Түлектердің төбелесі қайғылы аяқталды

Түлектердің төбелесі қайғылы аяқталды

Жуырда Жамбыл облысы ІІД жасөспірімдер арасындағы қылмыс және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен күрес мониторингінің жұмысы бойынша брифинг өткізілген болатын. Жасөспірімдер қылмысы мен қала мектептеріндегі бопсалаудың әлі де орын алып отырғаны белгілі болды.

Серік ЖҮНІСБЕКОВ, ІІД Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен күрес жөніндегі топ жетекшісі, полиция майоры:
– Облыста қарулы ұйымдасқан қылмыстық топтар аймақта жағымсыз криминалдық әсер қалдыруда, бұл жағдай 90-жылдары қалыптасқан. Олар өздерінің қатарларын жас жеткіншектермен толықтырды, санасы қатаймаған жастарға идеологиялық және психологиялық тұрғыда әсер етті. Айқын ақиқатты сөз етпеу мен мойындамаудан жаңа мәселелер туындайтыны анық. Мектеп басшылары ауыр зардаптарға соқтыратын құқықбұзушылықты жасыруға тырысады. Жайсыз отбасылардан шыққан тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс жасайтын психологтар жұмысы тиісті деңгейде емес.

35298

Сондай-ақ жиын барысында белгілі болғаны ІІД басшылығының табандылығы мен қажырлылығы арқасында куәгерлер мен жәбірленушілер жасыруға тырысқан қылмыс ашылды. Соңғы қоңыраудан кейін «Москва» дәмханасында мектеп бітірушілер арасында төбелес болған. Мұндай жағымсыз жайт «Мөлдір» мейрамханасында да орын алған. Төбелес қаладағы № 43, 5, 38, 12-мектептің бітіруші түлектері арасында өршіген. Ақырында бытыра оқтарымен атысқан. Тараз қаласының 20 жасар тұрғыны қарын, бауыр және өкпе тұсынан бытыралы оқпен жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілген. Жәбірленуші де, оқ атушы да масаңдау жағдайда болған. Осыған қарамастан, жәбірленушілер мен оның туыстары оқиғаның мән-жайын жасырып, тергеуді шиеленістіруге тырысқан. Адамдарға оқ атқан «Парасат» колледжінің 18-жасар оқушысы қамауға алынды. Кейін тергеу барысында бұл жасөспірімдердің компьютерлік қатал ойындардың, зорлықшыл көріністегі фильмдердің табынушылары болғандығы анықталды. Оқ атқан адам 2008 жылы да бұзақылық үшін сотты болған. Ол бұның алдында да осыған ұқсас қылмыс бойынша тұтқындалған. Бірақ сот кезінде «қастандық жасаған» деген бапты «бұзақылыққа» өзгерткен. Қалалық 1-полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Мұстафаевтың айтуынша, ізкесушілердің тынымсыз еңбектерінің арқасында болған оқиғаның барлық жайттары анықталды. Кейбір жасөспірімдер өздерін қазіргі кезде жоқ болып кеткен қылмыстық топтардың өкілдеріміз деп мәлімдейді.

Бүгінде Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды деген ақпар бар. Алайда статистиканың төмендегеніне қарап, оған сенуге болмайды. Мұны облыстың бас полицейі Б. Аймағамбетовтың өзі айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста