Түркістан облысында 6-сынып оқушысы 5-сынып оқушысын зорлаған

Түркістан облысында бесінші сынып оқушысының зорлау дерегін полицейлер тергеп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне бұл дерек "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

"29 наурызда Төлеби аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын ауданның кәмелетке толмаған тұрғыны оның ұлына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағанын айтып арызданған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, барлық қажетті шараларды қабылдады.

Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Істің тергелуі Түркістан облысының полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ "НеМолчи.kz" қорының сенім телефонына мектеп оқушысының зорланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оның жетекшісі Дина Тансари Facebook-те болған жайт туралы жазба жариялады.

 

"Жәбірленушінің анасы сол мектепте жұмыс істеген. Оның үйіне мектеп әкімшілігі келіп, іс қозғамауды өтінген, нәтижесінде ол ұжымға ренжіп, ауылдан кетіп қалған", - деп жазды Дина Таңсари.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста