Табиғат байлығы қолдауға зәру

Табиғат байлығы қолдауға зәру

Жер қойнауын, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны ластамай, айналаға залал келтірмей өз игілігімізге жарату бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып қалуда. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының кезекті Алқа мәжілісі нақ осы тақырыпты сөз ете отырып, бірқатар сын-ескертпелерге орын берді. Ал оның маңыздылығына тереңнен үңіліп, жөн-жосығын жан-жақты зерделеп алмаса, облыс аумағындағы тұщы су қорына, өсімдік дүниесіне, топырақ қабатының құнарсыздануына айтарлықтай зиян келетін көрінеді.


Облыс прокуратурасының Алқа мәжілісі облыс әкімшілігінде облыс әкімі мен аудан әкімдерінің, облыстық Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің, тиісті мекеме басшылары мен қала, аудан және арнайы бағыттағы прокурорлардың қатысуында өтті. Алқа мәжілісін Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Иманов ашып, сөз сөйледі.


Облыс прокуроры өз сөзінде облыс аумағында 203 жер қойнауын пайдаланушылар тіркелгенін, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды игеруге 173, қатты пайдалы қазбаларды игеруге 28 және көмірсутек шикізатын барлауға 2 келісім-шарт жасалғанын айтты. Алайда, прокуратура органдарымен жүргізілген тексерулер кезінде пайдалы қазбаларды өндірушілер табиғатқа, қоршаған ортаға зардабын тигізу арқылы 1 млрд. теңгеге жуық экономикалық залал келтірген. Себебі, құм, тас өндіруші кәсіпкерлер өзен арналарын ретсіз, бақылаусыз қазып, су нысандарының гидрологиялық және биологиялық жүйесіне кері әсерін тигізіп отырған.


Бұдан кейін Алқа мәжілісіне шақырылғандар Табиғат қорғау прокуратурасы дайындаған бейнекөріністі тамашалады. Онда Сайрам, Бадам, Келес өзендері бойынан құм, тас дайындайтын карьерлердің Жер-Ананы аяусыз тілімдеп, шұрқ тесік қылып, қара шымды үйіндіге айналдырып, шаңға көміп жатқаны айқын көрінеді. Арнасын таппай, ағыны азайған өзен сулары жылымшылап, ойдым-ойдым жерлерде ошарылып қалыпты. Ішің ашитын, жаның ауыратын аянышты халде жатыр.


Бейнекөрініс аяқталғаннан кейін мәжіліске төрағалық етуші облыс прокуроры: 109 келісім-шарт бойынша жер телімдерін қайтару және оларды қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың қолданылмағанын, 19 келісім-шарт бойынша жер пайдалану құқығы облыстық әкімдікпен емес аудандық әкімшілікпен берілгенін, 171 келісім-шарт бойынша 200 млн. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығының шығыстары өтелмегенін, 18 келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар су қорғау аймағы жерлерінен шығарылмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, прокурорлық тексеру қорытындысымен жер қойнауын өз бетінше пайдалану туралы 30 дерек анықталып, қазіргі кезде оларды тергеп-тексеру жұмыстары басталыпты.


Оңтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Данияр Мағауин Алқа мәжілісінің негізгі баяндамасын жасады. Баяндамада жер қойнауын пайдаланушы мекемелер мен уәкілетті органдардың, кәсіпкерлердің қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа жол беріп отырғанына қарамастан, оларды жауапқа тартуда ішкі істер органдары қызметкерлерінің қауқарсыздық танытып отырғаны аталып өтті.


Баяндамада айтылған сын тезіне түсінік беру үшін мінбеге облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Сырым Абдуллаев шақырылды.


-Жер қойнауын пайдалануды тексеруден басқа біздің өзге де жұмыстарымыз шаш-етектен,- деп ақтала бастаған департамент басшысының орынбасарын облыс прокуроры И.Иманов сұрақтың астына алды.


-Сіздерді «жұмыс ітемейді, екі қолын алдына салып отыр» деп ешкім де кінә артып отырған жоқ. Бірақ мынаған жауап беріңізші: облыста 1000-нан аса бөлімшелік полиция қызметкері жұмыс атқарады екен. Алайда, жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі бойынша анықталған 60 қылмыстың 46-сы осы сіздердің бөлімшелік полиция қызметкерлерімен анықталады да, қалған 14-і қарамағында 4 прокуроры бар Табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлерімен анықталады. Сонда бір қылмыстың соңында сіздердің 22 адамыңыз жүр. Осы да жұмыс па? Ал Жер-Ана жыларман күйде хал кешуде. Өзендердің бойы шұрқ тесік, қазан шұңқырлар. Осының салдарынан ауыз су қорына орасан зор көлемде зиян келіп жатыр. Тұмса табиғатқа тиіп жатқан залалды полицейлер неге назарынан тыс қалдырады,- деген облыс прокурорының сауалына департамент бастығының орынбасары тарапынан мандыған жауап болмады.


Ал облыстың Экология департаментін басқаратын Берік Мейірбеков есеп беру үшін мінбеге шақырылғанда оның орнына осы мекеменің бөлім бастығы орнынан көтерілген. Ол: Департамент басшысы Берік Қуанұлының еңбекке жарамсыздығына байланысты жиналысқа келе алмай отырғанын хабарлады.


Алайда, Б.Мейірбеков мырзаның еңбекке жарамсыздығы бір бүгінгімен ғана шектеліп қалмайды екен. Облыс прокурорына келіп түскен мәліметтерге қарағанда Берік Қуанұлы үстіміздегі жылдың 99 күнінде 7 мәрте еңбекке жарамсыз болып, жұмысына келе алмапты. Бір қайран қаларлығы Берік Қуанұлының еңбекке жарамсыздығы дәл осындай өз мекемесіне қатысты есеп беру жиналыстарына дөп келетін көрінеді.


Осы арада облыс прокуроры Экология департаментінің кадрлық мәселелеріне де сын-ескертпелерін білдірді. Себебі, Б.Мейірбеков мекеме басшысы болып тағайындалған уақыттан бері департаменттің 4 жылдан 24 жылға дейінгі еңбек өтілі бар мамандары қызметінен босатылып, олардың орнына Созақ ауданының 11 адамы отырыпты. Ал облыстың Созақ ауданында Б.Мейірбеков мырзаның әкімдік қызметте болғанын біз жақсы білетін едік.


Облыс прокуратурасының Алқа мәжілісі барысында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов сөз сөйлеп, бүгінгі таңда, облыс аумағындағы барлық қала, аудан әкімдіктерінде заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау және жою бойынша арнайы жұмыс топтары құрылғанын айтты.


-Аталған жұмыс топтарымен прокуратура және өзге де құқық қорғау органдары байланыс жасап, жұмыстар жүргізілуде. Өкінішке орай, аталған саладағы прокуратура органдарымен анықталған кемшіліктердің негізгі себебі – мемлекеттік органдардың арасында тығыз байланыстың жоқтығын дәлелдейді. «Жұмыс жасайтын қызметкер – әдісін табады, жұмыс жасағысы келмеген – түрлі себеп айтады,- деді облыс басшысы.


Кеңейтілген Алқа мәжілісін қорытындылаған Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Иманов мемлекеттік құзырлы органдардың назарын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты мемлекеттік бақылауды күшейтуге аударды.
-Сонда ғана біз Елбасының 2013 жылы өңірімізге жасаған іссапары кезінде айтқан «Табиғи қорларды тиімді пайдалану арқылы экономиканы қарқынды дамыту» туралы тапсырмасын, 24.02.2015 жылы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде сөз болған «Жер қойнауын тиімді пайдалану» мәселесін назарда ұстап отырғанымызды, оның ешқашан күн тәртібінен түспейтінін шын мәнінде, іс жүзінде дәлелдей алатын боламыз. Ал бұған жүрдім-бардым қарайтындарды жауапкершілікке шақыруға заң талабының күші жетеді,- деді облыс прокуроры.

Сейітхан Зеберханұлы,
журналист,
Оңтүстік Қазақстан облысы.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста