Ұлттық болмысқа шабуыл жасаған шүберектер

Бүгінде ұлттық киімдерді мереке күндері ғана, онда да тек әртістердің үстінен көретін болып жүрміз. Ол сахна киіміне немесе мұражайда сақталатын жәдігерге айналып бара жатқан сияқты. Ал тойларда кигізілетін шапан, қамзолдар сыйлық ретінде сандықтың түбінде жатады.

 

Қазір қаладағы сауда орындарына барсаң, шетелдің киімдерінен көз ашпайсың. Қалтаң көтерсе болды, сатып ала бер. Бірақ бір өкініштісі, олардың арасынан ұлттық үлгіде тігілген киімдерді сирек кездестіреміз. Мұндай киім-кешектер шетелдік тауарлар сынды арнайы бір орындарда ғана сатылады. Тағы бір мәселе, біз маусымға байланысты ұлттық киімдерді тігуді дәстүрге айналдыра алмай отырмыз. Мәселен, алда жаз айы келе жатыр. Ал сауда орындары тұтынушыларға, негізінен, шапан, қамзолдарды ұсынады. Яғни тұтынушының сұранысынан шығатындай ұлттық киім жоқ. Бүгінде жастарымыз сәнді киінгенді қалайды. Кейбір компаниялар ұлттық сән киімдерін тіккенімен, оның бағасы қарапайым халықтың қалтасы көтеретіндей емес. Жуырда біз ұлттық киімдердің бағасын, түрлерін анықтау үшін бірнеше тігін фирмаларының дүкендеріне бас сұқтық. Баға күйіп тұр. Мәселен, «Ерке нұр» дүкенінде құндыз жағалы бір шапанның ең төменгі бағасы шамамен 190 мың теңге тұрады. Кішкене баланың тақия, шалбар, көкірекшесі – бәрі бірге 12 мың теңге. Әйелдер қамзолдарының орташа бағасы – 20-30 мың теңге. Тек бұл емес, елімізге белгілі басқа да дүкендерде баға осы шамада. Ал басқа киім түрлерін компаниялар тек тапсырыспен ғана тігетін көрінеді. Тапсырыспен тігілген киімдердің бағасы арзан болмайтыны бесенеден белгілі. Бұрын киім базарларында ағылшынның джинсыларынан көз ашпайтын едік, соңғы уақытта арабтың хиджаптарынан көз сүрінетін болды. Қайтеміз, азаматтарымыздың санасына ғана емес, сыртқы көрінісіне де өзге мәдениеттер ықпал етіп жатыр. Сондықтан ұлттық рухпен қоса, ұлттық киімдер мәселесін де көтеретін уақыт жеткен сияқты.

Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі, этнограф:
– Ұлттық киім киюді үлкендерден бастау керек. Қазіргі кемпірлерге қарап ішің ашиды. Тырысқақ шалбар, тырысқақ көйлек киіп алады. Ана, әже сияқты ешқандай сиқы жоқ. Тіпті шаштарын қиып, жалаңбас жүретінін қайтерсің. Әрине, жастарға артылар кінә болмағанмен, сын бар. Мәселен, көшеден төсін ашып, кіндігін көрсетіп жүрген қыздарды көргенде, бұлар болашақта қандай ана, қандай отбасы ұйытқысы болады деп ойлайсың. Біздің өзіміздің бай киім үлгілеріміз бар. Бұрынғы кездері ата-бабаларымыз қыздың жасын сұрамайтын болған. Қыздың жасын киген киіміне қарап біліп отырған. Мұның өзі – үлкен дәстүр. Ең бастысы, ұлттық киімдердің бағасын арзандату керек. Бағаны кез келген адамның сатып алуына болатындай етіп белгілеу қажет. Үшіншіден, біз үнемі осы мәселені баспасөз беттерінде, жиындарда көтеріп, жастардың құлағына сіңіріп отыруымыз керек. Тағы бір айта кетерлігі – бүгінгі уақытта қыздарымыз тұмшаланып киініп жүретінді шығарды. Қазақтың қыздары бұрын бетін жауып, түгелдей матаға оранып жүрмеген.

Әйкен ТОРҒАЕВА, киім тігу фирмасының менеджері:
– Бұрынғы жылдармен салыстырғанда, қазір қазақша киімдердің өтімділігі жоғары. Әсіресе әйелдердің қамзолдарына сұраныс артып келеді. Ал шапанды халық, негізінен, тойларға киіт, сый ретінде алады. Өйткені етегі ұзын шапан күнделікті тіршілікте киіп жүруге ыңғайсыз. Қазіргі уақытта біз шапандардың жаңа, яғни киіп жүруге ыңғайлы түрлерін тігіп жатырмыз. Сұраныс, қызығушылық жоқ емес, әрине. Мұнымен қоса, тігіншілеріміз жастарға арнап түрлі сән киімдерін тігеді. Киімдердің бағасы матаға, безендіруге байланысты әртүрлі.

Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусымаралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынадай түрлерге жіктеледі: сәби киімі, бала киімі, бозбала киімі, бойжеткен киімі, қалыңдық киімі, келіншек, бәйбіше киімі, күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері. Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлттық киімдер мынадай топтарға бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киімдер, ғұрыпты киімдер, қазақтың неке киімдері, күйеу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салттық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі т.б.

P.S. Хиджап киіп жүрген кейбір қыздарды сынға алсаң, «біз – мұсылман қыздарымыз, сондықтан хиджап киеміз, неге сендер ашық жүретін қыздарды сынға алмайсыңдар?» деп өз уәждерін айтады. Әрине, олардікі дұрыс, мұсылман болғандықтан, ислам талаптары бойынша жүруге тиіспіз. Дегенмен біздің ойымыз басқада жатыр. Біз тек азаматтарымыз ұлттық құндылықтарымызды ұмытып, өзге ұлттардың жымысқы әрекеттерінің құрбаны болып кетпесе екен дейміз. Себебі қазіргі күні «мұсылман болса, болды» деп жат азаматтардың етегінен ұстап жатқан қаракөздеріміз қаншама. Сондай-ақ қазақ қыздарын әйелдікке алып, артынан баласымен тастап кетіп жатқан имандысымақтар да толып жатыр. Ал мұның бәрі өзге халықтың ұлттық киім, ұлттық тағам, жалпы, мәдениетінің ықпалы арқылы болып жатқанын көпшілігіміз пайымдай бермейміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста