«Түріктер қызқұмар, қыздарға аш болады»: Түркияда оқыған қазақ студенттері түріктердің шын бет-бейнесі жайлы айтты
Кез келген уақытта адамды көшеде атып кету деген оларға жеңіл нәрсе, дейді Түркияда білім алған қазақ жастары.
Түркияда білім алған студенттер түрік халқының шынайы бет-бейнесін, өздеріне тән мінез-құлықтарын, өзге ұлт қыздарына деген көзқарасын сипаттап, айтып берді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Негізі түріктер өте бауырмал халық. Өзге халыққа бөлу деген түсінік жоқ. Бірақ қыздарға келсек, түріктер кішкене әлсіздеу. Менің ойымша, Түркияда қыздардың саны ұлдардың санына қарағанда аз болғандықтан түріктер қызқұмар, қыздарға аш болады. Менде бір жағдай болған, қыз достарыма түріктер жақындап, балағат сөздерді айтып, темекіні, ішімдікті ұсынды. Мен сол балалармен сөйлесуге барғанмын. Сол кезде олар пышақтарын шығарған. Жалпы олар өз күшіне емес, пышаққа, суық қаруға сеніп қалған адамдар. Оның себебі олар қызу қанды, намысшыл халық. Оларда италиялықтар сияқты қандары аралас. Қазіргі түріктерде неше түрлі ұлттардың қандары бар. Сондықтан олар бірден ашуға беріледі"- деді Стамбул қаласының студенті Берікжан (аты-жөні өзгертіліп алынды- ред)
Оның айтуы бойынша, ту, байрақ, ұлт намысы жайлы айтылатын кезде түріктер кез келген адамды өлтіруге де дайын болады. Және түріктерде қанға қан, жанға жан деген түсінік бар. Туыстар, әулиеттер болып ұрсысатын кездер болады. Кез келген уақытта адамды көшеде атып кету деген оларға жеңіл нәрсе.
"Мен олардың басқа ұлттармен төбелескенін көрмедім. Білімді адамдар мұны жасамайды. Олар басқа ұлттың қыздарына тиіспейді. Сыпайы келіп танысады. Түріктер өте мейірімді, ашық, қонақжай халық. Бірақ кейде олар басқа адамдардың жетістіктерін қызғанады. Түріктермен бірге оқыған кезде бір нәрсені байқадым. Сен кез-келген салада жетістікке жеткенше, олар сенімен өте мейірімді, шынайы болады. Менің жағдайымда, ол оқу. Бірақ іс жүзінде мұның бәрі адамның мәдениеті мен білім деңгейіне байланысты. Әр адам әртүрлі", - деді Кастамону Университетінің студенті Зухра есімді бойжетен.
"Өз басым түріктердің өзге ұлт қыздарын ұрып-соққты дегенді жиі естімеймін. Бірақ бірлі жарым оқиға болған. Мүмкін жиі болатында шығар, ол жағынан хабарсызбан. Түріктер көбіне еуропалық қыздарға қырғидай тиеді. Бір анық нәрсе, қысқа киініп, түнгі клубтарда жүрсең жезөкше деп ойлап танысқысы келетіндер көп. Шашынан сүйреген қазақ әйел туралы видеоны көрдім, менің де ашуыма тиді ол жағдай. Иә, олар қызу қанды. Көбіне намысына тиетін нәрседе бәріне баруға дайын. Қазақ қыздарының неліктен түріктерге құмар екенін білмеймін. Үш жылдан бері осында оқимын. Қазақ қыздарына айтатын ақылым, ешқашан түрік жігітенен жұмақ табамын, жақсы өмірге кенелемін деп ойламаңдар", деген пікір айтты Анкара университетінің студенті Маржан.
Еске салсақ, Түркияда қазақстандық қыздың түнгі клубта соққыға жығылғаны және кейін із-түссіз жоғалып кеткені мәлім. Бұл туралы оның туыстары хабарлаған болатын. Кейін белгілі болғандай ол күзетшінің қолын тістеп алғаны үшін қамауға алынған көрінеді. Келіншекті шашынан сүйреген түріктердің іс-әрекеті желіде қызу талықға түсті және көпшліктің ашу-ызасын туғызды.