүрмелі көйлек, әшекейі көз тартар үкілі сәукеле мен тақиямыз сыртқа мақтанып көрсете алмайтындай жұпыны ма? Мәселен қырғыздар айыр қалпақтарын бастарынан тастамайды. Мейлі қайда жүрсе де айырқалпақты ағайынды басындағы айырқалпағынан танып жатамыз. Жапондар киманоларын әлемге әйгілеп әлек болуда. Тіпті кез келген киноларынан да киманолары қалмайды. Өзбектер де ала шапанын жамылып жүр. Ендеше ұлттық киімімізден жиренетіндей бізге не күн туды?! Ең болмаса «сәуірдің соңғы жұмасы ұлттық киім күні деп белгіленсін деген ұсыныс халық тарапынан неге кең көлемде қолдауға» ие бола алмады?! Ұлттық мүдде сөз болған тұста неге самарқаумыз? 

Біздің ұғымымызда қазақы ұлттық киім тек мерекелік іс-шаралардың, ұлттық мерекенің, сахнада әртістердің киімі деген түсінік қалыптасқан. Ал өзбектердің, жапондардың, қырғыздардың кез келген киносындағы ұлттық киімді қыз-жігіттеріне қызыға қараймыз. «Неге бізге де кимеске» дейміз еріксіз. Расында да неге кимеске?
Жасыратыны жоқ, ұлттық киім кеудеде патриоттық сезім оятпай қоймайды. Сондықтан шығар өзге елдің ұлттық киіммен жүргенін көргенде қызғанып-ақ қаламыз. Жақында елімізде «Ұлттық киім күнін» енгізу туралы ұсыныс айтылды. Әйтсе де Ұлттық киімді ұлықтайтын күн елеусіз қалды десек те болады. «Жыл сайын сәуір айының соңғы жұмасы Ұлттық киімді ұлықтау күні болсын» деген ұсыныс екі ай бұрын айтылғанымен, биыл бұл күні ұсыныс жалпыхалықтық сипат алып кете қоймады. Рас, әлеуметтік желіде бұл идея қызу қолдау тапты. Алайда қоғамдық орындар мен көшелерде ұсыныс жалпыхалықтық сипат алып кете қоймады. 24-сәуір күні Астананың бір топ тұрғыны қолдап, ою-өрнекті киім киіп көшеге шықса, маңғыстаулық жастар «Қазақша киін, ұлттық болмысыңды сақта!» деген атпен акция өткізді. Алматы қаласында да осындай акция көрініс тапты. Еліміздің басқа өңірлері ұсынысты қызу қолдап кете қоймады. Күнделікті кимек түгілі, біз халқымызды атаулы бір күні ұлттық киім киіп, ұлттық құндылығымызды қолдауға көндіре алмадық. Неге?
Жасыратыны жоқ, бүгінде сән әлемі ғарыштық жылдамдықпен дамып, адамзат атаулы ультрасән әлемінің жетегінде кетіп бара жатқан тұста, жаһандануға бой алдырмай төл киімдерін тәндерінен тастамай киіп жүрген ұлттар жетерлік. Ұлттық киімнің маңызы зор. Себебі тіл ұлттың ішкі жан дүниесін көрсетсе, ұлттық тағам елдің мәдениетін танытса, ұлтық киім сол халықтың сыртқы болмысын айқындайтын бірден бір фактор. Көп адамдар ұлттық киімді күнделікті киюге ыңғайлы емес, заманауи үлгіде тігілмейді деп жазғырады. Алайда әрі заманауи, әрі күнделікті киюге ыңғайлап тіксек бізге кім қой деп жатыр?! Негізі қазақтың бояуы қанық ұлттық ою өрнегі кез келген киімге әр беріп, ерекше сән беріп тұратыны рас. Ендеше әлемдік көрмелерге, керемет подиумдарға ұлттық киімдерімізді заманауи үлгіде тігіп, насихаттап жүрген сәнгерлеріміз күнделікті ұлттық үлгідегі киімдердің қатарын неге арттырмайды?
Түркіменстан Ғылым академиясы ғалым әйелдерді үстіне ұлттық нақыштағы көйлек, бастарына орамал тартып жүруге міндеттепті. Ал Моңғолияның ұлттық арналарында жаңалық оқитын дикторлар міндетті түрде ұлттық киім киіп отырады екен. Сондай-ақ олардың мектеп мұғалімдеріне де ұлттық нақыштағы киім кию міндеттелген, тіпті мектепте үзілісте соғылатын қоңыраудың өзін олар моңғол ұлтының рухын көтеретін музыкамен алмастырыпты. Болашақ ұрпақтың санасына ұлттық рухты олар осылайшы сіңдіруде. Жұрттың жақсылығына қызығып, қарап отыра бермей біз де неге ұлттық киімді кимейміз?
Айтпақшы қай бір жылы Алматы қаласында да Түркісіб ауданындағы бір мектеп тұтас оқу жылы бойына ұстаздарына ұлттық нақыштағы, оюланған камзол кигізген еді. Өздері оны ұстаздардың мектеп формасы ретінде таныстырған. Алайда кейін хабарласқанымызда келер оқу жылында мектептің бұл үрдістен бас тартқанын естіп жабырқап қалдық. Жап-жақсы бастама неге ары қарай басқаларға үлгі болып, жалпыхалықтық сипат алып кете алмады?! 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста