Тұрғын үйдің кезегіне интернет арқылы тұруға болады

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ ақпарат құралдары өкілдеріне Дағдарысқа қарсы бағдарламаның аяқталуына және 2013 жылға қойылатын міндеттер – «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй салу тақырыптары туралы мәлімдеді. Қор 17 нысанды пайдалануға беріп, дағдарысқа қарсы бағдарламаны толық орындап шыққан.
Ал 2013 жылға жұмыстардың елеулі көлемі жоспарланыпты. Биыл «Қолжетімді бас­пана – 2020» бағдарламасы шең­бе­рін­де тұрғын үйлерді өткізуді Жылжымайтын мү­лік қоры сату және сатып алу құқығымен жалға беру арқылы жүргізіледі.
Болат ПАЛЫМБЕТОВ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы:
– Халыққа пәтер өткізу жолдарын қа­растыру кезінде Жылжымайтын мүлік қоры осы мәселедегі халық­ара­лық тәжірибені зерттеді. Бүгінде көп өті­німді өңдеудің келешекті әрі тиімді жол­дарының бірі интернет тех­но­ло­гияларды пайдалану.

Айта кетейік, тұрғын үй кешені пай­да­лануға берілерден үш ай бұрын онлайн тір­келу жүйесі іске қосылады. Қазір қор­дың сайтына ай сайын 15 мың адам кірсе, кү­ніне 500 адам аталған сайтты ашады екен. Әрине, бұл үйге зәру адамдардың аз­ды­ғын білдірмейді, керісінше, интер­нет­ке қолжетімділіктің төмендігін көрсетсе керек.
Тағы бір ескеретін жайт, «Қолжетімді баспана–2020» мемлекеттік бағдар­ламасы ая­сында «Самұрық-Қазына» жыл­жы­май­тын мүлік қоры 2013 жылы 60 мың шар­шы метр жалдамалы тұрғын үйді пай­далануға беруді жоспарлап отыр.
«Өткен жылы қор «Қолжетімді бас­па­на–2020» бағдарламасын жүзеге асыруға кі­рісті. Бағдарлама аясында 2013-2014 жыл­дары 150 мың шаршы метр кейін са­тып алуға болатын жалдамалы үй са­лынады деп жоспарланған. 2013 жылы – 60 мың шаршы метр, 2014 жылы – 90 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі», – деді Болат Палымбетов.
Сонымен қатар ол бүгінгі күні қордың қа­рауында жалпы сомасы 107 млрд тең­геден асып-жығылатын 15 жоба бар екенін атап өтті. 2013-2014 жылдары 715 мың шар­шы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Басқарма төрағасы баспасөз мә­сли­хаты барысында дағдарысқа қарсы бағ­дар­ламаның қорытындыларын да сөз етті. «Жылжымайтын мүлік қоры дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында өз міндетін толық орындады. Атап айтсақ, шамамен 1 млн шаршы метр болатын 21 нысанның құ­рылысы аяқталды. Аталған тұрғын үй­лердің құрылысын аяқтау 3 мыңнан астам үлес­кердің мәселесін шешті. Осылайша, бұл бағдарламаны жүзеге асыру тамам­дал­ды», – деді Б. Палымбетов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста