Түркістан облысында Марокко шегірткесі 90 мың гектар алқапты бүлдірді

Түркістан облысында Марокко шегірткесі 90 мың гектар алқапты бүлдірді

Түркістан облысындағы 53 ауылдық округте Марокко шегірткесіне қарсы күрес жүргізіліп жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Спикердің сөзінше, өңірде шегірткеге қарсы күрес шаралары жоспарға сай атқарылып жатыр.

 

Бұл ретте бір күнде 3500-4000 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

 

Оған 26 жерүсті бүріккіш техникасы мен 1 АН-2 жеңіл ұшағы жұмылдырылған.

 

«Түркістан облысында аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмысы 8 сәуір күні басталды. Жоспарланған 705 000 гектар алқаптың 570 000 гектарында зерттеу, анықтау жұмысы жүргізілді. Марокко шегірткесінің қоныстанған аумағы 90 мың гектарды құрап отыр. Оның 48000 гектарында экономикалық зиянды шегінен асқаны анықталып, 41000 гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді», - деді Ибрагим Бегасилов.

 

Биыл аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мен фитосанитариялық іс-шаралар 10 ауданның 53 ауылдық округінде жүргізіліп жатыр.

 

Облыс бойынша марокко шегірткесі көп тараған аймақтар ретінде белгіленген Сарыағаш ауданында 24 000 гектар, Арыс қаласында 11 000 гектар өңделген.

 

Өңірдегі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын толықтай аяқтауға әлі 10 күндей уақыт бар. Бұл ретте шегірткеге қарсы күрес күшейтілген.

 

Алдағы уақытта марокко шегірткесіне қарсы барлығы 67 290 га алқапта, оның ішінде 59 050 га жерүсті желдеткіш бүріккіш техникамен, 8240 га әуемен химиялық өңдеу жұмысы жүргізілмек.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста