Түркияның Бурабайдан несі артық? Әрине бағасы мен қызметі...

Түркияның Бурабайдан несі артық? Әрине бағасы мен қызметі...

Жұмысбасты, жалақысы тәуір адамның жазды, жаз болғанда да демалатын жағдайды асыға күтетіні белгілі. Дәл осы кезде қыс бойы жоспарлаған еңбек демалысын сәтті өткізуге мүмкіндік бар. Әрине, жұмысбастының қай-қайсысы шетелге шығып демала алмайды. Дегенмен, шетелге шұбыра алмайтындар Бурабайға барады деуге де келмейді. Өйткені, Бурабай мен Түркияның танымал курорттардың бағасын салыстырып көрсең, шынымен шетелге барып келген тиімді секілді. «Алаш айнасының» тілшісі еліміз бен шет елдегі туризм саласын салыстырып көрген еді.
Ғаламтор арқылы тараған бір суретті алып, Қазақстанның Бурабайы мен Түркияның Алания қаласындағы қонақ үйлердің бағасын салыстырып көрген едік. Біздегі Айнакөл дейтін отельде бір адам он күн дем алғаны үшін кемінде 350 мың теңге төлеуі тиіс. Сонда да бұл қаражатқа тек қонақүйдегі таңертеңгі ас қана кіреді. Ойын-сауық пен жолдың шығыны және бөлек. Ал Түркияның Алания қаласындағы MC Arancia Resort Hotel деген жерде бір адамнан 225 396 теңге сұрайды. Бурабай да бұл да - он күннің ақшасы. Артықшылығы Түркияның қонақ үйі қызметінің ішіне жатып-тұруыңнан бөлек үш мезгіл тамағың да, ойын-сауығың, тіпті ұшып-келуің де кіреді. Біздің Бурабайдан тұп-тура 124 604 теңгеге арзан. Неге?
Міне, дәл осы сұраққа бүгін Астанада өткен іс-шаралардың бірінде индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау жауап беріп көрген тәрізді. Оның сөзіне қарағанда, Бурабайдағы қонақ үйлердің барлығы бірдей толмайды. Былайша айтқанда, нөмірлердің тең жартысы бос тұрады. Сондықтан оны басқа біреулердің қалтасынан өтеуге тура келеді. «Енді, кез келген курорттың негізгі мақсаты – әрбір нөмірге, кем дегенде, 200 күнге адам тұрғызу. Ал түріктерде 250 күн бар. Егер 250 күн болса, ақша да келеді. Олар соған барын салады (нөмір бос қалса, «горячий путевка» ретінде сатады – авт.). Қазір бізде туризм саласын дамыту бойынша арнайы жоспар бар ғой. Оған сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылады. Дегенмен, біздегі қонақ үйлердің қожайындары алдымен қызмет көрсету сапасын көтерсе екен дейміз. Бір жылда отель 200 күндей толық болуы қажет. Қонақ үйдің нөмірі 200 күн бос болмаса, баға да ойдағыдай болар еді», - дейді А.Рау.
Осы орайда Бурабайдың тағы бір мәселесін ерекше атап өткен жөн. Бас кезінде көлдің жағасында салынған қонақ үйлер қазір судан біраз жерге алыстап кеткен. Себебі бір-екі жылдың ішінде көлдің суы тартылып қалды. Сондықтан Бурабай курорттық аймағын дамыту шаралары аясында шенеуніктер осы бір маңызды мәселені ескерсе деп ойлаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста