ҰБТ: Жаңа реформа жемісін бере ме?

ҰБТ: Жаңа реформа жемісін бере ме?

Білім саласына әр министр келген сайын жаңа реформа пайда болады. Еліміздің бас ұстазы Аслан Сәрінжіпов мырза бұл жолы да ҰБТ-ға өзгерістер енгізуді қолға алса керек.

Жаңа министрліктің шешімімен, биылғы жылы еліміздегі мектеп түлектерінің біліміне қорытынды баға беру жүйесі қайта қаралатын болды.
Бұл – ҰБТ-ға жасалған бірінші өзгерту. Яғни биылдан бастап, ҰБТ қорытындысы бойынша баға беру жүйесі түбегейлі өзгермек. Өзгертулер бойынша, аттестатқа тестілеуден алынған балл емес, жыл бойы жинаған бағасы мен ҰБТ балының арасындағы арифметикалық баға қойылады екен.
Ақпараттарға сүйенсек, «еліміздегі 11- сынып оқушылары бірнеше жылдан бері ұлттық тестілеудің бағалау жүйесінің салдарынан қайғырып келді. Бұл нормаға сәйкес, оқушы 11 жыл бойы, мәселен, тарих пәнінен бестік баға алып келсе, емтиханнан жеткіліксіз балл алғаны үшін аттестатқа төрт қойылатын. 2015 жылы Білім және ғылым министрлігі бұл жүйеден бас тартуды ұйғарды» дейді.
Бұдан былай, шенеуніктер білімге тиімді баға беру үшін тестің қорытындысы аздық ететін, баланың жыл бойы жинаған білім көрсеткішін де байқау қажеттігін ескерген сияқты.
Алайда бұл жүйенің «Алтын белгі» үміткерлеріне қатысы жоқ секілді. Мамандардың пікіріне қарағанда, кіл бестікке оқитындар өз бағасын ҰБТ-да ақтауы тиіс. Олардың аттестатына ҰБТ-да алынған бағасы қойылатын болады.
ҰБТ-ға енгізілген тағы бір жаңалық – Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі құпия сақталатын болады. Ұлттық тестілеу орталығының №36 бөлімшесінің бастығы Людмила Гейман бұған дейін ашық жарияланып келген тестілеудің қорытындысы жеткіншектер арасында дау туғызып келгенін айтады. Тіпті тестілеуге қатысушылар өзгелердің үстінен шағым айтуы да көбейіп кеткен еді. Тестен аз балл жинаған оқушылар жоғары көрсеткіш көрсеткендерге қарап, күйзеліске ұшырауы да жиілеген еді. Бұған дейін түлектердің арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері де кездескені белгілі.
Сәрінжіповтің жаңа реформасы бойынша, биылғы түлектер ҰБТ кезінде жинаған балын үйден шықпай-ақ білуіне мүмкіндігі бар. Тест нәтижесі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланбақ. Өз нәтижесін білу үшін әрбір түлек сайтқа кіріп, ЖСН мен тестілеуге қатысуға құжат тапсыру кезінде берілетін индивидуальді тест кодын білсе, жеткілікті.
Үшінші өзгеріс – биыл ҰБТ тәртібі қатаңдай түспек. Биылдан бастап, тест тапсырылатын аудиторияны IT мамандары қадағалайтын болады. Ғайыптан тайып түлектер шпаргалкамен ұсталып қалса, онда олар ЖОО-ға түсу құқығынан айырылмақ. Бірақ олардың мектепте емтихан тапсырып, аттестат алуына толық мүмкіндігі бар.
ҰБТ-ның сұрақтары да жаңарғанын айтады министрліктегілер. Тестілеу маусымның 1-і мен 15-і аралығында өтетіні белгілі. Деректерге сүйенсек, биылғы сауалдар қоры 21 мың 200 жаңа сұрақпен толыққан. Мұның 3 мыңдайы логикалық сауалдар.
Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестіні тапсырған кезде алынған бағамен қорытынды бағаның орташа арифметикалық бағасы қойылатынын айттық. Мәселен, егерде оқушы ҰБТ тапсырып, төрт деген баға алатын болса, ал оның қорытынды бағасы бес болған жағдайда, оқушыға жоғарылату мақсатында бес деген баға қойылмақ.
Бір ғана Алматының өзінде биыл 7905 оқушы мектеп бітіреді. Оның 6247-сі ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініштерін білдірген екен. Ал еліміз бойынша, 100 мыңнан астам түлек ҰБТ-ға қатысады. Олардың арасында «Алтын белгіге» үміткерлеріміз де қаншама.
Қызығы мен шыжығы көп ҰБТ-ның да өтетін күні алыс емес. Білім және ғылым министрлігі «темірдей тәртіппен» өткіземіз деп, сақадай сай отыр. ҰБТ-ға қатысушы түлектердің білімі сақадай сай ма, ол уақыттың еншісінде. Бастысы, бас ұстаз Аслан Сәрінжіповтің жаңа реформасы өзін-өзі ақтаса болғаны. Білімнің «инемен құдық қазғандай» аса күрделі процесс екенін қазақ әлдеқашан мойындап қойған. Соған қарамастан, білім саласының төңірегі дау-дамайтан арылмай келеді. Оның бір себебі, білім министрі ауысқан сайын білім беру жүйесінің өзгеріске ұшырайтыны, не болмаса, өзгертуге дайын тұратыны сеп болса керек. Осы орайда, Аслан Сәрінжіпов те ҰБТ-ға өзгеріс енгізгісі келген екен. Ендігісі бізге әліптің артын бағу ғана...
aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста