Шымкенттік жезөкше өздерін кім "крышевать" ететінін айтып берді (видео +18)
Шымкенттік жігіт полицейлерден қаланы жезөкшелерден тазартуын өтінді. Тіпті дәлел болуы үшін теміржол вокзалы аумағында жеңіл жүрісті қыздардың бірімен тілдесіп тұрған сәтті видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерге салған деп жазады korrespondent.kz.
Онда 1995 жылғы қыз жігіттің көлігіне отырып, өз кәсібі туралы қымсынбай айтып берген. Тәнін саудалайтындардың өз "ставкалары" бар. Сағаты 3000 теңгеден басталады екен. Таңға дейін бірге болу үшін 10 мың теңге сұрайды.
Бір қызығы, түнгі көбелектерге де, олардың клиенттеріне де құзырлы мекемедегілер кедергі келтірмейді. Жеңіл жүрісті әйелдің айтуынша, жергілікті органдағылардың лауазымды қызметкеріне (басшысына) әрбір жезөкше ай сайын 5000 теңгеден жинап беріп отырады. Осылайша шенділер түнгі көбелектерді өз қамқорлығына алыпты.
Әйелдің сөзіне сенсек, теміржол вокзалы аумағында жүз шақты бойжеткен клиентке қызмет көрсететін көрінеді.