ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ АЛДЫН АЛА АҚПАРАТТАНДЫРУ МАҢЫЗДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ АЛДЫН АЛА АҚПАРАТТАНДЫРУ МАҢЫЗДЫ

Қазіргі қоғам қауіп – қатерге толы. Соңғы ғасырда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар көбейіп кетті. Көбейіп қана қойған жоқ, сонымен қатар олардың түрлері құбылып, жаңарып, жаппай қырып-жою құралдары да пайда болды. Соған сәйкес Қазақстан Республикасында халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, елдің Азаматтық қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы заңдар қабылданып, сол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдар құрылғаны мәлім. Қазіргі таңда Азаматтық қорғауды қамтамасыз ететін, халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғайтын уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті болып табылады. Қазақстан Республикасының «Дүлей нәубеттерді, апаттар мен катастрофалардың алдын алуға және жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру» мемлекеттік бағдарламасының, «Азаматтық қорғау туралы» Заңы елдегі азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай саласындағы барлық мәселелерді реттейді.
Елбасы Жолдауында да төтенше жағдай мәселесі назардан тыс қалған емес. «Қазақстан – 2050» стратегиясының кіріспесінде айтылғандай: «Қазақстан әлемнің басқа да кез келген елі сияқты ішкі және сыртқы сын-қатерлермен бетпе-бет келетін болады, оларды ел дамуының басым бағыттарын дайындау кезінде ескеру қажет». Бұл ретте осы стратегияда айтылған климаттың өзгеру жағдайына баса назар аудару керек. «Атмосферада және жерге жақын қабатта парниктік газдар шоғырлануының артуы жаһандық климаттың жай-күйіне мейілінше ықпал ететін болады, 2050 жылға қарай мұндай шоғырлану әлемдегі орташа жылдық температураның 3-4 оС-қа жоғарлауына алып келеді. Осының салдарынан жердің құрғап кетуі, ауа райының күрт құбылуы және су ресурстарының сарқылуына апарып соғады. Климаттың жаһандық өзгеруі су басу, өрт, көшкін, қар көшкіні, мұздықтардың опырылуы, күшті сел көшкінінің мықтылығы сияқты дүлей апаттар қаупін күшейтеді. Осы жағымсыз факторлардың Қазақстанға ықтимал әсері де зор. Өйткені ұзақ мерзімді перспективада дүлей апаттардың жағымсыз салдары күшеюі мүмкін. Таулы жерлердегі сел көшкінінің күштілігі артуы ықтимал. Елдің шөлейт аудандарындағы орманды және далалы жерлерде өрт жиілеуі мүмкін» деген болжам айтылады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін даярлау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссиясын құру туралы» Жарлығында да қауіпсіздік мәселесі назардан тыс қалмады. Себебі, еліміздің абыройына тікелей қатысты аталған шараны жоғары деңгейде өткізу – Қазақстан халқы үшін бұлтарпас сын.
Технология дамыған сайын, адамзат баласына төнетін қауіп те күшейе бермек. Сондықтан халықты түрлі төтенше жағдайлардан сақтандыру, ол үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елдің санасына төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, зардап шеккендерге алғашқы көмекті көрсету тәсілдерін үйретудің маңызы өте зор. Сондай-ақ, қазіргі қолданысқа енгізілген СМС-хабарламалар мен телеарналарға тікелей қосылу арқылы халыққа ақпарат таратудың ықпалы зор екенін уақыт көрсетіп отыр.
Адамзатқа бағынбайтын табиғи күштер, дүлей апаттар мен нәубеттерден сақтану жолдарын насихаттау, халықтың қауіпсіздік саласындағы білімдерін жетілдіру арқылы адам шығыны мен материалдық шығынды мейілінше азайту, сол мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарының күштерін тиімді пайдалану, дамыған мемлекеттердің халықтың азаматтық қорғанысын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау бойынша озық үлгілерін, соның ішінде халықты ақпараттандырудағы әдіс-тәсілдерін игере отырып, оны отандық бұқаралық ақпарат құралдарының тәжірибесіне енгізуге талпынатын уақыт жеткен сияқты. Төтенше жағдай – тікелей адам өміріне қатысты. Ал, өмір адам баласына бір-ақ рет берілетінін естен шығармау керек. Ең басты құндылық осында болса керек. Адам өзінің және жақын адамдарының өмірін түрлі төтенше жағдайлардан сақтауы үшін жылдам әрі дұрыс шешім қабылдай білуі керек. Кез-келген төтенше жағдайдан хабары болуы шарт. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті де білгені жөн. Сол кезде ғана ол өзіне және айналасындағы адамдарға қол ұшын бере алады.
Қазақстанның ғасырлық тарихына көз жүгіртсек, талай адамның өмірін жалмаған түрлі табиғи және техногендік апаттар болғанын жоққа шығара алмаймыз. Соның салдарынан қаншама адам ажал құшты. Аталған төтенше жағдайлардан келген материалдық шығын қисапсыз. Қазақстанда болған ірі табиғи апаттардың басым көпшілігі жер сілкінісі, су басу, қар көшкіні сынды табиғи құбылыстармен байланысты. Соның су тасқынына байланысты ең ірісі - Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында болған табиғи апат. Аталған нәубеттен 45 адам көз жұмған болатын. Ақ көбік атып, шашыраған толқыны 5 метрге дейін шарпып, ені 1,6 шақырымды қамтып, тау-тасты қопарып, бүкіл ауылды жермен-жексен етіп шайып кеткен дүлей су тасқыны қазақ елі үшін ұмытылмас сабақ болды. Жыл сайын көктем басталғанда осы қауіптен күдіктенеміз. Осы оқиғадан кейін халықты төтенше жағдай туралы ақпараттандыру мен құлақтандырудың қаншалықты маңызды әрі өзекті екеніне көз жеткізгендейміз. Себебі, Қызылағаштағы табиғи апат пен адам шығынына жеке меншік иесі мен бірқатар лауазымды тұлғалар кінәлі. Бұл туралы Елбасы: «Бұл – табиғи апат емес, жауапсыздықтан болған жағдай, сондықтан кінәлі адамдар заң алдында жауап беруге тиіс» - деп қадап айтқан болатын.
Ақпараттандыру – құлақтандыру, ал құлақтандыру - «қаруландыру» деген сөз. Халық кез-келген төтенше жағдай бойынша қажетті ақпаратты алу арқылы білімі толығып, дағдысы беки түседі.
Мысалы, 2004 жылы желтоқсан айында шетелде болған су асты зілзаласының соңы алапат цунамиге ұласқаны белгілі. Соның салдарынан Шығыс Азиядағы атақты курорттардың күл-талқаны шықты. 300 мың адам қаза тауып, 100 мың адам із-түссіз жоғалды және осынша адам түрлі жарақаттар алды. Осы дүлей нәубет туралы су геологы және геофизикасы институтының директоры Борис Левин: «Үнді мұхиты астында үлкен жер сілкінісі болғанын, оның салдары алапат цунамиге апаратыны туралы ақпаратты америкалық зерттеушілер таратты. Америкалық цунами орталығының директоры Чарльз Маккрири дүлей апаттың келе жатқанын бар даусымен айқайласа да Үнді мұхиты жағалауында орналасқан бірде-бір ел аталған ақпаратқа мән бермеді. Өйткені, оларда цунамиден сақтандыратын, төтенше жағдайдың алдын алатын қызмет жоқ еді. Соның салдарынан осынша адам қаза болды. Адамдар төтенше жағдайға мүлде дайын болмай шықты» - деп, ой түйді. Бұл мысалға қарап, халықты ақпараттандырудың қаншалықты маңызды, қаншалықты өзекті екеніне дау айта алмаймыз.
«Апат айтып келмейді» деген қанатты сөздің астарында үлкен мән бар. Сондықтан, қандай төтенше жағдай болмасын, біздің елдің азаматтары өз білімдерін жетілдіруді азаматтық борышы санаса артық болмас. Осыған орай, «Сақтансаң - сақтаймын» деген нақыл сөз еріксіз еске түседі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі жаңа стратегиялық мақсатқа жету үшін – еліміздегі төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау жүйесін де әлемдік стандарттарға сай жасау қажет. Ол үшін, заман талап етіп отырғандай, бүкіл Қазақстан азаматтарын Азаматтық қорғау саласы бойынша оқытып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт – насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізген жөн.

Кенжегүл ТЕРГЕМБАЕВА,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультетінің магистранты

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста