Теміржол бойында жүрсең, телефоныңа абай бол

Теміржол бекеттері мен пойыздарда ұрлық-қарлық, оның ішінде ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр. ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті мамандары тіркейтін күнделікті криминалдық мәліметтердің әрбір екіншісі телефон ұрлығына қатысты.
Департамент мамандарының мәлі­метіне қарағанда, ұялы телефон ұрлығы жаз бойы тыйылмай келді. Қазанның алғашқы аптасының өзінде желілік полицияға бұл жөнінде шағым­да­нушылардың қатары тағы көбейіп кетті. Соңғы деректерге тоқталсақ, бірнеше күн бұрын Алматы-1 стансысында 1986 жылғы азаматтың «Нокиа» маркалы екі ұялы телефоны бірдей ұрланған. Полицияға арызданушының айтуынша, кешкі мезгілде белгісіз біреулер оның телефондар салынған барсеткасын жымқырып кетіпті. Ішкі істердің желілік бөлімінің кри­миналдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында Алматыда тұратын 1978 жылғы жігітті қолға түсірді. Одан ұрланған телефондар табылды. Осындай деректер Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыс­тарындағы теміржол бекеттерінде көп тір­кел­ген. Мамандардың мәліметінше, вок­залдарда жолаушылардың қалта теле­фонын ұрлаумен айналысатындардың арасында ер адамдар да, әйел адамдар да кездеседі. Негізінен, олар – еш жерде жұмыс істемейтін азаматтар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста