Шымкент қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Осы жағдайға қатысты бұған дейін әлеуметтік желіде оның қол астындағы қызметкерлерінен ақша талап етіп, біршама қымбат тұрмыстық заттарын сатып алуды тапсырған жазбалары жария болған еді.
Одан кейін қол астындағы мамандарының бірі видео үндеу жазып, полиция полковнигінің әлі де қызметінен босатылмағанын айтқан.
Осыған орай Полиция департаментінің баспасөз қызметі оны лауазымнан босату жөнінде Ішкі істер министрлігіне ұсыныс жолданғанын жазбаша жеткізді.