Түркістан облысында сыра ішкен көлік жүргізушісі жедел жәрдем қызметкерін ұрған
Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек facebook-парақшасында Түркістан облысында сыра ішіп, көлік басқарған жүргізушінің жедел жәрдәм қызметкерін ұрған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ақшаң болса қалтаңда, сыра ішіп, көлік басқарып талтаңда!
Қараға жүретін заң, ханға жүрмейтіннің тағы бір дәлелі!
Бәрінің көзінше полиция қызметкерінің қолын алып, көлік басқарып кетіп қалу - ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ШЕГІ!
Қызметте жүрген дәрігерлерді ұрып соғып, ішіп алып көлік басқарғаны үшін полиция қызметкерлері жәй ғана жібере салғанын Мұрат Қабденов мырза қалай түсіндіресіз?
Антикор Түркістан - ОЯНАМЫЗ!
Облыстық Прокуратура- ұйықтамай бақылауға аламыз!
Қандай шара көрілді, ресми ақпарат күтем! – деп жазды ол.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz