Төңкерістер тізбегіне тап болған Жамахирияның жағдайы қалай болмақ?

Төңкерістер тізбегіне тап болған Жамахирияның жағдайы қалай болмақ?

Көршілес Судан, Тунис, Алжир, Мысырда болған оқиғалар Ливияға да әсер етпей қоймады. Африка елдеріндегі жаппай халықтың толқуы бейне бір тізбектер арқылы жүргізілгендей әсерде қалдырды. Көрінбейтін тізбек жүріп өткен мемлекеттердің алды жаңа саяси жүйе құрудың алғышарттарын жасауға кіріссе, Бахрейн, Йемен сынды мемлекеттерді төңкерістің елесі кезіп жүр. Ал әзірге әлем назарын өзіне Ливия аударып тұр. Жалпы, жоғарыда айтып өткен тізбек жүріп өткен мемлекеттердегі төңкерістің төркіні бірдей. Бірақ 41 жыл биліктің екі тізгін, бір шылбырын уысында ұстаған Муаммар Каддафидің ұлы – Сейф әл-Ислам Каддафидің айтуынша, Ливиядағы бүлікті ұйымдастырған «үш күш» бар сияқты. Олар – саяси белсенділер, «араб элементтері» және мұнай алпауыттары. Бұл – жуырда саяси аласапыранға ұшыраған Ливияға жақын орналасқан мемлекеттерге де тән құбылыс. Ендеше, біз айтып отырған тізбектерді физикадағы қатар орналасқан бірнеше биттік блоктан түзілетін жаңа псевдокездейсоқ тізбектер сияқты кездейсоқ тізбек деп айта алмаймыз.

Ливия – әлемдегі жалғыз Жамахирия
Ливия – өзінің саяси жүйесімен тек қа­на Африка құрлығында емес, бүкіл дүние­жү­зінде ерекшеленетін мемлекет. Бұл елдің толық атауы – Ұлы Социалистік Халықтық Ливия Араб Жамахириясы. Жамахирия – қоғамдық басқару түрі. Ливияның ата заңына айналған Муаммар Каддафидің «Жасыл кітабының» бірінші бөлімінде «Жамахирия – демократияның ең жоғарғы формасы» деп толық түсінік берілген.
Муаммар Каддафи: «Не бел кетсін, не белбеу кетсін»
Иә, Муаммар Каддафи тақтан оңайлық­пен кете қоймайтынын танытты. Яғни Три­по­лидегі толқудың ұзаққа созылар түрі бар. Адам құқығын қорғайтын Халықа­ра­лық Human Rights Watch ұйымының мә­ліметтеріне қарағанда, 1969 жылдан бері билікте отырған Муаммар Каддафи құрған саяси жүйеге наразы бұқара мен мемле­кет­тік арнайы қызметтің жасақтары ара­сын­дағы қақтығыстан 300-ге жуық, кей деректерде 2000-ға таяу адам қаза тапты. Уа­қ­ыт өткен сайын наразылардың қатары сағат санап көбейіп келеді. Оған Муаммар­дың мұрагері Сейф әл-Исламның «билік өзін соңғы оғы қалғанша қорғайды» деген мәлімдемесі де ықпал еткені анық. Яғни азамат соғысы отының тұтану мүмкіндігі жоғары. Әскерилердің халыққа оқ атуы осы кезге дейін Муаммар Каддафидің ең сенімді кадрларының қызметтерінен бас тартып, бұқара жағына шығуына итерме­ле­ді. Ливияның Араб мемлекеттерінің Ли­га­с­ындағы елшісі Әбдел әл-Хони, Қы­тайдағы өкілі Хусейн Садик әл-Мустафи, Үн­діс­тандағы елшісі Али әл-Ассауи отстав­каға кетіп, төңкерісшілердің қатарына қо­сыл­ды. Сонымен қатар Индонезия, Син­гапур және Брунейдегі елшілер де өкілет­ті­ліктерінен бас тартты. Саяси салмағы бар тұлғалардың қатарға қосылуы қалың бұқараны одан әрі қуаттандырып жіберді. Олар алдымен үкімет ғимараттарына от қойып, министрліктердің мекемесін өртеді. Бұдан кейін Каддафидің кетуіне тілеулестер Бенгази қаласындағы әскери базаны басып алды. Әскери техникалар мен қару-жарақ­қа қол жеткізген көтерілісшілер Каддафиді кетірмей тынбайтынын ашық айтуда. Тіпті кейбір мемлекеттер Ливиямен дипломатия­лық қатынастарын үзуге бел байлады. Аласапыран кезінде 23 жыл тақта отырған Тунис басшысы Бен Әли мен «Мысырдың мызғымастығы үшін қызмет етемін» деп, 30 жыл табан аудармай президент болған Хосни Мүбәрәк та биліктен бас тартқан-ды. Алайда кіші Каддафи «Ливия – Мысыр да, Тунис те емес» деп өзеуреді. «Не бел кетсін, не белбеу кетсін» деп шарт-шұрт мінезіне салып Муаммар Каддафи отыр. Ол апта ортасында халыққа үндеу арнап, өз сөзінде: «Мен өміріме қауіп төніп тұрса да, елде қалатын, азаппен өлтірілсем де, қа­сық қаным қалғанша айқасатын револю­ционермін», – деп мәлімдеді. Ал аймақта­ғы дағдарыс одан әрі шиеленісіп барады.
Әлемдік экономикаға ықпал ете ме?
16 ақпаннан бергі жағдай Ливияға қаржы салып отырған еуропалық мұнай және газ компанияларын да ойландыра бас­тады. Африканың теріскейіндегі мемле­кет­тердегі жағдайлар әлем экономикасына ы­қпал етпей қоймайды. Бірақ Батыс инвес­тор­лары Мысыр мен Тунистегі оқиғаларға қа­рағанда, Ливиядағы толқудан қатты қа­уіп­теніп отыр. Себебі Ливиядағы әрекет­тер­ден кейін мұнайдың бағасы 12 пайызға күрт қымбаттап, доллар күшейген.
Ливиядағы жағдайға алаңдамайтын ел кемде-кем
Айта кететіні, мұнай өндіруден әлемде сегізінші орындағы Ливияның тұрақтылы­ғына мүдделілер жоқ емес. Өйткені Ливия қара алтынының 9/10-ы Еуропа елдеріне жө­нелтіледі. Атап айтар болсақ, Жамахирия мұ­найының Италияға – 32, Германияға – 13,4, Францияға – 10, өзге Еуропа елде­рін­е 13 пайызы жіберіледі. Ал Қытайдың үлес салмағы – 10, АҚШ – 6, Малайзия, Үн­діс­тан, Сингапур сияқты үш мемлекетке – 4 жә­не Бразилияға 3 пайыз қара алтын жөнел­ті­леді. Ливияның мұнайына мүдделі болмаса да, Ресейді де естен шығармау қажет. Себебі осыдан бір жыл бұрын Ресей мен Ливия 1,3 млрд евро көлемінде қару сау­дасы бойынша ірі келісім жасаған болатын.
Жамахирияның жағдайына кім қандай баға беріп отыр?
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ливия би­лігін халыққа қарсы әрекеттеріне қатысты ауыр сынға алды. Алпауыт ұйымның ұйға­ры­мынша, Каддафилер кланы халықтың тала­бын орындауы қажет. КСРО-ның тұң­ғыш әрі соңғы Президенті, Нобель сый­лы­ғының иегері Михаил Горбачев та Ливия бас­шылығын кінәлапты. Ол тіпті қызды-қыздымен Путин-Медведев тандемін де ту-талақайын шығарып, Ресейге де дер кезінде демократиялық ұстанымға көшу ке­ректігін айтуды ұмытпапты. Әлемдегі бе­делді саясаткерлер әлі де соңғы көз­қа­растарын білдіруге асықпай отыр. Кәрі құр­лық тұтынып отырған қара алтын мен кө­гілдір отын Каддафилердің қолында тұр­ған шақта Ливияға қатысты пікірді де­мократия мен адам құқығын жоғары қоя­тын құрлық атынан Еуроодақтың екінші дең­гейлі басшыларының аузымен айтылып жатса таңғалуға болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста