Тест тәңірдің сыйынан айырмай ма?

Тест тәңірдің сыйынан айырмай ма?

«Етті қайнатып, содан соң оның бар маңызы қайнап шыққан сорпасын төгіп, тек етін теріп же» десе, қазаққа ол күлкілі естілмей ме? Бірақ біз қазір осылай етіп жүрміз ғой... Әрине, менің бұл жерде ауыспалы мағынада, яғни теңеу түрінде келтіріп отырғаным белгілі. Айтайын дегенім – қазіргі кезде білім беру саласындағы қолданылып келе жатқан тестілеу жүйесі жайлы. Қайнаған ет пен тестінің қатысы қанша дерсіз, бірақ бұл жерде де берген білімнің бар маңызын керек етпей, тек ақпаратын ғана теріп алып отырғанымыз жоқ па? Тіпті кейде оқып, жаттау былай тұрсын, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендердің «бағы жанып» жатқаны да жасырын емес... Ендеше, мұндай жерде қандай білім? Тіпті таным көкжиегі туралы айтудың өзі артық сияқты...

Ұлттық бірыңғай тест жүйесін қабылдағалы, шыны керек, еліміздің барлық мектептерінде 10-11-сыныпта оқушылар тек тестіні жаттауға көшіп алды. Өткен тақырыптың барлығына тест құрау, содан соң оны көбейту кестесi секілді жаттап алу... Баланың бар ойы – сол. Ал жауап жаттау деген құнарлы білім болмасы сөзсіз. Бұл – тестінің тек бір ғана тиімсіз тұсы. Келесі бір ойланар жайт – тестінің санаулы пәндерден ғана тұратындығы. Оқушы тестіде келетін Қазақстан тарихы, ана тілі, математика сынды пәндерге ғана дайындалып, басқа пәндерге бейжай қарай салады. Былайша айтқанда, тест – оқушының алдынан шыққан тығырық. Ал біз сол тығырықтан шығатын жолды тек тестіде деп ұғындырудамыз. Содан соң бала білім алуды емес, жағдайдан амал табуды ғана меңгермегенде не істейді? Бәлкім, олар білім деген сол тест деп те ұғатын болар. Содан соң, тест – үнсіз іске асырылатын жүйе, яғни оған баланың өзіндік ой қорытуы, жазуы керек емес. Бірнеше жылдан бері елімізде оқуға түсу үшін тек осы жүйе қолданылып келеді. Ал мұның соңы оқушылардың бойындағы сөз саптау, сөйлем құрау, ойдан ой өрбіту деген қасиетті жойып жіберуге апарып соғуы мүмкін ғой? Егер шығарма жазу, ауызша жауап беру, көркем әдебиеттерді оқып, одан түйген ойыңды өзіңше қорытып жеткізу деген мектепте де, одан кейін жоғары оқу орнында да қажет болмаса, бұл – әбден-ақ мүмкін жағдай.

Әбдуәлі МАМАДІЛ, психолог:
– Тестінің о бастағы идеясы – оқушының оқыған барлық информациясын қалай қабылдағаны туралы мәлімет жинау. Бізде тест жүйесі дұрыс жұмыс істемейді, ол – оқулықтарымыз бен оқу жүйемізден кеткен ақаулардың нәтижесі. Қазіргі оқушылардың мақсаты тек тестіден аман-есен өту ғана, яғни «оқысам, білсем, үйренсем» деген ой жоқ. Себебі оқы, оқыма, бәрібір бәрін тест шешеді деп ойлайды. Мектеп директорлары да, ұстаздар да бүгінде кешенді, жүйелі білім беруді емес, оқушылардың жоғары балл алуын ғана көксейді. Содан өзара жарысқа түседі десек те болғандай. Бұрындары, мәселен, гуманитарлық салаға барғысы келетін оқушы көркем әдебиет оқып, адамның жан дүниесіне үңілуді үйреніп, өзі шығарма жазуға бейімделетін. Қазір одан гөрі неғұрлым көбірек ақпарат білуге талпынады, нәтижесінде әдебиет, тарих оқу деген ысырылып қала береді. Бұл, әрине, білім сапасына кері әсерін тигізері сөзсіз. Мұның салдарынан қазіргі тест жүйесімен оқып жатқан оқушы, студенттеріміз ертең маман болған кезде шолақ ойлайтын болады, терең қиял, жаңалық ашу деген болмайды, тек бәрі шетінен функционер, яғни «мынаны істеу керек пе, керек» дейтін маман болады. Ойдан, қиялдан гөрі автоматизмге бейімделеді де, орындаушылық қарекетке ғана бара алады.

Жоғары сыныптармен қоймай, бүгінде тіпті бастауыш сынып оқушыларынан да тоқсан сайын тест алатын болған. Бұл деген – өзі енді ғана қара танып, хат жазатын деңгейге жеткен, дүниеге көзқарасы енді ғана қалыптасып келе жатқан жас өскіннің балғын санасын құрсаулау емес пе? Мұндай жаста баланың ұшқыр қиялына ерік беріп, қайта оған көбірек түсінігін айтқызып, ойлау қабілеті мен сөз саптауын қалыптастыру керек қой. Баланы жастай үнсіз іштен тынып, бар білгені тек қана алдындағы төрт жауаптың бірін таңдауға үйретсек, онда біз оған қандай білім беріп, таным көкжиегін қалай кеңейте аламыз? Мысал үшін, оқушыға «Керқұла атты Кендебайды» оқып, түсінігін айтуға тапсырма берсе, ол ондағы әр кейіпкердің қимыл іс-әрекетін, сөздерін, оқиға барысын көз алдына келтіріп, тіпті өзіндік бір нәрсе қосып айта алады, сол арқылы оның ой-өрісі кеңіп, қиялы кеңиді. Ал егер біз оған дәл осы шығармадан тек тестіге дайындал дер болсақ, онда ол тек кейіпкер аттарын, кейбір арасындағы деректерді ғана теріп, жаттайды, ал мазмұнына мән бермейді. Осыдан келіп, ертеңгі күні өңшең оқығаны болса да, тоқығаны жоқ азаматтар пайда болмай ма? Ойлау – адамзатқа Тәңiрдiң берген үлкен сыйы. Олай болса, біз сол сыйды керек етпей отырғанымыз жоқ па, осы?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста