27 желтоқсанда Алматы көгін айнала басқан қара түтін-тұман қала тұрғындарын қорқытып жіберді. Алматылықтар оның видеосымен желіде жаппай бөлісе бастады. Оған пікір қалдырушылардың кейбірі: "Тереңірек дем алыңыз" деп иронияға да жол берген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Эко-белсенді Павел Александров Facebook-тегі парақшасында қала экологиялық апатқа ұшырап жатқанын атап өтті.
"Міне, бүгінгі Алматының кішкене бөлігі. Кішкентай ғана, өйткені қаланың қалған бөлігі түтіннен, тіпті көрінбейді де. Мына масқараны сипаттайтын лайықты сөздер тіліме оралар емес. Жаман сөздерім де бітіп қалды", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тұрғындар әлеуметтік желіде осы жағдайды сипаттайтын видеомен жаппай бөлісіп жатыр.
Оған пікір қалдырушылардың басым бөлігі: "қаланы айнала басқан қара түтін алыстан қарағанда мұхитқа қатты ұқсайды" деп жазады.
Айта кетсек, "Қазгидромет" РМК-ның 26 желтоқсандағы болжамында: "метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жинақталуына ықпал етеді" делінген.