Туберкулез дертінің таралуы

Қазақстан – туберкулез дертінің таралуы жөнінен әлемде алдыңғы орындардың бірін алатын мемлекет. Ресми статистикаға келсек, 2002 жылы республиканың әр 100 мың тұрғынына шаққанда 165,1 аурудан келген екен. Ал батыс өңірінде ахуал тіпті мүшкіл болған, мысалы, Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 222,6-ға жеткен. Батыс Еуропада 100 мың адамға шаққанда 7-9 адам ғана екенін ескерсек, аспан мен жердей алшақтықты байқаймыз. Тіпті Ресей (100 мың адамға 83 ауру) мен Украина (100 мың адамға 79 ауру) да бізден тәуір...

Ауру азайды деуге бола ма?
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас фтизиатр маманы Г.Әуелбаева соңғы 10 жыл ішінде туберкулезбен ауыратындар саны екі еседей азайғанын айтады. «Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) бекіткен шекке (100 мың адамға шаққанда 50 ауру) жетуге әлі қайда?» – дейді Гүлнәр Нағиқызы. «Кохтың әңгіртаяғы» сәл де болса саябырсуына 1998 жылдан бері елімізде қолға алынған ДОТС бағдарламасы әсер етсе, бір жағынан, халықтың әл-ауқаты жақсаруы да оң ықпал жасап отыр.

Өкпе дертіне шалдыққандарға арнайы әлеуметтік көмек те көрсетіліп келеді екен. Былтырғы жылы 810 науқас жалпы көлемі 10 360,7 мың теңгенің материалдық көмегін алған.

2009 жылдың қорытындысында облыс туберкулездың таралуы жөнінен республикада 10-орынға түсіпті. Яғни 100 мың адамға шаққанда 105,5 ауру (қалған аймақтарда бұл көрсеткіш бұдан да жоғары). Ал бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) бекіткен шекпен салыстырғанда екі еседен артық. Демек, тақияны аспанға атуға әлі ерте.

Еркінен тыс емдеу
«Мұндай да болады екен» деп таңданбаңыз. Әсіресе, ішімдікке салынғандар, үй-күйсіз қаңғыбастар және түрмеден шыққандар арасында туберкулездің ашық, жұқпалы түрімен ауырса да, аурухана төсегіне таңылғысы келмейтіндер жетерлік көрінеді. Оларды өз бетімен жіберу – қоғамға қауіп. Сондықтан оларды қоғамнан оңашалап әрі дертіне шипа жасау – бұл да облыс фтизиатрларының басты міндеті.

– Әрине, туберкулез өте ұзақ әрі мұқият емделуге жататын сырқат, – дейді Гүлнәр Нағиқызы. – Сондықтан түзеу колонияларында және алдын ала тергеу изоляторларында да өкпе дертіне шалдыққан жандарға ерекше назар аударылады, тез арада оқшауланады. Бірақ, шыны керек, елімізде туберкулез атты тажалды таратушы ең үлкен ошақ осы түрмелер болып тұр.

– Алдын ала тергеу изоляторларындағы науқастарды емдеумен біз айналысамыз, – дейді Г.Әуелбаева. – Бірақ тергеу аяқталып, сотталушы арнайы колонияға жіберілгесін, ем-домның нәтижесінен бейхабар қаламыз.

Соңғы жылдардың алаңдатарлық жаңалығы – туберкулездің емдеуге қиын түрлері көбейіп келеді. 2008 жылы ол облыста барлық науқастың 24,9 пайызы болса, 2009-да 31%-ға жеткен. Бұлардың да көбі бұрын сотталған, бірнеше мәрте емдеу курсын алғандар.

Абақтыдағы ажал үрейі
2008 жылы 9 шілдеде Астанада «Орта Азиядағы пенитенциарлық мекемелердегі туберкулезді бақылау» атты семинар өткен болатын. Сол жиында жабық мекемелердегі жабық тақырыпқа айналған мәселе жан-жақты қозғалған еді. «Бас бостандығынан айырылғандар арасындағы өлім-жітімнің басты себебі туберкулез болып отыр» делінген болатын.

Кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстанда туберкулезге шалдыққандарға арналған арнайы 8 колония бар екен. Бұл жерде науқас дәрігердің бақылауында болып, емдік курстан толық өтеді. Мамандардың айтуынша, науқас күн сайынғы таблеткалар дозасын уақытымен алып тұруы шарт. Тіпті бостандықта жүрген, стационарлық жағдайдағы науқастың да қолына дәрі берілмейді, ол емханада дәрігердің көз алдында дәрілерді қабылдап, үйіне қайтады.

«Түрме мен туберкулез – егіз» дегенді қазір ерінбеген екінің бірі айтады. Тіпті «түрме бастықтарының ығына жүрмеген тұтқындарды әдейі жұқпалы ауруы бар науқастармен бірге ұстайды» деген қауесет те бар. Мұның бәрі түрмедегі тауқыметтің бояуын қалыңдатып, ажал үрейін асқындырып тұр.
Әрине, қауесеттің шын-өтірігіне біз жауапты емеспіз. Алайда басы ашық бір ақиқат – түрме әлі күнге дейін туберкулезді таратушы ошақтың біріне айналып отыр.

– Түрмедегі науқас уақыты бітіп, бостандыққа шыққанда, колония басшылары оның тұрғылықты жеріне, денсаулық мекемелеріне хат жолдайды. Яғни ол науқас бізге келіп, ем-домын жалғастыруы тиіс. Алайда оларды өзі келмесе, іздеп табу – қиынның қиыны. Осылайша, қауіпті ауру таратушы адам ел ішінде емін-еркін жүре береді. Мысалы, 2009 жылы түрмеден 17 ауру адам босап шыққан. Солардың 12-сін ғана есепке алдық, ал қалған бесеуінің қай жерде жүргені белгісіз. Міне, біздің басымызды ауыртатын мәселенің бірі – осы, – дейді Г.Әуелбаева.

Амнистиядан соң қалай болмақ?
Сенатор Ғани Қасымов былтыр Тәуелсіздік күні құрметіне түрмеде отырғандарға рақымшылық жасауды ұсынған болатын. Жақында бұл ұсыныс тағы қайталанды. Генералдың есебінше, Қазақстанда 45 мың адам темір тордың ар жағында отыр. 16 млн халқы бар ел үшін бұл – аса көп цифр. «Егер рақымшылық жасап, 17 мың адамды бостандыққа шығарсақ, оларды түрмеде ұстауға кететін қанша қаржы үнем болар еді», – дейді сенатор Үкімет басшысына жасаған мәлімдемесінде.

Әрине, рақымшылық – қаржы үнемдегеннен бұрын жүрекке жылу ұялататын ізгі іс. Бірақ осынша адам (олардың бәрі де «ықтимал топқа» жатады) түрмеден шығып, ел ішіне араласқан жағдайда туберкулезді құрықтауға кеткен қанша еңбектің нәтижесі су аяғы құрдымға кетіп қалмас па екен?

Батыс Қазақстан облысында қазіргі таңда 1355 адам туберкулезге шалдыққандар тізімінде тұр. Олардың 47%-ы – өкпе дертінің ашық түрімен ауыратындар.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста