Сүйінбай мен Жамбылды тілдеген профессор әдебиетшілердің жағасын ұстатты

Сөз атасы Сүйінбай мен жыр алыбы Жамбыл сынға ұшырады. Алатаудың айбынды қос ақынын білдей Еуразия ұлттық университетінің профессоры тілдеп отыр деп хабарлайды KTK арнасы.
Дінтанушы Досай Кенжатай өзінің фейсбук парақшасында Сүйінбай мен Жамбылдың жырларынан тұрмыстық қағытпалардан басқа, тұщымды шумақ көрмедім деп жазған. Тіпті 200 жылдық мерейтойы тойланып жатқан Сүйінбай Аронұлының шығармаларында елдік, еркіндік, адамгершілік туралы ой жоқ дейді. Тек ғалымның бұл уәжіне әдебиетшілер үзілді-кесілді қарсы.

Сүйінбай Аронұлына сын айтып, Жамбыл Жабаевтың жырларын жеңіл шумаққа теңеген Досай Кенжетай өз ойын әлеуметтік желі арқылы жариялапты. Онда Еуразия ұлттық университетінің профессоры қос ақынның өлеңдерінен философиялық ой оқи алмағанын ашық айтады.

“Адамды адам қылатын, ішкі тереңдікке қатысты ойлар Сүйінбайда жоқ. Тәуелсіздік жылдары ұлттық, болмыстық ерекшелігімізге оралып жатқан кезде кейбір жершілдік, рушылдық мәселелерді тоқтату керек. Қазақта тұнып тұрған философиялық ойлардың шежіресі, кені болып табылатын тұлғалар жетеді бізде”, – дейді Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Досай Кенжетай.

Ұлттан шығатын, мемелекеттің сыртында, халықаралық деңгейде оларды жариялап, ортақ нәрсе екен деуге ұят
Сүйінбайдың шығармаларына шүйліккен ғалым оның 200 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде тойлауға қарсы екен. Себебі Сүйінбай Аронұлы «жыр алыбы» деген өлшемге лайықты емес дейді.

“Қазақтың, қырғыздың немесе бір аймақтың мәселелері ретінде тойлана берсе қарсылығым жоқ. Бірақ ұлттан шығатын, мемлекеттің сыртында, халықаралық деңгейде оларды жариялап, ортақ нәрсе екен деуге ұят”, – дейді Досай Кенжетай.

Дінтанушы ұстанымы әдебиетшілердің де жағасын ұстатып отыр. Себебі сөз атасы Сүйінбай мен жыр алыбы Жамбылдың жыр-толғаулары нағыз бірлікті, батырлықты насихаттауға бағытталған. Сондықтан ғалымның бұлай айтуы барып тұрған білімсіздік дейді – олар.

“Досай Кенжетай деген азамат әдебиеттен мақұрымдық сипаты бар екені мынадан байқалады. Ол қандай философия іздеп жүр. Қандай рационалды дән іздеп жүр. Мен соны түсінбедім. Ол әдебиетші немесе өз ұлтына жаны ашитын адам болса олай айтуға қақысы жоқ еді”, – дейді «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы.

Өзіміздің зиялы азаматтар Сүйінбайдың қадірін білмей, тіпті мұсылман адамдар өмірден өтіп кеткендер туралы күдікпен айту ақылдың көрінісі емес
“Сүйінбайдың туысқандары естісе жауапқа тартуға болады деп ойлаймын. Өзге ұлт өкілдері айтса мен түсінемін. Бірақ өзіміздің зиялы азаматтар Сүйінбайдың қадірін білмей, тіпті мұсылман адамдар өмірден өтіп кеткендер туралы күдікпен айту ақылдың көрінісі емес болып табылады”, – дейді Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Ісмақова.

Сүйінбайдың 200 жылдық торқалы тойында дәл осындай жағымсыз пікірлер айтылады деп ешкім күтпесе керек. Сондықтан Сүйінбай мен Жамбылдың ұрпақтары бұл мәселеге әзірге ешқандай үн қатқан жоқ.

Ең қызығы от ауызды орақ тілді қос ақынға қасаң қабақ танытқан Досай Кенжетайдың бұл пікірі әлеуметтік желілерде көп талқыланған жоқ. Себебі ол жазбасын жылдам өшіріп тастаған екен. Шамасы арты шуға ұласатынын сезсе керек. Соған қарамастан дінтанушының Сүйінбай мен Жамбылға қатысты көзқарасы өзгерген жоқ. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста