Үйлену оңай, ажырасу одан да оңай болып тұр

Үйлену оңай, ажырасу одан да оңай болып тұр

Ел ішінде шаңырақтың шайқалып, босағаның берік болмауы белең алып барады. Бүгін үйленіп, ертең бірін-бірі талақ етіп жатқан жас жұбайлардың қатары күн санап көбейіп келеді. Мұны статистика да растауда. Статистикалық деректер алғашқы тоқсанның өзінде-ақ Қазақстанда 11 613 ажырасу тіркелгенін таңдайы тақылдап айтып отыр. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 6,5 пайызға артық екен. Ал отбасының жиі ойран болуы - қоғамға опа бермейді...
Отбасы – шағын мемлекет десек, оның өмірдің бір дауылынан соң керегесі қирап, уығының опырылуының себебі неде? Үйленгенше есіл дертін алған сүйгенінен жыл өтпей-ақ суық жылан көргендей жеріп шығу қазақтың тарихында болмаған қасіретке айналды. Бауырында бала қалған жалғызбасты әйел мен соқа басы сопайған ер-азаматтың артуы қоғамның алаңдауына негіз болатын-ақ себеп.
Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2010 жылы 41 мың, ал 2011 жылы 44 мың , 2012 жылы 48 500 ерлі-зайыпты бір-бірінен түңіліп, қолдарын төбелеріне қойып, безе қашқан. Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш екі есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасатын көрінеді.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
Қазіргі таңда жасыратын түгі жоқ, ұл балалардың арасында «мамасының баласы» пайда болған. Ұлдар болаттай берік емес, қыздай ұяң, майысқақ, жы­лауық болып барады осы күні. Шеше­сінің етегіне жабысып, күндіз-түні әйелдің тәрбиесін көрген ұл балада ер-азаматқа тән қасиеттер сонау түкпірге тығылып, жа­сырына беретін көрінеді. Содан бала­ның идеалына өзінің анасы шығады деседі. Қыз балаларда да солай. Әкесіз өскен қыз балада ер-азаматқа деген жек көрушілік пайда болуы мүмкін екен. Содан өсе келе, бойжеткенде отбасындағы кикілжіңдердің де астары осыдан шықса керек. Обалы нешік, қазақтың «әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дейтін философиясы бүгінде өзінің растығын дәлелдеп-ақ келеді. Ол аздай, ұлдардың «қызтекеге» айналып кетіп жатқаны және бар. Осы секілді бірқатар мысалдарды жалғызбасты ананың тәрбиесін көргендікпен байла­ныс­тырады психологтар.
Бибігүл НҰРМАҒАНБЕТОВА, психолог:
–Отбасы арқылы бала тұңғыш рет өмір жолымен танысады. Моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отба­сылық өмір – жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Ол адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Сонымен қатар отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәр­бие­нің бір бөлігі. Сол себепті баланың өміріне аса күшті ықпал етеді отбасы. Сондықтан да баланың психикалық тұрғыда дұрыс дамып, моральдық негізде саламатты болуы үшін отба­сын­дағы қарым-қаты­нас берік болуы тиіс. Ажы­расу ол балаларға үлкен соққы болмақ.
2013 жылдың қаңтар-наурызында АХАТ органдарында 11 613 ажырасу тіркелуін рекордтық деп те жариялады статистика. Өйткені дәл осындай ажырасу бұрын-соңды болмаған екен.
«Ажырасулардың абсолюттік санының некелер санындай артуы, халық санының өсуіне байланысты. Ажырасулардың 1000 адамға шаққандағы жалпы коэффициенті 2,8-ді құрады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 100 тіркелген некеге 34 ажы­расу­дан болды» дейді статистика агенттігі. Ал кейбір бейресми мәліметтер Қазақ­стан­да әрбір үшінші неке ажырасуда деседі.
Ажырасудың алуан себебі болғанымен, түп-төркіні тереңде. Мұның астарын әріден іздеу керек. Материалдық қиындықтар, мінездің жараспауы деген бергі жағы. Оның төркіні – тәрбиеде. Ақиқатын айтайық, қазір қызына «барған жеріңе тастай батып, судай сің» деп кеңес бергеннің орнына әкіреңдеп «қызымды жылатып қоймай­мын, ішіме де сыйған қыз сыртыма да сыя­ды» дейтін кеудемсоқтық көп. Оның ақы­ры – ажырасу. Оның ақыры – тірі жетім ұл мен қыз...
Ене институты әлсіз бе, әлде әже институты кемшін бе?
Ұлын жападан-жалғыз тәрбиелеген әйел де баласын келіннен қызғанатын жайттар болады дейді психологтар. Бұған күлесіз бе, жылайсыз ба? Енді ерік өзіңізде. Бірақ шырылдаған шындық бұдан алыс емес. Жас шаңырақтың шайқалудағы көп сырының бірі ғана бұл.
Ажырасу проблемасының туындауына әсер етуші фактордың бірі – осы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас. «Жақсы келін – келін, жаман келін – келсап» дейді. Әлбетте, ененің бәрі тамаша, келіннің бәрі кесірлі деуден сақтасын. Бірақ қазақта ғұмыр бойы жалғасқан нағыз ене мен нағыз әже институтының күнделікті өмір­ден шығып қалуы – мұндай кикілжіңдердің негізі.
Ене қашанда – ене. Келін қашанда – келін деседі. Алайда соның мәнін екі жақ­тың да жете ұғынбауынан, түсінбеуінен отба­сылар шайқалуда. Рас, ене институты әлсіреді. Әже институты келмеске кетіп барады. Дәстүр сабақтастығы үзілді. Ұрпақ дүбәра күйге түсті.
Тыныштық ҚЫСТАУБАЕВА, зейнеткер:
– Өзім 19 жасымда келін болып табал­дырық аттағаннан енем марқұм көз жұмғанша (ол кісі 91-ге келіп қайтты) бірге тұрдық. Отбасына енем үлкен тірек болды. Әрине, отбасы болған соң кикілжіңдер болады. Бірақ оның бәрінде енем марқұм ақылға жеңдіріп отыратын. Немерелері дүниеге келгенде де өзі бауырына алып, қарап-бағып отырды. Көпті көрген көнекөз адам ғой, көре­ген­дігін жасайтын. Дүниеден озарында ала­қанын жайып, ақ батасын беріп кет­ті.

Түйін
Өзі шығайын деп тұрған көз еді дегендей, бұған қоса сырттан келген жабайы мәдениет те өз ықпалын жасауда. Жаһандануға жұтылып бара жатқан ұрпақ дәстүрден қол үзді. Әдет-ғұрыптан алыстады. Отбасылардың күйреуінде жат жұрттың жағымсыз әсері де бар. Сондықтан ғұрыптық институттардың қайта өмірге енуі ұрпақтың ұсақталмауы үшін өте-мөте қажет болып тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста