Қазақстан өңірлерінің бірінде мердігерлерді жалдап, үйінің қорғанын салдырған үй иесі жұмысшылардың еңбекақысын бермей қойған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
Бейнежазба авторының айтуынша, үйдің иесі жұмысшылардың қызметін пайдаланып, адал еңбегінің ақысын бермей сандалтып қойған. Есесіне жұмысшылар өздері салған үйдің қорғанын өз қолдарымен қаумалаған жұрттың көзінше қайта бұзып жатыр. Жұмысшылардың бұл әрекетіне қарсы келе алмаған қожайынның қолынан ештеңе келмей, шарасыз шылымын шегіп тұрғанын көруге болады.
Бұл жағдайды желіден көрген ел қатты ызаланып, ашуына ерік берді әлеуметтік желіде.
«Адам ақысын жеген оңбайды», Дүркіреген үй, қос-қос авто, неге ақысын бермейді? Олар баласына тамаққа жұмыс жасап жүрген адамдар ғой», «Шықбермес Шығайбай», «Ұятсыздар, Алладан қорықпайды екен. Қарны қабақтай боп жегені бір жерінен шығады деп қорықпай ма», «Дұрыс, еңбекақыны төлемесе, сол керек», «Ей, жұмыс бергіш адамдар, еңбек істеткен соң маңдай тері кеппестен еңбекақысын беріңдер», — дейді ызаға булыққан ел.
Видеоны осы сілтеме арқылы көруге болады: youtube.com