Т.Дүйсенова: Нағыз басшы ер азамат немесе әйел адам деп бөлінбейді

Басшы әйел қандай болуы тиіс? Ол үйде де, түзде де міндетін мінсіз атқару үшін күш-қуатты қайдан алады? Отбасы мен қызметін қатар алып жүру үшін әйел министрге қандай қасиеттер тән? 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамына орай BNews.kz тілшісіне арнайы берген сұхбатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауап берді.

- Тамара Қасымқызы, Сіз министр ретінде күн сайын мемлекет ауқымындағы күрделі мәселелердің шешімін тауып, өз мойныңызға үлкен жауапкершілік алып жатасыз. Оған күш-қуат пен жігерді қайдан аласыз?

- Ол менің жұмысымның спецификасына байланысты шығар. Күнделікті азаматтарды әлеуметтік қорғау, не болмаса мүгедек жандарға қажетті көмекті көрсету, болмаса кейбір азаматтардың құқығын қорғау – біздің күнделікті жұмысымыздың негізгі бағыты. Ал, енді сол азаматтардың мәселелері шешіліп, уақытылы көмек көрсетіліп жатса – билік басындағы әрбір азаматқа, министрге күш-жігер беретін де осы шығар, яғни атқарған жұмысыңның оң нәтиже табуы.

- Саясат сахнасында жүріп, басшылық қызметтерде еңбектеніп жатқаныңызға бірталай уақыт болды. Сіздің ойыңызша, ұжымды тиімді басқарып, соңынан ерте алу үшін жетекші тұлғаның, әсіресе басшылық қызметтегі әйел адамның бойында қандай қаситтер болуы тиіс?

- Жалпы, бұл сұрақ маған жиі қойылады. Әйелдер, ер азаматтар қандай қаситтердің болғаны жөн деп жатады. Негізінен, білікті басшы ер азамат немесе әйел адам деп бөлінбей, өз ісінің һас шебері болуы тиіс. Содан кейін, басшы болған соң, ол адам, әрине, менеджер бола білуі керек.Әдетте, әйел затының жаны бөлек: ол өте сезімтал, мейірбан болып келеді. Бұл – әйелге табиғаттың берген сыйы. Әйел бойындағы мұндай қаситеттер ол басшылық еткенде де сақталып қалады. Сол себепті, менің ойымша, мейірімділік, сезімталдық, қамқорлық сынды қасиеттер әйел басшының профессионалдығы мен менеджерлік қабілеттерімен қатар жүруі керек.

- Тамара Қасымқызы, Сізге қарап, әйел адам тек ошақ қасында жүріп, отбасының берекесін келтіріп қана қоймай, сондай-ақ мемлекеттің өміріне де белсенді араласып, ел игілігі үшін қызмет ете алатынына көз жеткізуге болады. Жақында ҚР парламенті Мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыпов төменгі палатаның жалпы отырыстарының бірінде Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалап, кейбір ер министрлердің қолынан келмей жатқан істерді атқарып жатқаныңызды көпке үлгі етті. Жұмысыңызға берілген мұндай бағаны қалай қабыл алдыңыз?

- Жалпы қай азамат, қай адамға болсын, оның еңбегінің жоғары бағалануы өте үлкен бақыт деп білемін. Сондықтан, Мәжіліс спикерінің тарапынан берілген бағаны мен бір жағынан бізге деген үлкен сенім деп білемін. Бұл – жалғыз маған ғана емес, менің ұжымыма да берілген баға. Сол себепті, мен мұны бізге артылып отырған үлкен сенім деп бағаладым. Екіншіден, біз үшін бұл – үлкен жауапкершілік.

- Жұмысбасты азаматтардың жеке өміріне, демалуға немесе саяхат жасауға уақыты қала ма деген сауал жиі туындап жаттады. Ал Сіз жұмыстан бөлек уақытыңызды қалай және кіммен өткізгенді қалайсыз?

- Мен ел қатарлы жұмысқа таңғы сағат 6-да келіп, кешкі 7-де кетем деп айта алмаймын. Себебі мен жұмысқа ерте келіп, үйге кеш қайтамын. Десек те, уақыт тауып, өзімнің отбасыммен бірге болуға әрекет жасаймын. Отбасыммен бос уақытымды өткізу мен үшін өте үлкен, көптен күтетін демалыс деп білемін.

- Тамара Қасымқызы, 8 наурыз мейрамына орай Қазақстанның әйелдер қауымына деген өз лебізіңізді білдіріп өтсеңіз?

- Көктем – бүтін тыныс-тіршіліктің басы, сол сияқты, меніңше, әйел, ана да – тыныс-тіршіліктің қайнар бұлағы. Сондықтан да, барлық аналарымызға, қыздарға, құрбыларымызға, сіңлілерімізге көктемнің жан шуағын тілеймін. Әрбір әйел азаматқа әйел бақытын тілеймін. Сізге де тілерім – сол. Жұмысыңызға үлкен табыс!

- Рахмет! Өзіңізді де көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сұхбатыңызға рахмет!



Сұхбаттасқан Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

 BNews.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста