Шымкенттік экс-судья желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бұрынғы төрағасы көзі тірісінде өзіне және әйеліне кесене салдырды деген хабар тараған болатын. Видеоны әлеуметтік желіде белсенді Арман Шораев өзінің Facebook парақшасында жария етіп, "Мемлекетіміздің сот жүйесі туралы білу қажет нәрсенің бәрі осы..." деген жазба қалдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі тілшісі Aibat жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Желіде қызу талқыға түскен видеоға қатысты Бекет Тұрғараевтың айтуынша, видеодағы кесене экс-судьяның бастамасымен бой көтерген "Бабалар рухына тағзым" деп аталатын кешен құрамындағы, Пір Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына орай салынған "Бекет Ата киелілер кесенесі" екен.

 

Сондай-ақ кесене өзінің және халықтың ақшасына салыныпты. Экс-судья кесенеге қойылған жары Ұлды Хамитқызына арнап қойған мүсін туралы да түсіндірді.

 

"Ол жерде тек менің жарым ғана емес, әке-шешеме де арнап орнатылған мүсін бар. Әкем соғыс ардагері болды. Ата-анам мені дүниеге әкелген, оларды ардақтау менің парызым. Әйеліме мүсін қойғаным рас. Оны жасырмаймын. Мен өлген соң балаларым қоя ала ма, жоқ па білмеймін. Сондықтан, өзімнің жарыма құрметім ретінде қойдым", - деді.

 

Бекет Тұрғараев осыдан 12 жыл бұрын зейнетке шыққан. Қазір бар уақытын руханиятты жаңғыртуға арнап жүр.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста