Туберкулездің де түрі көп

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Денсаулық саласындағы маңызды бағыттардың бірі – туберкулезбен күрес мәселесі. Халықты туберкулезден сақтау шаралары Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарлама да жұмыс істеуде. Нәтижесінде республикада туберкулездің эпидемиологиялық көрсеткіштерінің тұрақталғаны байқалады. Жалпы, халық туберкулез жайлы көп естіп-білгенімен, несіп-жыныс туберкулезі, оның дамуы, қаупі жайлы біле бермейді. Бүгінгі айтпақ ой осы жайлы болмақ.

Несеп-жыныс жүйесі туберкулезі
Қазіргі кезде несеп-жыныс жүйесі туберкулезіне шалдыққан науқастарды емдеу мен алдын алу шараларын жақсарту үшін оларды  дер кезінде анықтап, емдеу­дің тиімділігін арттыру қажет. Өкінішке қарай, туберкулездің осы түріне шалдық­қандардың көпшілігі ауру асқынған кезде ғана дәрігерге келеді. Науқастың ауруы асқынғанда ғана емге жүгінуінің басты себептерінің бірі дәрігерлердің дер кезінде туберкулездің бұл түрін анықтай алмауынан да болып жатады. Несеп-жыныс жүйесі туберкулезі анықталғанға дейін бір, бес жыл, кейде одан да көп уақыт өтеді. Өйт­кені сол аралықта науқастар түрлі дәрі­герлерге қаралып, басқа ауруларға бай­ланысты емделеді. Соның салдарынан нефротуберкулез созылмалы бүйрек же­тім­сіздігімен асқынып, науқастар мүгедек­тікке ұшырайды. Жалпы, емдеу мекемеле­ріндегі дәрігерлердің туберкулез жөнінде мұқияттығының жоқтығынан кеш анықта­луының себебінен  бірінші рет анықталған­дарының ішінде оның асқынған түрлерінің үлесі 45-60%-ға жетіп отыр.  Несеп-жыныс жүйесі туберкулезі экологиялық қолайсыз аймақтарда  жиі кездеседі.
Соңғы зерттеу жылдарында несеп- жыныс жүйесі туберкулезінің аурушаңдық көрсеткіші – (100 мың адамға шаққанда) 1,73-тен 1,21-ге дейін, өлім көрсеткіші 0.03-тен 0.01-ге дейін төмендеген. Ең көп науқас тіркелген облыстар  – Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, ал ең аз тіркелген – Атырау, Маңғыстау  облыстары мен Астана қаласы.
Несеп-жыныс туберкулезінің бірнеше түрі бар.
Бүйрек туберкулезі 
Бүйрек туберку­лезі­мен әйелдерге қарағанда еркектер жиі ауырады және оларда бүйрек туберкулезі жыныс ағзалары туберкулезімен қабатта­сып келеді, өкпе және сүйек-буын жүйесі туберкулезімен бірге дамуы да мүмкін.
Бастапқы кезде дененің ыстығы 38 гра­дус­қа дейін көтеріліп,  әлсіздік байқалып, бел аумағы сыздайды. Үдерістің өршуімен қатар несепке барғанда ашу пайда болып, несепте қан және ірің пайда болады. 10%-12% жағдайда қан кету бүйректегі жара­лардың салдарынан болады. Жаңадан басталған бүйрек туберкулезін анықтау қиын. Несептің зерті және жоғарғы несеп жолдарын рентгеноконтрасты тексеру туберкулездің жеңіл өзгерістерін білдіре қоймайды. Мұндай жағдайда бүйректегі туберкулезді өзгерістерді тек қана несептің бактериоскопиялық және бактериология­лық зертінің оң нәтижесі білдіреді. Үдерістің өршуіне байланысты  несепке ірің араласа­ды. 15-20% жағдайда бүйрек туберкулезі­нің салдарынан орын алған уродинами­калық өзгерістердің әсерінен несептің ағуы нашарлап, бүйрек ұстамасы секілді шағым­дар орын алады. Оның себебі: зәрағар қан және іріңді тығындармен бітеліп, несептің төмен қарай ағуына кедергі келтіреді.
Зәрағар және қуық туберкулезі
Зәрағар туберкулезінде несептің төмен қарай ағуы нашарлап, бүйректе несеп жиналып, түберкулезді үдеріс одан сайын өрши түседі. Зәрағардың туберкулезді зақымдануында оның сіре қабатында жаралар пайда болады, кейде ол жаралар жазылу арқылы тыртықтанады. Сол тыр­тық­танудың салдарынан зәрағар жіңіш­керіп, несептің өтуі қиындап, бүйрек тұсында тұрақты түрде ауырсыну белгісі пайда болады. Өз кезегінде ол бүйректің тостағанша-түбекше жүйесін кеңейтеді. Оның үстіне қуық туберкулезге шалдықса, бұл үдеріс  одан сайын асқынады. Қуық туберкулезінде несепке барғанда ашиды  және несептің құрамында қан көп мөлшер­де болады. Бұл науқастар әдетте созылмалы циститке байланысты ұзақ емделеді. Қуық ішін цистоскоппен( арнайы құрал) көріп, туберкулезге тән өзгерістерді және несепте туберкулез микобактериясын анықтау арқылы толық диагноз қойылады.
Еркектердің жыныс мүшелерінің туберкулезі
Еркектердің жыныс мүшелері туберкулезге бірінші немесе екінші кезекте шалдығуы мүмкін. Инфекция ағзаға көп жағдайда лимфатикалық жүйе арқылы таралады. Несеп жүйесі туберкулезі көп жағдайда еркектердің жыныс мүшелері туберкулезімен қабаттасып зақымданады. Еркектердің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың туберкулезге шал­дығуы несеп жолдары арқылы да болуы мүмкін немесе бірінші кезекте жыныс мүше­лері, содан соң несеп жүйесі шалды­ғуы мүмкін. Ен безі қосымшасының тубер­кулезге шалдығуының (туберкулезді эпиди­димит) жыныс мүшелерінің басқа ке­сел­дерінің арасындағы үлесі 20%-ды құрайды. Өкініштісі, көбінесе мұндай ауруға  20-40  жас аралығындағы адамдар шалдығып жатады.
Клиникалық ағымы екі түрде, яғни же­дел және созылмалы түрде болуы мүмкін. Көбінесе созылмалы түрінде кездеседі. Бастапқы кезде ен безінде аз көлемді ісік пайда болып, бірте-бірте үлкейеді, бірақ ауру сезімі білінбейді. Екінші – жедел түрінде кесел науқастың дене ысытпасын жоғары деңгейге дейін көтеріп, ен қапшы­ғы ауырып, сыздай бастайды. Ен қапшығы терісі қызарып, ісінеді. Содан соң жедел қабыну кезеңі өткен соң, ен безі қосымшасы кішірейіп, тегіс емес түйінге айналады. Созылмалы эпидидимит ұзақ уақыт бойы белсенділіксіз қалыпта болады, бірақ кейде қабыну үдерісі өршіп, ен безіне өтеді. Ен безі мен оның косымшасының туберкулезін анықтау анау айтқандай күрделі емес. Ен безі қосымшасы қатайып, сырты бұдырланады, ұрық түтігі қатайып, бұдырлы пішінденеді және ен безі қапшы­ғында жыланкөзді іріңдік пайда болады. Осы белгілер ер адамдардың сыртқы жы­ныс мүшелерінің туберкулезге шалдыққа­нын білдіреді.
Простата безі мен ұрық қауашағының туберкулезі
Бұл кеселдердің жеке кездесуі өте си­рек, олар несеп және басқа да жыныс жүйе­сі ағзаларының туберкулезімен қосарланып кездеседі. Простата безі тубер­кулезінің алғашқы басталғанында белгісі болмайды, ал асқынып,  безде туберкулезді қуыстар пайда болғанда тік ішек аумағы сыздайды, несепке ашып барады және несеппен бірге ірің бөлінеді.
Үрпі туберкулезі простата безі мен қуық туберкулезі асқынуының салдарынан болады. Оның  асқынған түрінде үрпі бір  немесе бірнеше жерінен жіңішкеріп, несептің ағуына кедергі жасайды. Осы кезеңде хирургиялық ем жасалмаса, онда бүйректің жұмысы бұзылады.
Туберкулез мәселелері ұлттық орталы­ғын­да (ТМҰО) науқастарды несеп-жыныс жүйесі туберкулезіне тексеруге толық мүмкіндіктер жасалған. Бұрын өкпе, сүйек-буын туберкулезіне шалдыққан науқас­тарда несеп зерттерінде қабыну өзгерістері тұрақты түрде сақталса, қан қысымы тұрақ­ты түрде көтерілетін болса, фтизиоурологқа қаралғаны дұрыс. Дер кезінде анықталған несеп-жыныс жүйесі туберкулезінің  емі де тиімді болмақ.

Темірәлі ЖҰМАШ, ҚР ДСМ Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының аға ғылыми қызметкері, ассоцирлі профессор

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста