Теңіз күзеткен тарландар

18 тамыз күні еліміздің құрыш қамал қорғаны, тәуелсіздігіміздің тұғыры – шекарамыздың бек амандығын қырағы күзеткен Шекара ведомство­сының құрылғанына 21 жыл толады. Осы таңға дейін айбынды шек­арашыларымыз байтақ жеріміз бен айдын шалқар теңізіміздегі ел шебінің қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етіп келеді.
Тарих беттеріне үңілсек, ел егемендігін алған елең-алаң жылдары Отанымыздың теңіздегі қорғаныс жүйесін қалыптастыру Елбасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жо­ғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамашылдығымен және көре­ген­ділігімен сипатталатындығы анық. Өйт­кені Қарулы Күштердің басқа түрлеріне қарағанда, ол кезде жас мемлекеттің ау­мағында айтарлықтай әс­кери-теңіз бөлім­дері мен бөлімшелері бола қойған жоқ. Егемен елімізге КСРО Әскери-теңіз флоты Каспий флотилиясынан қал­ған кемелердің жағдайы Әскери-теңіз күш­терін құратын­дай дәрежеде емес еді. Корабльдер мен катерлердің барлығы ес­кір­ген, кейбірі істен шыққан болатын, ал те­ңізші маман­дар елі­мізде жоқ­тың қасы болды. Осындай қиын­шылықтарға қарамас­тан, 90-­шы жылдары еліміз мамандарды Америка Құрама Штаттары, Түркия және Ресей сынды алыс және таяудағы шет мемлекет­терде оқытуды ұйымдастыра білді, қа­жет­ті жауынгерлік және күзет ке­мелерін сатып алудың амалдарын қарастырып жүзеге асырды. Сол себепті қазақ жерінде Әскери-теңіз күштерін құру тың жерге түрен салу­мен бірдей болды десек қа­те­лес­­­пейміз. Қарт Каспийдің қойнауындағы иен байлық пен шалқар теңіздегі шекарамызды қорғау жолында ҰҚК Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының теңізші шекарашылары да қажырлы қызмет атқарып келеді. Тарихты парақтасақ, Кас­пий айдынындағы шекара күзетін қамта­масыз ету Түпқараған ауданының Баутино кентінде ҰҚК Шекара қызметіне қарасты теңіз дивизионын құрудан басталып, алғашқы әскери кемелер суға түсірілді. Сол тұста шекарашы теңізшілер өз міндеттерін Каспийдің физикалық-географиялық жағдайлар мен ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асырған. Мысалы, солтүстік учаскедегі таяз жерлерде қайықтар пайда­ланылса, теңіздің терең айлықтарындағы шекараны күзету әскери кемелермен жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда Шекара қызметінің теңіз дивизиондары заманауи құрал-жабдықтармен жоғары деңгейде жабдықталып, техникалық күш-қуат әле­уеті жыл сайын артып отыр. Қазір олардың қарамағына Орал қаласындағы отандық кеме жасау зауытынан шыққан ондаған су жаңа әскери кемелер берілген. Бұл шекара­шылардың теңіз қойнауындағы табиғат байлығына қолсұғушылармен күресті ұт­қыр да ұтымды ұйымдастыра біліп, берік тос­қауыл қоюға мүмкіндік беріп отыр. Мә­селен, өткен 2012 жылы «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасына қарасты теңіз диви­зиондары 4 мыңнан астам құқық бұзушы­лықты анықтаған. Бекіре балы­ғының уылдырығын пайда табудың нағыз көзіне айналдырған жүздеген браконьер темір тордың арғы жағына тоғытылған. Олардан 500-ден аса қайық пен ұзындығы үш шақы­рымға жуық ау тәркіленген. Атап өту керек, шекарашы теңізшілердің осы ортақ ең­бегіне «Жағалау» өңірлік басқар­масының 2201 әскери бөліміне қарасты «Егемен» атты шекара кемесі жеке құра­мының қос­қан үлесі зор-ақ. Қастерлі тә­уелсіз­дігіміздің 20 жылдығына орай жаса­лып, теңіз ендігін қорғауға берілген бұл кемедегі шекара­шылар үстіміздегі жылы шетелдік 12 жүзу құралын, 46 адам­ды теңіз айдында құрық­тап, жеті шақырым­ға жуық ауды тауып, тәркілеген. Кемені өзі ісінің білгірі, тәжіри­белі маман 3-сыныпты старшина Берік Жан­тілеуов басқарады. Ел қауіпсіздігін бекем­деуге үздік атсалысып, қарт Каспий­дің қойнауындағы иен бай­лы­ғымыздың шашау шықпай қорғалуына бойдағы бар күш-жігерін сарп еткен еге­мендік шекара­шылар 2012 жылы өңірлік басқарманың «Үздік шекара ке­месі» мәр­те­белі атағын жеңіп алды. Мақ­танышқа ай­нал­ған теңіздегі шек­ара сақшылары­н алдағы мере­келерімен құт­тықтап, айбын­дарың арта берсін деген ті­лек білдіреміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста