Супермаркеттер қалай алдайды?

Бүгінде көптеген адамдар азық-түлік, тұрмыстық заттарды қаладағы үлкен супермаркеттерден алады. Мұның тиімді жағы барлық  қажетті заттарыңызды бір жерденғана ала аласыз дегенғана. Көптеген жұрт осындай ірі сауда желілерінде арзан әрі жеңілдіктер болғаны үшін асыға барады. Шын мәнінде оның арзандығымен жеңілдігінің пайдасы сіздің қаржыңызды үнемдеуге септігін тигізе алатыны шамалы-ақ. Бір жылы қаладағы  «Green», «Алма» тәрізді үлкен сауда желілерінде кассирлік қызметін істегенім бар. Сонда күніне ең азы менің кассам, тек менің кассама жарты миллион теңге кіріс кіретін. Сонда адамдар не үшін осындай ірі сауда желілеріне келеді?  Ендігі әңгіменің төркіні осы сауда желілердің сізді қалай алдайтынын айтсам, иә алдайтынын.  Өзімнің көрген тәжірбиеммен қатар төменде  Британ елінің танымал журналы супермаркетегі бағаларға қатысты бірнеше зерттеулер жүргізгендігінен де бөліссем

1.Сіздің миыңызды жағымды әуенмен басқаруы.

Сіз қаладағы Магнум болмаса Грин тәрізді ірі гипермаркеттерге бара қалсаңыз музыкалар ойнап тұрады. Ол осы сізді супермаркетті ұзақ аралауыңызға және өзіңізге қажетсіз заттарды сатып алуыңызға әсер етеді екен.  Мүмкіндігіңізше үйден шықпас бұрын қажетті заттарыңызды қағазға тізімдеп алыңыз.

2. Көкеніс, жеміс-жидекке сепкен су.

Абайлап қарасаңыз  сауда желісіндегі жеміс-жидектерге үнемі су сеуіп тұрады. Бұл жаңадан піскен жеміс тәрізді көз жауыңызды алады.  Ал сіз өлшетіп, сатып ала қалған жағдайда судың себілуі өзіндік салмағын тартқанын байқамайсыз. Көп су сепкен жеміс-жидек тоңазытқышта тез бұзылады.   

3. Жеңілдік: “1+1” /біреуін алсаңыз біреуі тегін/

Мұндай жеңілдікке бәріміз жүгіретініміз анық.  Бұл жеңілдіктегі зат сізге қажет болмасада сіз соны «біреуі тегін екенғой» деп ала саласыз.  Ал бұл жеңілдік қалтаңызды сәлде болсада жұқартады.

4. Тегін дәм таттыру

Кей жағдайда сізге әртүрлі тағамдардан тегін  дәм таттырып жатады. Сіз дәмін татуын татсаңызда дәмді екен дейсіз. Сол жағдайда жарнамалаушы сізді сатып алуға насихаттайды. Себебі сіз дәмін тататып, мақтадыңыз. Ал сізде сондай жағдайда сатып ала салуыңыз ықтимал.

5. Қол арба көлемін таңдаңыз.

Грин тәрізді сауда желілердің қоларбасы тым үлкен. Бұл жерде Британдық маркетингтердің  жүргізген зерттеулері  нәтижесінде үлкен қол арбасы бар дүкендердің кірісі 19%-ға жоғары екен. Байқамай арбаға сала бермеңіз.

6.Қағаздағы ораулы нандар  

Қағазда қатталып тұрған нан, батондар  дәмді көрініп тұрады. Алуын алып, ертесін қарасаңыз бұзылып кетеді. Сондықтан ұннан жасалынған нандарды бітеу ыдыста тоңазытқышта сақтаңыз.

7. Тараздап емес әр данасын жеке сату...      

Кейбір жемістердің әр данасын қойылған бағаман сатады. Оның бағасы таразыдағыдан қамбат болып келеді. Болмаса бәрін санап бір жұқа саладыда арзан етіп көрсетеді. Кейін алып қарасаңыз араларына бұзылып кеткен жемістерді қосып жібереді.

8. Ең керексіз заттарды касса алдында аласыз.

Кассаға келгенде кей жағдайда  кезекте көптеп тұрып қаласыз. Ал сіз кезегіңіз келгенше айналаңызға қарап қызықтайсыз, кейін ұнаған затыңыздыда алп аласыз. Әдетте мұндайда сағыз, сникерс, алпен голд деген бір бәлелер кетеді...

9. Қымбат баға көз алдыңызда.       

барлық сауда желілерде бар әдіс. Сіз іздеген зат сол қымбат бағалы заттың астында мен мұндалап арзан бағамен көрініп тұруы мүмкін. Ал ол сізге ана бағадан қарағанда е шүкір деуіңіз мүмкін. Шын мәнінде алған затыңызды өз бағасынан артық жазады.

10.Чекті мұқият қараңыз.

Сауда жасап болып чекке қарасаңыз супермаркетте жүрілген жеңілдіктердің бағасы көрсетілген бағадан артық шығады. Мысалы: жеңілдіктегі бір заттың бағасы 185 тенге болды.  Ал сіз одан бесеуін алсаңыз оның кемінде үшеуін касса автоматты түрде  артық  5-10 тг аралығында  есептеуі мүмкін. Кей жағдайда жеңілдікте көрсетілген баға кассада бұрыңғы бағасымен өтеді. Сауда жасап алғасын сіз әй қойшы дейсізде кете бересіз.

11.Баға журналы.

Қазір көптеген сауда желілерде өздерінің жарнама журналдары болады. Апталап, он күн сайын бір жаңартып жарнама жасап тұрады. Мұнда керемет жеңілдіктермен бағалардың төмендеуі, тамақтың небір түрлерін су тегін етіп жарнамалап, суреттеп қояды. Ал сіздің қызығушылығыңыз сол жерде кетеді де, қажетсіз болсада супермаркетке жол тартасыз.

12.Дисконт карт

Тағысын  сол сауда желілері өзіндік тұрақты тұтынушыларына  дисконт карталарын мәжүбірлі түрде ұсынады.  ‘Сіз осы жеңілдік картты сатып алсаңыз, пәленше баға сауда жасағаннан кейін сізге түгенше бағада жеңілдіктер болып тұрады’ деп қиылады. Рас-ау жеңілдік боладығой деп сіз сатып ала саласыз. Ол жеңілдік картаның тиімділігі тиында.

13. 99

Кейбір заттардың бағасы не ары емес не бері емес екі ортада қылғынып тұрады. Мәселен мына  зат 90 немесе 95 тг болуы мүмкін. Бірақ мұнда 99 тг. Е жеңілдік екенғой дейсізде ала саласыз.
Мен сіздің қаржыңызда шаруам жоқ.  Ақша бәріне қажетті дүниеғой. Үнемшілдікті бәрі ұнатады. Тамшыдан-тонна дегендей ақшада тиындардан құралады. Өз қаржыңызды қажетіңізше есеппен тиімді жұмсағаныңыз абзал. Менікі көзбен көрген кеңесғой. Пақырыңызды сөкпессіз. Бай болыңыз.

jaisan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста